
- •Мазмұны:
- •Жалпы зоогигиена
- •1 Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы
- •2 Ауа гигиенасы
- •3 Топыраққа қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан қорғау
- •4 Су және малды суару гигиенасы
- •5 Мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және малды азықтандыру гигиенасы
- •6 Мал қораларына және мал шаруашылық кәсіпорындарына қойылатын санитариялық-гигиеналық негізгі талаптар
- •7 Мал шаруашылығы кәсіпорындарында жүргізілетін жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар
- •8 Малды күтіп-бағу гигиенасы және малды тасымалдауға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •Жеке жануарлар гигиенасы
- •9 Ірі қара мал гигиенасы
- •10 Шошқа гигиенасы
- •11 Қойлар гигиенасы
- •12 Жылқылар және түйелер гигиенасы
- •13 Ауылшаруашылық құстар гигиенасы
- •14 Қояндар және терісі бағалы аңдар гигиенасы
- •15 Тауарлы балықтар және бал араларының гигиенасы
- •Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары – 15 сағат
- •1. Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •2. Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •3. Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •5. Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы (Sillabus)
- •Vg 3210- «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша
- •2013 -2014 Оқу жылындағы студентке арналған
- •Сабақ пен жұмыстың түріне байланысты балдың бөлінуі
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы студенттеріне.
- •2013 - 2014 Оқу жылына «Ветеринариялық гигиена» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1 Дәрiстер - 15 сағ.
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған
- •Дәріс тақырыбы: Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •Дәрістің тақырыбы: Ауа гигиенасы. Ауаның химиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •4 Дәріс Ауа гигиенасы. Ауаның биологиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •Тақырыбы: Топыраққа қойылатын санитариялық – гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан бағалау
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығында жүргізілетін дезинсекциялық, дезинвазиялық, дезодарациялық шаралар
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығы нысандарда жүргізілетін дератизациялық шаралар
- •Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын ұстау жүйелері мен күтіп-бағу гигиенасы.
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малдарынан өндірілетін ет және сүт гигиенасы
- •Ұсынылатын әдебиет:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •6. Мал қорадағы ауаға со2 мөлшеріне байланысты санитариялық баға беру
- •Газды анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •Топырақтың физикалық құрамын анықтау
- •Топырақтың химиялық құрамын анықтау
- •Топырақтың санитариялық күйінің көрсеткіштері ( сынама 0-20 см тереңдіктен алынған)
- •Өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар:
- •8. Судың санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау
- •2874-82 Мемлекеттік өлшем үлгісі бойынша шектеу мөлшері
- •2. Хлорланған судағы хлор қалдықтарын анықтау
- •Мал азығын санитариялық-гигиеналық бағалау
- •Сүрлемнің жалпы қышқылдылығын анықтау
- •Қант қызылшасындағы нитритті анықтау
- •Сүрлемдегі хлоридттерді және сульфаттарды анықтау
- •Картоптағы салонинді анықтау
- •Сабақтың мазмұны:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне тәжірбиелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Тәжрибелік сабақ
- •Ауаның қысымын анықтау әдістері
- •2 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қорадағы табиғи және жасанды жарықтылықты анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •3 Тәжрибелік сабақ
- •4 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Ауа алмасуын көмірқышқыл газы бойынша анықтау
- •3.1. Көмірқышқыл газ мөлшері бойынша қора-жайдағы ауаның алмасу деңгейін анықтау тәсілі
- •3.2. Малдан бөлініп шығатын жылудың,
- •5 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қораларында жылу балансын анықтау
- •6 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора жобаларына зоогигиеналық баға беру
- •7 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора-жайларының көлемді жоспарларын бағалау
- •8 Тәжірбиелік сабақ
- •9 Тәжірбиелік сабақ
- •10 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Қора-жай микроклиматтарын анықтау
- •11 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қиын қорадан шығару және оны сақтаудағы гигиеналық және санитариялық талаптар
- •12 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинфекция жүргізу әдістері
- •13 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дератизация жүргізу әдістері
- •14 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинсекция жүргізу әдістері
- •15 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Азықтың қауіпсіздігін анықтау
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмысты орындауға арналған
- •Курстық жұмысты орындау методикасы
- •1 Курстық жұмыстың мазмұны
- •1.1 Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оны орындауға қойылатын талаптар
- •1.1.1 Курстық жұмысты орындау бағыты
- •1.1.2 Курстық жұмысты көркемдеу
- •1.1.3 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
- •1.2 Курстық жұмыстың мазмұнын орындауға қойылатын талаптар
- •1.3 Курстық жұмысты бағалау критериялары
- •Курстық жұмысты орындау кезінде көп кездесетін қателіктер
- •Курстық жұмыстың жоспары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Курстық жұмыс
- •Алматы 20 ___
- •Реферат
- •Тапсырмалар
- •Бағдарламасы
- •5В120200 – «Ветеринариялық cанитария» мамандығына арналған «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша бағдарлама
- •Студенттердің білім деңгейін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Сұрақтары
- •Сұрақтары
- •5В120100 - «Ветеринарлық санитария» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған «Зоогигиена ветеринариялық санитария негіздерімен» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Материалдар
- •Аудиториялар тізімі
- •Авторы: - в.Ғ.Д., профессор Мырзабеков ж.Б.
Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малдарынан өндірілетін ет және сүт гигиенасы
Дәрістің мақсаты: Ауылшаруашылық малдарынан өндірілетін ет және сүт гигиенасын меңгеру.
Қарастырылатын сұрақтар:
13.1 Сүт сауу және оны өндіру гигиенасы
13.2 Ауылшаруашылық малдарын бордақылау кезінде қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
13.3. Ет өндіру гигиенасы
13.1 Сүт өндіру гигиенасы
Сиырларды сауу процесі келесі операциялардан тұрады. Желінді жуу, дезинфекциялау және кептіру, уқалау, сауу аппараттарын уақтылы қосу және алу, сауып болған кейін желінді өңдеу.
Желінді жылы сумен (40-50ºC) шашқыштың көмегімен жуады да, қара пластинкаға кішкене сүт сауып жіберіп, сүттің түсін, иісін және консистенциясын байқайды. Артынан желінді уқалап, дезерітіндіге малынған орамалмен осы желінді мұқият сүртеді. Сүрткен орамалды әр сиырды өңдеп болған сайын дезерітіндісі бар ваннаға салып отырады, дезорамалды әр 50 – 100 сиырды өңдеген сайын ауыстырып отырады.
Сауу аппараттарын, сауу қондырғыларын және сүт тұратын ыдыстарды әр сауыннан кейін міндетті түрде дезерітінділерде шаю керек. Сауу аппаратымен сауылған сүт арнайы құбырлар арқылы сүт жиналатын танктерге келіп түседі де, сүт онда +2 +4 ºC дейін суытылады. Әр кезекте сауылған сүт бөлек сақталады. Сүт тасымалдайтын автокөлік сүт өндіру кешенінің территориясына кірмес үшін автоцистернаға сүтті сүт блогының қабырғасындағы жасалған арнайы тесік арқылы сүт құбыры көмегімен құяды.
Сауу қондырғылары: АДМ-8А-1, АДМ-8А-2, ДДС-8А, УДА-16А «Ёлочка» типті, УДТ-6, УДА-8А «Тандем», УДА-100 «Крусель» типті , УДС-3А, УДС -3Б.
Машинамен ауу операторларының тәртібі мен профессионализмі:
- бөлме гигиенасының жоғары деңгейі. Өте таза болуы және үнемі дезинфекциялануы керек;
- сауын аппаратының сапасы мен вакуум деңгейі нормаға сай болуы керек;
- қондырғылардың жуылуы мен дезинфекциясын тазалығы мен бактериялармен ластану көрсеткіштері бойынша бақылау;
- жеке майлықтарды қолдана отырып, сауудан кейін желінді өңдеу;
- сауудан кейін желін үрпілерін арнайы қорғаныш қабатын түзетін препараттармен өңдеу;
- кез келген формадағы клиникалық маститтің емдеу ұзақтығы 48 сағаттан аспау керек;
- сиырларды Нафпензал DC-пен бірсәтте жіберу жүйесін енгізу.
Болжам. Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалғанда соматикалық торшалардың саны 250-280 мың/мл, бактериялармен ластануы 50 мың КОЕ/мл тең болады. Бұл көрсеткіш алдыңғы қатарлы сүт өндірушіле Еуросұрыпына сай келеді.
