Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

2.3 Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының қалыптасу көздерінің жіктелуі мен сипаттамасы

Меншікті капитал – бұда кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатын жарғылықты капиталы, резервтік капиталы, бөлінбеген пайда (жабылмаған зияны ) көрсетіледі.

Жарияланған капитал – кәсіпорынның жарғысында қаралған сол кәсіпорынның қызметін қамтамасыз ету үшін иелерінің жасаған қаржы салымдары болып табылады.

Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналған кәсіпорынның таза пайдасынан бөлінген меншікті капиталының бір бөлігі.

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындарды, салық төлемдерін шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

Қарыздық қаражат – кәсіпорындар өздерінің қызмет барысында меншікті қаражаттарынан басқа қарыздық қаражаттарын да пайдаланады. Олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар, несиелер, алынған аванстар және өзге де кредиторлық борыштар жатады.

Сонымен, қорыта келгенде, кәсіпорынның меншігіндегі шаруашылық құралдары (активтері) және олардың қалыптасу көздері, өндірістік процестері, яғни жабдықтау (дайындау), өндіру, өткізу бухгалтерлік есептің объектілері болып, бухгалтерлік есептің пәнін құрайды.

2.4 Бухгалтерлік есептің әдістері, олардың сипаттамасы

Кәсіпорындар мен ұйымдарда күнделікті болып отыратын операцияларды, үдірістерді бақылап, тексеру барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.

Бухгалтерлік есептің әдістері келесі түрлерден тұрады:

Құжаттау - барлық ұйымдарда күнделікті орындалатын әр түрлі шаруашылық операция-ларын бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып, заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептелінеді.

Түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын бухгалтерлік есептегі мәліметтерімен салыстырып отырады.

Шоттар - ұйымның активтері мен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды.

Екі жақты жазу әдісі - ұйымдардағы күнделікті болып отыратын операцияларды бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады.

Калькуляциялау әдісі - өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құңын анықтау әдісін калькуляциялау деп атайды.

Бағалау әдісі - кәсіпорындағы шаруашылық құралдардың және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге келтіріп есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.

Бухгалтерлік баланс - Кәсіпорынның активтерімен олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз. Оның сол жағында кәсіпорынның шаруашылық құралдары, яғни активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелері мен меншікті капиталы бейнеленеді.

Қорытынды есеп - ұйымның есепті кезеңдегі шаруашылық операцияларының, үдіріс-терінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады.