Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Тақырыбы: Мал шаруашылығында жүргізілетін дезинсекциялық, дезинвазиялық, дезодарациялық шаралар

Дәрістің мақсаты: Шаруашылықтағы санитариялық шараларды іске асыру жолдарын меңгеру

Қарастырылатын сұрақтар:

10.1 Дезинсекция

10.2 Дезинвазия

10.3 Дезодарация

10.1. Дезинсекция

Дезинсекция – жануарлардың тіршілік етуіне қауіп төндіретін, әр түрлі ауруларды таратын шыбын-шіркейлерді жоюға және санын азайтуға бағытталған шаралар жиынтығы. Дезинсекция профилактикалық және жою шараларынан тұрады.

Профилактикалық дезинсекция шараларына – батпақтарды кептіру, өзендерді тазалау және тереңдету, қораларды, қи каналдарын және су құбырларын үнемі тазалау, ферма территориясында және мал қораларда санитариялық - гигиеналық ережелерді сақтау, температураны, салыстырмалы ылғалдылықты, желдетуді реттеп отыру, дезодорация жүргізу, шыбын-шіркейлер қораға кірмеу үшін қора терезелеріне тор жабу.

жазғы лагерьлерді дұрыс, яғни жоғары, құрғақ, жақсы желдетілетін учаскелерде орналастыру; репеллентерді қолдану;

Кенелерге қарсы батпақты және сулы жайлауларды кептіру, арамшөптерді жою, силос шұңқырларын пленкамен жабады, қи жинағанда және сақтағанда, өлекселерді өтелдегенде және тағы да басқа шыбын-шіркейлер өсіп-өнетін жерлерде санитариялық – гигиеналық талаптарды қатаң орындау;

Мал шаруашылығында инфекциялық және инвазиялық аурулардың алдын алу және олармен күресте дезинсекция орынды шара болып табылады;

Жайлау кезеңінде қан соратын кенелер (иксодидті) өте зиянды – мал денесінде өмір сүретін қан соратын паразиттер. Жануарларға шабуыл жасау үшін өсімдіктің жапырағы мен сабағына шығады да (олар өсімдіктің тамыр бөлігінде орналасады) жайлауда топ-топ болып орналасады. Малдың өнімділіг мен резистенттілігі төмендейді, қаны азаяды, өсуі баяулайды, инфекциялық және инвазиялық аурулармен ( туляремия, энцефаломиелия) ауырып шығады.

Жою шаралары физикалық, биологиялық,, және химиялық және аралас әдістер арқылы жүзеге асады.

Биологиялық тәсіл. Бұл тәсіл шыбын-шіркейлерді табиғи жауларын (ауру тудыратын микробтар, вирустар, паразитті және жыртқыш бунақденелілер, гамбузия балығы, кейбір саңырауқұлақтар) қолдана отырып құртуға негізделген. Мезгілінде микробиологиялық препараттар қолданады: бактицид, турингин, сфероларвицид. Сонымен қатар, биологиялық белсенді заттарды (феромондар, гормондар) қолданған өте тиімді және келешегі мол.

Шыбын-шіркейлердің көбеюіне (тиотэф, диматиф) және өсуіне (метопрен, ювемон) кедергі келтіретін химиялық заттарды да қолдануға болады.