Біздің елімізде ірі қараны табиғи жағдайда бордақылау әдісі өзін – өзі жақсы ақтады. Жайып семіртілетін мал мүмкіндігінше жасына, жынысына, қоңдылығына, салмағына қарай топтастырылған дұрыс. Саа мал үшін 120-150 бас, ал төл үшін 150-200 бас етіп топтастырады. Малды жас, балғын шөппен қаматамасыз ету керек. Жайылым өрістреге бөлінеді, әр өрісте мал 5-6 күннен болу керек. Ол өрістреге мал 20-30 күннен бұрын қайтарылмайды. Малды жайып – семіртудің тиімділігі жайылым отының сапасына ғана емес, сонымен қатар мал суаруды дұрыс ұйымдастырғанға байланысты.
Желін
үрпі
лерін суықтан сақтау
Биені сауу тәсілдері: қолмен және механикалық әдіс пен сауады.
Биені қолмен сауғанда күндіз құлындарды енесінен бөлек ұстайды және 1-2 сағат сайын сауып алады да, түнге қарай құлындарды қосып жібереді.
Сауу кезінде емшекті атты қысуға немесе тартуға болмайды, өйткені мұның өзі биелердің ауырсынуына және тынышсыздануына, шала сауылуына себеп болады. Биелерді күн тәртібінде белгілегендей дәл уақытында сауып отыру керек. Уақытты өзгерту, сүттің тартылуын немесе өздігінен иіп кетуін туғызады, сапасын төмендетеді және сүт безі ауруға шалдығуы мүмкін.
Сауын биелерді әрбір сауын алдында тексеріп шығарады. Егер желінінде ісік, жарақат білініп, сүтінен қан, ірің аққан жағдайда дереу мал дәрігеріне қарату керек.
Желінсаудың алдын алу үшін арнайы тесттермен және тұндыру тәсілімен әр айда 2 рет тексеріп тұру қажет.
Түйені сауу. Сүттіліктің ең жоғарғы мөлшерін сүт берудің алғашқы 6 ай мезгілінде байқалып, малды жайылымда бағу мерзіміне сәйкес келеді. Аналық түйені саууға қиынға соғады, себебі оның сүті тек ботасы емген кезде ғана ииді. Сүттің берілуі тек емген кезде ғана жүреді. Желіннен сүт бөлінісімен шелекке сүтті сауып алады. Түйені түрегеп сауады, сауыншы оң жақ аяғымен тұрып, сол жақ тізесін сәл бүгіп үстіне шелек қояды, шелектің сабын сол қолына киеді, екі қолмен бірге немесе оң қолмен сауады.
Түйені машинамен сауу үшін ДА-3 М сериялық аппаратын қолдануға болады, 1 түйені сауу 4 минутқа созылады. Сауыншы көмегімен 1 сағатта орташа 5060түйе сауылады
Қой шаруашылығында қойды сауудың екі әдісі қолданылады: кавказдық (бір бүйірінен) және молдовандық (артынан). Оның алғашқысы өте баяу. Мұндай жағдайда сүт аз былғанады, екінші әдіс тез саууға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сауу қондырғылары қолданылады ( ЭДУО-12) , олардың өнімділігі – 2,5 сағаттың ішінде 800-1000 қойға дейін саууға болады.
13.2 Ауылшаруашылық малдарын бордақылау кезінде қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
Біздің елімізде ірі қараны табиғи жағдайда бордақылау әдісі өзін – өзі жақсы ақтады. Жайып семіртілетін мал мүмкіндігінше жасына, жынысына, қоңдылығына, салмағына қарай топтастырылған дұрыс. Саа мал үшін 120-150 бас, ал төл үшін 150-200 бас етіп топтастырады. Малды жас, балғын шөппен қаматамасыз ету керек. Жайылым өрістреге бөлінеді, әр өрісте мал 5-6 күннен болу керек. Ол өрістреге мал 20-30 күннен бұрын қайтарылмайды. Малды жайып – семіртудің тиімділігі жайылым отының сапасына ғана емес, сонымен қатар мал суаруды дұрыс ұйымдастырғанға байланысты.
Жылқыларды бордақыға қойғанда оларға ветеринариялық, зоотехникалық шараларды жүргізеді де олардың қоңдылығын анықтайды, өлшейді, құрт ауруларына қарсы емдік шаралар жүргізеді. Алғашқы күндері рациондағы ірі шөп және құрама жем 30 пайыз, шырында 40 пайызды құрайды да, ал бордақылаудың соңғы күндері шөп -30 пайыз, шырынды шөп 10 пайызды құрайды, құрама жем көбірек беріледі.
