Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1. Төменде көрсетілгендей баланс кестесін құрыңыз

Актив

Сомасы, тг

Пассив

Сомасы, тг

Баланс

Баланс

2. Кестенің Актив бөліміне есептің шаруашылық құралдарының бастапқы қалдықтарын енгізіңіз

3. Кестеге Пассив бөліміне есептің шаруашылық құралдарының қалыптасу көздерінің бастапқы қалдықтарын енгізіңіз

4. Актив және пассив бөлімдері бойынша жиынын есептеңіз.

5. Актив және пассив бойынша баланстары тепе тең болуы қажет

Тәжірибелік сабақ №4

Сабақ тақырыбы: Бухгалтерлік баланс және есеп беру

Сабақ мақсаты: Бухгалтерлік балансқа әсер тигізетін шаруашылық операцияларды жіктеуге, баланс өзгерістерін анықтауға үйрету

Сабақ жоспары:

1) Қайталау сұрақтары

- баланс баптарына әсер ететін шаруашылық операциялар неше топқа бөлінеді?

- баланс өзгерістерінің қандай түрлерін білесіз?

- актив баптарын атап шығыңыз

- пассив баптарын атап шығыңыз

- баланс баптарына әсер ететін шаруашылық операциялар неше топқа бөлінеді?

- баланс өзгерістерінің қандай түрлерін білесіз?

2) Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма №1

Аталған шаруашылық операциялар баланста қандай өзгерістерді тұғызады?

1. Есеп айырысу шотынан кассаға ақша алынды

2. Есеп айырысу шотына банк несиесі түсті

3. Есеп айырысу шотынан жабдықтаушыларға ақша аударылды

4. Касса қалдығы есеп айырысу шотына өткізілді

5. Бөлінбеген пайданың бір бөлігі резервтік капиталға қосылды

6. Жабдықтаушылардан негізгі құралдар қарызға алынды

7. Есеп айырысу шотына сатып алушылардан ақшалар түсті

8. Еңбекақыдан алимент сомасы ұсталды

9. Есеп айырысу шотынан бюджетке салықтар аударылды

10. Кассадан еңбекақы таратылды

11. Есеп айырысу шотынан банк несиесі төленді

12. Кассадан есепті тұлғаға кенсе тауар сатып алуға ақша берілді

13. Кассадан алимент сомасы төленді

14. Бөлінбеген пайданың бір бөлігі резервтік капиталға қосылды

15. Сатып алушыларға қоймадан дайын өнім тиеліп жіберілді

Тапсырма №2

Баланс өзгерісіне әсер тигізетін шаруашылық операциялардың мысалдарын келтіріңіз (4 түрі):

1-і түрі

Актив

Сомасы, теңге

Пассив

Сомасы, теңге

2-і түрі

Актив

Сомасы, теңге

Пассив

Сомасы, теңге

3-і түрі

Актив

Сомасы, теңге

Пассив

Сомасы, теңге

4-і түрі

Актив

Сомасы, теңге

Пассив

Сомасы, теңге