Физикалық әдіс. Олар бірнеше тәсілдерден тұрады: механикалық, сәулелік және дыбыстық. Бұл жерде механикалық тәсіл әр түрлі алдамыштардан (ловушки), үйшіктерден, тордан, жабысқақ жолақтардан (“Мухолов”)және басқалардан тұрады, бірақ олардың тиімділігі төмен. Бұл әдісте негізінен территорияны және қораларды субстраттардан тазалаудың маңызы зор. Жоғары температура сирегірек төмен температура да қолданады. 55 º С және одан да жоғары температура шыбын-шіркейлерді өлтіреді (су буы, ыстық су және т.б.). Сонымен қатар электрлік құрылғылар, оптикалық және ультракүлгін сәулелену көздері жиі қолданылады. Өндіріс орындарында электрлі приборлар қолданылады. Бұл электрлі жойғыштардың жұмыс істеу принципі мынаған негізделген: ультракүлгін немесе арнайы таңдап алынған түс спектрі, азықтық алдамыштар, феромондар немесе биообъектілер көмегімен шыбын-шіркейлерді жоғары кернеулі торға сәулелі торлар, электр торлар түсіреді, ал ондағы орнатылған желдеткіштер шыбын шіркейлерді сорып алады да, алдамышқа түскен шыбын-шіркейлер төменгі жиілікті электр зарядтарының көмегімен өлтіріледі.

Химиялық тәсіл - шыбын-шіркейлерді инсектицидтер және акарицидтер көмегімен жояды. Инсектицидтер – шыбын-шіркейлерді өлтіретін табиғи немесе химиялық қосылыстар. Акарицидтер – кенелерді жоятын химиялық заттар. Инсектицидтерді эмульсия концентраттарының ерітіндісі, микрокапсулданған препарат, жақпа май, дуст, ұнтақ, аэрозольдер немес фумигаторлар түрінде қолданады. Сонымен қатар, дезинсекцияда шыбын-шіркейлерді үркітетін химиялық қосылыстар – репелленттер пайдаланылады.

10.2. Дезинвазия

Инвазиялық ауруларды жою және алдын алу мынадай шаралар кешенінен тұрады: жануарлардың резистенттілігін көтеру, оларды зақымданудан сақтау, тасымалдаушы шыбын-шіркейлерді, аралық иелерін және сыртқы ортадағы инвазиялық бастау тетігін жою.

Ұстау және азықтандыру жүйесін дұрыс ұйымдастыру – инвазиялық аурулардың профилактикасында ең маңызды шаралардың бірі болып табылады. Малды толық құнды азықтандырмағанда сыртқы ортадан келіп түскен паразитке организм қарсы тұра алмай, паразиттің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туады. Лас су көздері арқылы жауарлардың ас қорыту жүйесіне көптеген гельминттердің жұмыртқалары мен балаңқұрттары түсуі әбден мүмкін. Мал шаруашылығы кешеніне сырттан мал әкелінсе, міндетті түрде карантиндеу керек.

Химиопрофилактика – инвазиялық аурулармен күресу әдісі. Бұл әдіс қоздырушылардың дамуын тоқтататын арнайы препараттарды жануарларға беруге негізделген. Мысалы, шошқа аскаридоздарында гигромицин Б байытылған жем береді.

Профилактикалық дегельминтизация – гельминттердің биологиясын және эпизоотологиясын ескере отырып мал қорада ұсталған кезде жоспарлы түрде жасалады.

Дезинвазия – сыртқы ортадағы инвазиялық аурулардың қоздырушыларын жою. Дезинвазияның мақсатына қарай бірнеше түрі бар: профилактикалық, ағымдық және қорытынды. Дезинвазияны механикалық, физикалық, химиялық тәсілдер арқылы жүргізеді.

Механикалық тәсіл –қораны және ферма территориясын қи, саңғырықтан, қоқыстардан, лас төсеніш, азық қалдықтарынан тазарту және т.б.

Физикалық тәсіл – ивазиялық бастау тетігін жоғары температура ( от, ыстық бу, қайнату, су буы), кептіру арқылы жою.

Химиялық тәсіл – қораларды химиялық препараттарды (бірхлорлы йодтың 10 % ерітіндісі, 5 % натрий гидроксиді, 5-10 % ксилонафт, ортохлорфенолдың 2 % сулы ерітіндісі) қолдана отырып іске асырылады.