Жылқыларды табында бордақылау кезінде оларды сумен қамтамасыз етуге аса көңіл бөлу керек. Табында семірткен жылқының етінің сапасы жоғары болады. Жылқы тез семіреді, салмағы тәулігіне 1,5-2 кг дейін өседі.
Түйе еті қоректілігі жағынан сиыр етінен кемшілігі жоқ, ал, сүтінің емдік қасиеттері көп. Құрамында 85 % мамығы бар жүні және терісі - өндірісте құнды шикізат болып табылады.
Сонымен қатар, түйе етін шұжық өндірісінде қолдануға болады. Дәмдік қасиеті бойынша жас түйелердің еті ересек түйелерге қарағанда жақсырақ. Әсіресе, 30-32 айлығында бордақыға қойылған түйелердің еті өте дәмді болады. Әдетте түйелерді 18-19 айлығында бордақыға байлайды.. Малды бордақылаған кезде негізінен малды жайылымда азықтандыруды қолданады. Бір жазғы бордақылау кезеңінде түйенің салмағы екі есе көбейетіні белгілі. Бір тәулікте салмағына 2 кг қосылады. Басқа ешқандай жануардың мұндай қасиетері жоқ.
Қойды табиғи жайылымдықта бағып семірту 100 күнге дейін созылуы мүмкін, ал жасанды жайылымда 60-90 күнге дейін созылады. Бордақылаудың алғашқы жартысында мал рационында ірі, жұғымды және тамыржемісті азық түрлері мол болуы тиіс, ал бордақылаудың аяғына қарай ондай азық азайтылып, құрама жемдер көбірек беріледі. Бордақы малды қалың сабан төсеніші бар, ауа температурасы 3-5 ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 80 пайыз болатын құрғақ қорада орналастырады, малдың қимылын азайтады.
Қойды дұрыстап бордақыласа, салмағы 30-50 пайызға артады. Жайылымда жаю мерзімі күніне шамамен 12-14 сағатқа созылады.
Шошқа шруашылығында торайларды ет үшін , ал ересек шошқаларды майы үшін бордақылайды. Шошқа етін өндіруде оларды бордақылау ең соңғы процесс болып табылады. бордақылауға жас төлді және жарамсыздыққа шығарылған мегежіндерді қояды. Шошқа етіне азықтың сапасы айтарлықтай әсер етеді. Соған байланысты азықтар шартты түрде үш топқа бөледі. Шошқа етінің сапасын жақсартатын, нашарлататын және теріс әсер етеін азықтар болып.
Шошқа етінің сапасын жақсартатын азықтар: арпа, бидай, қара бидай, бұршақ, сәбіз, көк сүт, пахта, ет ұны.
Шошқа етінің сапасын нашарлататын азықтар: сұлы, соя, жүгері, кебек, картоп, күнжара, балық ұны.
Шошқа етінің сапасына теріс әсер ететін азықтар: мезга, жом, барда.
14 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық құстары гигиенасы
Дәрістің мақсаты: Құстарды күтіп-бағу әдістерін меңгеру.
Қарастырылатын сұрақтар:
14.1. Құстарды ұстау әдістері
14.2. Құстарды және балапандарды өсіру гигиенасы
14.3. Құс еті мен жұмыртқасын өндіру гигиенасы
Ұсынылатын әдебиет:
1. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш., «Ветеринариялық гигиена», Алматы, 2005.
2. М.С. Найденский, А.Ф., В.В. Храмцов, П.И. Виноградов, «Зоогигена с основами проектирования животноводческих объектов», Москва, 2007.
3. Кузнецова А.Ф. Гигиена содержания животных: Справочник. Спб:Лань, 2003.
4.Данилова А.К. идр. Гигиена в промышленном птицеводстве. Россельхозиздат, 1979.
14.1. Құстарды ұстау жүйелері әдістері
Қазіргі уақытта құстарды ұстаудың екі әдісі қолданылады: еденде бағып күту және торда бағып күту.
Еденде ұстаудың өзінің бірнеше әдістері бар: еденде ауыстырылмайтын төсеніште ұстау, ағаш еденде және торлы еденде ұстау. Бұл жүйе көбінесе асыл тұқымды тауықтарды өсіру шаруашылықтарында қолданылады.өндірістік бағыттағы тауықтарды ағаш немесе торлы еденде ұстаған жөн. Бұл жағдайда көбірек тауық ұстауға және саңғырықты жинауды механикаландыруға болады.
