- •4. Курстың қысқаша сипаттамасы
- •5. Бағалау саясаты Баға қоюдын критерилері (мысалы)
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •6. Курстың саясаты
- •7. Академиялық тәртіп және этика саясаты
- •Пәннің жұмыс бағдарламасының мазмұны
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •8. Лекциондық комплекс (лекциялар тезистары, көрнекі және үлестірмелі материал, негізгі әдебиеттер тізімі )
- •1 Тақырып Бухгалтерлік есеп, оның маңызы мен мәні
- •1.1 Бухгалтерлік есеп туралы түсінік, оның міндеті мен мақсаты
- •Есеп түрлері. Бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- •Бухгалтерлік есеп принциптері
- •Бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылары
- •Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
- •2 Тақырып Бухгалтерлік есептің әдістері мен пәні
- •2.1 Бухгалтерлік есеп объектілері. Өндірістік процестердің сипаттамасы
- •2.2 Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының түрлері мен орналасуы бойынша жіктелуі мен сипаттамасы
- •2.3 Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының қалыптасу көздерінің жіктелуі мен сипаттамасы
- •2.4 Бухгалтерлік есептің әдістері, олардың сипаттамасы
- •3 Тақырып. Бухгалтерлік баланс және есеп беру
- •3.1 Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны мен құрылымы .
- •3.2 Баланс түрлері, олардың сипаттамасы
- •3.3 Баланс баптарына әсер ететін шаруашылық операциялардың түрлері. Баланс өзгерістері
- •4 Тақырып. Бухгалтерліқ есеп шоты және екі жақты жазу
- •4.1 Бухгалтерлік есепшот туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы
- •4.2 Активті және пассивті шоттар, олардың құрылымы
- •4.3 Бухгалтерлік есепшоттары мен бухгалтерлік баланс арасындағы байланыс.
- •4.4 Жинақтау (синтетикалық) және талдау (аналитикалық) есепшоттары
- •4.5 Бухгалтерлік есептегі айналым тізімдемелері
- •5 Тақырып Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі
- •5.1 Шоттардың жіктелуінің мағынасы
- •5.2 Бухгалтерлік есепшоттарының мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі
- •5.4 Бухгалтерлік есепшоттарының баланспен байланысы бойынша жіктелуі
- •Баланстық
- •Баланстан тыс
- •5.5 Бухгалтерлік есепшоттарының жұмыс жоспары туралы түсінік, оның құрамы
- •5.6 Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдерінің сипаттамасы
- •6 Тақырып Құжаттау және түгендеу
- •6.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
- •6.2 Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
- •6.3 Құжаттарды тексеру және бухгалтерлік өңдеу
- •6.4 Құжат айналымы
- •6.5 Құжаттарда жіберілген қателерді түзету әдістері
- •6.6 Түгендеу, оның мәні. Түгендеу түрлері
- •7 Тақырып: Бағалау және калькуляция. Шаруашылық процестердің есебі
- •7.1 Бағалау және калькуляция
- •7.2 Шаруашылық процестердің есебі
- •8 Тақырып Есеп регистрі мен бухгалтерлік есеп нысандары
- •8.1 Бухгалтерлік есеп регистрлері, олардың жіктелуі
- •8.2 Бухгалтерлік есеп нысандары, олардың сипаттамасы
- •9.1 Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілуі
- •9.2 «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- •9.3 Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары
- •9.4 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары
- •Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
- •Тәжірибелік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақ №1
- •Тәжірибелік сабақ №2
- •1) Тренинг сұрақтары
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №3
- •1) Қайталау сұрақтары
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №4
- •1) Қайталау сұрақтары
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №5
- •1) Оқушыларды екі топқа бөліп, Ривин әдістемесі бойынша өткен тақырыптар бойынша бір біріне сұрақ қою
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №6
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №7
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ №8
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №9
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ №10
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №11
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №12
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №13
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ №14
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №15
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Ооөж күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тренинг есептері:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тренинг есептері
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тапсырма
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тапсырма
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •2) Топтық презентация
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Топтық презентация
- •Оөж бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Глоссарий
- •1. Межелік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Бірінші межелік бақылау
- •Екінші межелік бақылау
- •2. Бақылау жұмысы і Вариант
- •2009 Жылдың 01 қыркүйектегі шоттар бойынша қалдықтар:
- •2009 Жылдың қыркүйек айындағы орындалған шаруашылық операциялар:
- •2009 Жылдың 01 тамыздағы шоттар бойынша қалдықтар:
- •2009 Жылдың тамыз айының шаруашылық операциялары:
- •3. Емтихан сұрақтары
- •4. Тест сұрақтары
- •Тақырып: «Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі»
- •Тақырып: «Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі»
- •Тақырып Құжаттау және түгендеу
- •Тақырып «Есеп регистрі мен бухгалтерлік есеп нысандары»
5 Тақырып Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі
Дәріс мақсаты: бухгалтерлік есепте шоттардың әр түрлі белгілері бойынша жіктелуінің мағынасын ашу, шоттар жоспары туралы түсінік беру, оның бөлімдеріне кіретін шоттардың мәнін ашу
Негізгі сөздер: шоттар жоспары, негізгі шоттар, реттеуші шоттар, шоттар шифрі
Дәрістің негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
5.1 Шоттардың жіктелуінің мағынасы
5.2 Бухгалтерлік есепшоттарының мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі
5.3 Бухгалтерлік есепшоттарының экономикалық мазмұңы бойынша жіктелуі
5.4 Бухгалтерлік есепшоттарының баланспен байланысы бойынша жіктелуі
5.5 Бухгалтерлік есепшоттарының жұмыс жоспары туралы түсінік, оның құрамы.