Топырақты, еденді дезинвазиялау үшін 10% хлорлы әк ерітіндісін (белсенді хлор пайызы 2,7) 10 л/м2 есебімен қолдануға болады. Дезинвазияны жаңбырдан кейін, ыстық күндері жасауға болмайды. Ірі қара қиын қи сақтағыштарда 2 ай бойы ұстайды, ал құс саңғырығын кептіргіш қондырғыларда немесе биотермиялық әдіспен дезиваниялайды.

10.3 Дезодорация

Дезодорация – органикалық заттардың шіріп-ыдырау нәтижесінде пайда болатын өткір, жағымсыз иісті газдарды жою. Дезодораторлар екіге бөлінеді: шірудің алдын алатын және жағымсыз иістерді жоятын. Мынадай дезодораторлар қолданылады: темір купоросы, хлорлы әк, формалин, марганец қышқылды натрий, 3 % хлорлы цинк, 2 % сутегінің асқын тотығы, сонымен қатар газдарды сіңіріп алатын әр түрлі сорбенттер, мысалы ағаш көмірі, торф, эфир майлары, төсеніштер, ағаш жапырақтары және т.б. Қазіргі кезде мал қораларын дезодорациялау үшін озон жиі қолданылып жүр.

Дезодорация екі сатыдан тұрады: 1) жағымсыз иіс көзін құрту. 2) ластанған территорияны, жерлерді дезодорациялық препараттармен өңдеу.

Мал қорасында ауада жағымсыз иістің жиналу көзі- ол малдың қиы мен зәрі. Осы қи мен зәр органикалық заттар бөліп, жағымсыз иіс береді.

Дезодорацияның мынадай әдістері бар: физикалық (адсорбциялық, абсорбциялық, термиялық, термокатализаторлық, озондық ), химиялық, биологиялық.

Физикалық әдіс. Адсорбциялық әдісте жағымсыз иісті сіңіру үшін әр түрлі адсорбенттер (сіңіргіш заттар)қолданылады: төсеніштер (сабан, торф, ағаштың жапырақтары, ағаш ұнтақтары, т.б.) және ультракүлгін сәулелер. Осы заттар қора ішіндегі жағымсыз иісітерді өз бойына сіңіріп алады.

Термиялық әдіс – ауадағы әр түрлі қауіпті заттарды термиялық қышқылдандыру жолымен зиянды газдарды зарарсызданыдру.

Термокатализаторлық әдіс – каталитикалық тәсілмен ауадағы зиянды заттарды зияндылығы төмен, кейде пайдалы заттарға айналдыру.катализаторлар ретінде минералдар, металдар пайдаланылады.

Озондық әдіс – озонды( күшті табиғи қышқылдандырғыш) қолдану мал қора ауа ортасының дезодорациясында өте тиімді. Зерттеулер бойынша тазаланатын ауаның 1 м3 көлеміне 0,01 м3 озондалған ауаны жібергенде, ауадағы аммиак, күкіртсутек, көмірқышқыл газы және т.б. өткір иісті газдар мөлшері айтарлықтай азайған. Озондауға “Озон-5П”, “Озон-60П” озонаторлары қолданады.

Химиялық әдіс. Мал шаруашылығында қорадағы жағымсыз иістерді жою үшін көптеген химиялық заттар қолданылады: 2% сутегінің асқын тотығы (1 л/м2), 3 % жоғары молекулалы сірке қышқылы ерітіндісі (150-200 мл/м2), 0,3-0,5 % глутар альдегиді (150-200 мл/м2), фенолды заттар, аммоний хлориді, ферменттер. Едендер мен қора өткелдерін өңдеу үшін 2% калий перманганатының ерітіндісі (150-200 мл/м2) қолданылады.

Биологиялық әдіс. Бұл әдіс микроорганизмдердің әр түрлі қосылыстарды бұзып, пайда болдыру қабілетіне негізделген. Биологиялық тазалауды биосүзгі немес биоскрубберлер көмегімен жүргізеді.

11 дәріс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]