Ауыстырылмайтын төсенішті төсер алдында еденді жуып, дезинфекциялайды. Төсеніш ретінде сабан, жүгерінің майдаланған сабақтары, ағаш ұнтағы алынады.
Тауықтарды тақтайшада немесе торлы еденде ұстағанда төсеніштің қажеті жоқ, саңғырығы тордың астына түсіп отырады. Саңғырықты қораға құстардың жаңа партиясын кіргізер алдында жинап, қораны дезинфекциялап отырады. Бір шаршы метрге 6 тауықтан артық орналастыруға болмайды, сондай-ақ әр тауыққа 60-80 см биіктікте орналасқан тақтайшалардың ұзындығы 18 см , ал олардың аралығы 30-35 см болу керек. Етті және етті-жұмыртқа бағытындағы өсірілетін тауықтар үшін тақтайшалардың биіктігі 60см, ал ұзындығы 25 см және аралығы 35 с м болу керек. Сонымен қатар әр 3-5 тауыққа жұмыртқа салатын бір ұяшық жасап қою керек. Ұяшық төсенішін үнемі ауыстырып отыру қажет.
14.2. Инкубациялау гигиенасы
Жұмыртқаларды инкубациялау үші инкубаторлар мен инкубаторийлерде санитариялық – гигиеналық режимді сақтаудың маңызы зор. Инкубатор құрамында инкубация залы, жұмыртқа салынтын орын, жуып тазартатынжәне қызмет істейтін бөлмелер кіреді. Бұл нысандарда әр түрлі микроорагнизмдердің өсіп – өнуіне жол бермейүшін бұларға құс жұмыртқалайтын маусымның қарсаңында және онан кейін айына 1 рет дезинфекциялап отырады. инкубаторға салынатын жұмыртқа 4-6 күнненартық сақталмау керек. Инкубатордағы темепратура тұрқты болады: +37 + 39 градус. Гигеналық норма бойынша инкубаторлар мен инкубатрийлердің ауасындағыкөмірқышқыл газыныңмөлшері 0,4-0,7 пайыздан аспауы тиіс. Балапандардың бір мезгілде жұмыртқаны жарып шығуы инкубаторийлер ойдағыдай жұмыс істеп тұрғанын көрсететеді.
14.3. Құстарды ұстау және балапандарды өсіру гигиенасы
Тауықтарды ұстаудың екі әдісі қолданылады: еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылық жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.
Тауықтардан жоғары сапалы және мол өнім алу үшін ең алдымен қорада қолайлы микроклимат қалыптастыру керек. Жылдың суық мезгілінде құс қорасының температурасы 18—16º С аралығында , ауа ылғалдылығы 60—75% болуы керек.
Торда ұстау әдісі. Инкубаториядан балапандарды қабылдағанда мықты және әлсіз балапандарды ажыратып, мықтыларын астыңғы ярустағы торларға, ал әлсіздерін жоғары ярустағы торларға орналастырады, себебі жоғары жақта темепратура да жарық та жеткілікті болады. 1 - 30 күндік балапандар үшін тор ауданы180—200 см2, азық фронты —2,5 см кем емес, 31-60 күндік —сәйкесінше 285—300 см2 және 5 см; 61-140 күндік балапандар үшін — 450—500 см2 және 8 см болу керек. Құс қорасында ауа ылғалдылығын психрометрлермен өлшеп отырады, алғашқы 15—20 күндері ылғалдылықты 65—70% ұстап отырады, сосын 55—60% дейін төмендетеді.
Ұстаудың аралас әдісі. Балапандар 60 күндік болғанда оларды еденде қалың төсеніште ұстап өсіру үшін акклиматизаторларға өткізеді. Төсенішті 5-8 см етіп төсейді. Төсеніш ретінде сабан, ағаш үгінділері, торф алынады. Құс қорасында температура 18—16 аралығында болу керек. Ауа ылғалдылығы 60—75%. Жылдың ыстық мезгілінде желдету жүйесі балапанның 1 кг салмағына сағатына 4—5 м3 таза ауа , қыста— 1—2 м3 таза ауа беру керек. Температураны 26—28° аралығында ұстап отырады.