5.6 Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдерінің сипаттамасы.
5.1 Шоттардың жіктелуінің мағынасы
Бухгалтерлік есептің барлық шоттары мынадай үш белгісі бойынша жіктеледі:
1. Мақсаты мен құрылымы бойынша. Бұдан шоттарда шаруашылық құралдарының жеке түрлері мен процестерінің қалай есептелетіндігі анықталады.
2. Экономикалық мазмұны бойынша. Бұдан шоттарда не есепте-летіндігі анықталады.
3. Баланспен байланысы бойынша. Бұдан жекелеген шоттардың балансқа қатыстылығы анықталады.
Шоттардың жіктелуі кәсіпорын қызметкерлеріне кәсіпорын қызметін тиімді жедел басқару және бақылау үшін, жеке шоттардың пайдаланылу мүмкіндігін және мақсатын неғұрлым айқын түсінуге үлкен көмек көрсетеді.
5.2 Бухгалтерлік есепшоттарының мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі
Бухгалтерлік есепшоттарының мақсаты және құрылымы бойынша мынадай екі топқа бөлінеді:
Шаруашылық құралдары мен олардың қалыптасу көздерінің шоттары
Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелерінің шоттары
Шаруашылық құралдары мен олардың қалыптасу көздерінің шоттары өз кезегінде екі топқа бөлінеді: негізгі және реттеуші
Есепке алынатын шаруашылық құралдар мен қалыптасу көздері кәсіпорынның шаруашылық қызметінің түпқазығы болғандықтан, олар негізгі объектілер болып саналады.
Реттеуші шоттарды негізгі шоттарға қосымша ретінде ашады және олар өздері дербес бір шоттар болып саналмайды. Олар негізгі шоттарда есепке алынатын объектілерді бағалау үшін арналған.
Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелерінің шоттары әрекеттік және қаржылық – нәтижелік шоттар болып екі топқа бөлінеді.
Әрекеттік шоттар шаруашылық әрекеттер есебіне арналған арналған шоттар. Оларды үш топқа бөлуге болады:
1. Тарату шоттары
2. Калькуляциялық шоттар
3. Салыстыру шоттары
Тарату шоттары жинақтап – тарату, есептік – тарату, бюджеттік тарату шоттары болып бөлінеді.
Калькуляциялық шоттар өндірілген дайын өнімнің немесе орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын анықтау және барлық шығындарды есепке алу мақсатында жүргізіледі.
Салыстыру шоттар бір жылдың ішінде кәсіпорынның табыстары мен шығыстарын есептеуге арналған. Олардың көрсеткіштері салыстырылады және кәсіпорынның қаржылық нәтижесі анықталады.
Қаржылық – нәтижелік шоттар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтауға және алынған қаржылық нәтижелерді есептеуге арналған, сондықтан олар екі топқа бөлінеді: қаржылық-нәтижелік шоттар және қаржылық нәтиже есебінің шоттары.
5.3 Бухгалтерлік есепшоттарының экономикалық мазмұңы бойынша жіктелуі
Шоттарды экономикалық мазмұны бойынша жіктеудің негізіне шоттарда көрсетілетін объектілердің экономикалық мәні қойылған. Осы белгісі бойынша барлық шоттар үш топқа бөлінеді:
Шаруашылық құралдары есебінің шоттары;
Шаруашылық құралдарының қалыптасу көздері есебінің шоттары;
3.Шаруашылық процестері есебінің шоттары
Шаруашылық құралдары есебінің шоттары өндіріс саласы, айналым саласы және оқшауландырылған қаражат құралдарының шоттары болып бөлінеді.
Өндіріс процесі есебінің объектілері болып еңбек құралдары мен еңбек заттары табылады. Айналым процесінде есеп объектілері айналым құралдары, ақша қаражаты, есеп айырысудағы қаражат болып табылады. Осыған орай айналым саласы құралдарының есебі бойынша шоттарға «Дайын өнім», «Тауарлар», «Кассадағы нақты ақшалар», «Есеп айырысу шотындағы ақшалар», «Валюталық шоттағы ақша», «Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу» және т.б. шоттар жатады.
Шаруашылық құралдарының қалыптасу көздерінің есепшоттары оларда бейнеленетін қайнар көздердің сипаты бойынша - меншікті қаражаттар көздері, тартылған қаражат көздері болып бөлінеді.
Меншікті қаражат көздерінің есепшоттарына «Жарияланған капитал», «Резервтік капитал», «Эмиссиялық кіріс», «Тартылмаған табыс (жабылмаған зиян)» және т.б. шоттары кіреді. Бұл шоттарда кәсіпорынның меншікті қаражат көздерінің болуы мен қозғалысы көрсетіліп бейнеленеді.
Тартылган қайнар көздер және олармен болатын өзгерістер есебі үшін «Қысқа, ұзақ мерзімді банктік қарыз», «Салықтар бойынша міндеттемелер», «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге кредиторлық берешек», «Жұмысшылармен төлемақы бойынша есеп айырысу» және т.б. шоттарында көрсетілген ақпараттар пайдаланылады.
Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі бухгалтерлік есепшоттарының жоспарын құруға негіз болып алынған.
