Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

4 Тақырып. Бухгалтерліқ есеп шоты және екі жақты жазу

Дәріс мақсаты: бухгалтерлік есепшот туралы түсінік беру, оның мазмұны мен құрылымын ашып көрсету. Бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісінің мәні мен бақылаушылық маңызын ашу

Негізгі сөздер: активті шот, пассивті шот, сальдо, дебет, кредит, дебіттік айналым, кредиттік айналым, бастапқы қалдық, соңғы қалдық, шоттар корреспонденциясы, бухгалтерлік жазба (өткізбе), айналым тізімдеме, жинақтау (синтетикалық) шоттар, талдау (аналитикалық) шоттар

Дәрістің негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

4.1 Бухгалтерлік есепшот туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы.

4.2 Активті және пассивті шоттар, олардың құрылымы.

4.3 Бухгалтерлік есеп шоттары мен бухгалтерлік баланс арасындағы байланыс. Шоттардағы екі жақты жазудың мәні мен бақылаушылық маңызы .

4.4 Жинақтау (синтетикалық) және талдау (аналитикалық) есеп шоттары

4. 5. Бухгалтерлік есептегі айналым тізімдемелері

4.1 Бухгалтерлік есепшот туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы

Бухгалтерлік есепшоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннең бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.

Бухгалтерлік есепшоттың қарапайым түрі үлкен «Т» әрпі сияқты. Шоттын аты оның үстінгі жағына жазылады, шоттың сол жағы «дебет» (Дт), ал оң жағы «кредит» (Кт) деп аталады. Бұл ұғымдар тарихи түрде Италияда дүниеге келген (латын тілінен debet – ол бересі, credit – ол сенеді деген мағыналарын береді). (1-сызба)

(1-сызба)

Дт «Касса» Кт

Кәсіпорындағы әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол мүліктің немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін біліп отыру үшін «Сальдо» (қалдық)» ұғымы қолданылады. Есепті кезеңнің басындағы, яғни шоттын ашылу барысындағы қалдық - «бастапқы қалдық», ал шоттын жабылу барысындағы , яғни есепті кезеңнің соңындағы қалдық -«сонғы қалдық» деп аталады. Бухгалтерлік есепшоттарында жазылған шаруашылық операциялардың сомасы «айналым» деп аталады. Осы есептің кезең барысында шоттың дебет жағына жазылған сомалардың қосындысы «дебиттік айналым», ал кредит жағындағы сомалардың қосындысы «кредиттік» айналым деп аталады.

4.2 Активті және пассивті шоттар, олардың құрылымы

Кәсіпорынның бухгалтерлік шоттары сол ұйымның бухгалтерлік баланс баптарының негізінде ашылады. Сондықтан бухгалтерлік есепшот аттары баланс баптарының аттарына сәйкес болуы тиіс.

Балансқа қатысы бойынша бухгалтерлік есептің барлық шоттары активтік және пассивтік болып бөлінеді. Соған сәйкес, шоттардағы жазбалардың екі сызбасын көрсетуге болады.

Активтік шоттар – бұл шаруашылық құралдардың мөлшерін, құрамын және оларды пайдалануын (шығындарын) көрсететін шоттар. Активті шоттын бастапқы және соңғы қалдығы шоттын дебет жағына жазылады, яғни дебиттік болып табылады. Сонымен қатар бұндай шоттардың көбеюі дебет жағына жазылады, ал азаюы (кемуі) кредит жағына жазылады. Активтік шоттағы қалдық тек қана дебеттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

Активті шоттың құрылымы

Дт Кт

Бастапқы қалдық

+

Қорлардың көбеюі

-

Қорлардың азаюы

Дебиттік айналым

Кредиттік айналым

Соңғы қалдық = бастапқы қалдық + Дт. айналым – Кт. айналым

Пассивтік шоттар – бұл шаруашылық құралдарының құрылу көздерін, яғни кәсіпорынның капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған шоттар.

Пассивті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың кредит жағына жазылады, яғни кредиттік болып табылады. Соған сәйкес бұндай шоттардың көбеюі кредит жағына, ал кемуі шоттың дебет жағына жазылады. Пассивтік шоттағы қалдық тек қана кредиттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

Пассивті шоттың құрылымы

Дт Кт

Бастапқы қалдық

-

Қорлану көздерінің азаюы

+

Қорлану көздерінің көбеюі

Дебиттік айналым

Кредиттік айналым

Соңғы қалдық = бастапқы қалдық + Кт.айналым – Дт. айналым

Активтік және пассивтік шоттар бухгалтерлік есеп шоттары жүйесінің негізін құрайды.