15 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Қояндар, терісі бағалы аңдар, балық және ара гигиенасы
Дәрістің мақсаты: Терісі бағалы аң, балық және ара шаруашылығындағы ерекшеліктермен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:
15.1. Қояндарды күтіп-бағу гигиенасы
15.2. Терісі бағалы аңдарды ұстау ерекшеліктері
15.3. Балық өсіру гигиенасы
15.4.Ара ұстау гигиенасы
Ұсынылатын әдебиет:
15.1. Қояндарды күтіп-бағу гигиенасы
Қояндарды бағу жүйесі жергілікті климатына тікелей бацйланысты, себебі бұл жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет және тері өніміне әсерін тигізеді. Қазіргі кезде қояндрды бағудың үш жүйесін қолданады: сыртқы торлық, шедтік және микроклиматты қолдан жасалатын жабық қоралар.
Сыртқы торлық жүйе. Бұл жүйеде қояндарды жыл бойы жылжымалы немесе тұрақты торларда ашық аспан астында күтіп бағады. Қояндарды күтіп – бағу үшін жеке және топтық әр түрлі конструкциялы торлар қолданылады.
Шедтік жүйе – бұл екі қатармен орналасқан бір немесе екі қабаттан тұратын, жалпы ұұзындығы ересек жануарлар үшін 50-65 м, жас төлдер үшін 58-85 м болатын торлы блоктар жиынтығы.
Енесінен айырған көжектерді алғашқы күндері енесімен бірге тұрағандағы азықты береді. Жаңа азықтарға бірте бірте үйретеді.
15.2. Терісі бағалы аңдарды ұстау ерекшеліктері
Аңдарды бағудың үш әдісі бар: торлы, жартылай еркін және еркін.
Торлы әдіс ең тиімді әдіс болып саналады. Бұл жағдайда жануарлар және олардың төлдері торда өсіріледі. Күтіп-бағудың бұл әдісінде сапалы өнім және мол төл алуға болады.
Аңдарды еркін күтіп бағу кезінде олар табиғи жағдайда болады, бірақ белгіленген аймақтан шыға алмайды. Шаруашылық территориясы толық қоршалады. Түлкі, бұлғын, құндыз ұстайтын шаруашылықтарда қоршау биіктігі 2 м, ал күзендер үшін 1,5 м болады. Табиғи азықтар жеткіліксіз жағдйда, қолдан азықтандырып тұрады. Бірақ мұндай жағдай мал дәрігерлік бақылау мүмкіндігі болмайды. Сондықтан аңдардың өнімділігі мен сапасы төмен болады.
Жартылай еркін күтіп-бағу жүйесі – бұл аралас әдіс, яғни торлы жәнерекін күтіп-бағу жүйелерінен тұрады.аңдардың негізгі басын торда ұстайды, ал төлдерін керекті мезгілге дейін табиғи жағдайда ұстайды.
Аңдарды жабық қораларды ұстау ірі фермаларда жыл бойы тері өңдеуге мүмкіндік береді. Аталық түлкі мен бұлғындарға арналған тор жеке екі бөлімнен тұрады – үйшік және серуен алаңы. Үйшіктің қабырғасында серуендеу алаңында азық өткізетін есікше және аңдар өтетін есік орнатылып, сөре, науа қойылады.
Ол аңдарды азықтандыру үшін етті, балықты, сүт өнімдерін, витамин концетраттарын қолданады. Түлкі, поляр түлкісі және жанат рационында 50 пайызға дейін жарманың орнына пісірілген картоп енгізуге болады. Жарманы ботқа түрінде, ұнды азыққа араластырады немесе одан нан пісіріп, оны кептірген күйінде береді. Ет азықтарының 50 пайызын балықпен немесе ірімшікпен алмастыруға болады. Аңдарға бауыр, балық майын, ашытқы, өскен дән беруаса пайдалы. Ауески ауруынан сақтау үшін шошқа етін температуралық өңдеуден өткізеді. Қой етінен энцефалопатия ауруын жұқтырмас үшін күзендер мен бұлғындарға пісіріп береді. Бұзау және қоян етін пастереллез бен сальмонеллезден сақтану есебінде пісірілген түрінде ғана береді. Ересек аңдарды тәулігіне тек 1 рет, ал асыл тұқымды және буаз ұрғашы аңдарды 2 рет азықтандырады. Аранйы автоматты суару немесе қарапайым суару тәсілімен суарады. Қыста аңдарға мұз немесе қар тордың сыртында береді.
15.3. Балық өсіру гигиенасы
Тауарлы балықты өсіру арнайы тоған шаруашылықтарында, өзенді тауарлы шаруашылықтарында, су қоймаларында, шағын су сәуеттерінде және бассейндерде жүргізіледі.
Тоғандық балық шаруашылықтары толық жіне толық емес жүйелі болуы мүмкін. Толық жүйелі шаруашылықта балықты уылдырықтан тауарлық кондицияға дейін өсіреді. Бұған сонымен қатар, асыл тұқымды шаруашылық тар да жатады. Ал, толық емес жүйелі шаруашылытарға барлық питомниктер мен семірту шаруашылықтары жатады. Балық тәлімбақтарында жас балық өсіріледі, ал олар жетілген соң басқа арнайы су қоймаларын балықтандыру үшін семіртуге арналған шаруашылықтарға жіберіледі. Балық шаруашылық тоғандарының бірнеше түрі болады.Барлық шаруашылықтарына арналған жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар кешені төмендегідей:
Тоғандарда оптимальды гидрохимиялық режим құру;
Балықтың инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырушысының тоғанағ түсуін болдырмау;
Гидрожабдықтарды, аулау құраладрын, ыдыстарды және тоғанды профилактикалық дезинфекциялау;
Балықтың уылдырық шашуын, өсуін, денсаулық жағдайын және олардың қоректенуін бақылау;
Сырттан әкелінген балықтар мен гидробионттарды профилактикалық карантиндеу;
Ауру және ауруға күдікті балықтарды уақтылы анықтау және жою.
15.4. Ара ұстау гигиенасы
Омарта балды алқаптардың маңында орналастырылады. Әр бір ара ұясына 30-40 м² жер ауданы келетіндей етіп алады. Омарта орналастырылатын жер шағын, су қоймасына жақын маңда, ық жерге орналастырылуы керек. Ұялар – омарта жабдығы және ара өсіру құрылыстары шаруашылықтарының негізгі өндіріс құралдары болып табылады. Олардың міндеті – ара семьялараының өсіп, дамуы және өнімділігін арттыру, ара өсірушінің еңбек өнімділігін жеңілдету үшін қолайлы жағдай туғызу, ара бал ұяшығының биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру. Қазақстанда омартаның негізгі үш типі қолданылады: көп тұрқалы, екі тұрқалы, және жатын омарта.
Көп тұрқылы омарта: ол 4 тұрқыдан тұрады, 10 бал кәсегі сыяды, түбі алмалы салмалы, қабырғасының қалыңдығы 35 мм. Төбесі тегіс, кәсегі үнемі бөлініп тұрады.
Екі тұрқылы омарта: ол 2 тұрқыдан тұрады, әр қайсысы тұрақты бөлгіштермен жабдықталған. Қабырғасының қалыңдығы 40 мм, түбі темір тормен жабдықталған. 12 ббал кәсегі сыяды.
Жатын омарта: Ол 26-30 ара бал ұясының кәсектері сыятын, созылыңқы тұрқы. Түбі бүтін, төбесі тегіс. Қабырғаларының қалыңдығы – алдыңғы жағы 30 мм, ал артқы жағы 40 мм.
Ара ұяларында үнемі тұрақты температура сақталуы тиіс, яғни 34-35º С. Ара ұясындағы ең оптимальды салыстырмалы ылғалдылық 65-70 пайыз арасында. Ұядағы көмірқышқыл газы 0,3 пайыз болғанда оны 6-7 ара желдетеді. Ал, бұл газдың концентрациясы 0,8 пайызға жеткенде желдеткіш аралардың саны 20 –ға дейін өседі.
Ара семьяларының зиянкестеріне жататындар: балауыз күйесі, соналар, құмырсқалар, тышқандар, көк торғайлар, және т.б. зиянкестерден сақтау мақсатында кәрездерді күкірт газымен өңдейді, ол үшін рамкалары бар шкафты 1 м3 көлеміне 50 г жаңғыш күкірті жұмсалады. 10-20 күн арасында үш дүркін түтіндетеді.
Тышқандардан сақтану үшін барлық ұяларды нығыздап бітейді. Тышқандар ара семьясына елеулі зиян келтіреді, аралар тышқанның иісіне төзімсіз және тышқандар зақымдаған кәрездерді қайта құрмайды. Қыстауда тышқандармен күресті жалпы қабылданған әдіспен жүргізеді. Ал, құмырсқаларадан қорғану үшін ұялар тұратын қазықтар мен тіреулерді минералдық маймен жағып қою керек.