Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Тәжірибелік сабақ №11

Сабақ тақырыбы: Бағалау және калькуляция. Шаруашылық процестердің есебі

Сабақ мақсаты: бағалау әдісін бухгалтерлік есепте қолдану

Сабақ жоспары:

1) Қайталау сұрақтары:

1 Бағалау дегеніміз не? Оның бухгалтерлік есепте мәні қандай?

2 Бағалаудың қандай жолдарын білесіздер?

3 ФИФО, ЛИФО, орташа құн әдісі, арнайы идентификациялау әдістеріне қысқаша сипаттама беріңідер

4. Калькуляция дегеніміз не?

2) Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма №1 Өндіріске босатылған тауарлы-материалдық қорлардың және қалдықтарының құнын ФИФО, ЛИФО, орташа өлшем құны және арнайы идентификациялау әдістерімен анықтаңыздар:

Ай басындағы қалдық: 400 бірлік 38 теңгеден

Ай ішінде келіп түскен қорлар:

1-партия 250 бірлік 39 теңгеден

2-партия 400 бірлік 37 теңгеден

3-партия 320 бірлік 40 теңгеден

4-партия 500 бірлік 41 теңгеден

Барлық түскені: 1470 бірлік

Есепті кезеңде өндіріс қажеттілігіне қорлардың 1540 бірлігі босатылды. Ай соңында түгендеу барысында қорлардың келесі қалдықтары анықталды :

200 бірлік 40 теңгеден

130 бірлік 37 теңгеден

Тапсырма №2

Ай басындағы қалдық: 300 бірлік 35 теңгеден

Ай ішінде келіп түскен қорлар:

1-партия - 310 бірлік 33 теңгеден

2-партия - 280 бірлік 36 теңгеден

3-партия - 420 бірлік 37 теңгеден

4-партия - 530 бірлік 39 теңгеден

Барлық түскені: 1540 бірлік

Есепті кезеңде өндіріс қажеттілігіне қорлардың 1620 бірлігі босатылды. Ай соңында түгендеу барысында қорлардың келесі қалдықтары анықталды:

80 бірлік 36 теңгеден

140 бірлік 39 теңгеден

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

    1. ФИФО әдісінде бірінші түскен ТМҚ есептен бірінші кетеді

    2. ЛИФО әдісінде соңғы түскен ТМҚ есептен бірінші кетеді

    3. орташа өлшем құны бойынша ТМҚ-ң орташа бағасы анықталады және өндіріс қажеттілігіне босатылған ТМҚ-ң санына көбейтіледі

    4. Арнай идентификациялау әдісінде қоймада қалған ТМҚ-ң құны жалпы құннан алынады, қалған айырма өндіріске босатылған ТМҚ-ң құнын көрсетеді

Тәжірибелік сабақ №12

Сабақ тақырыбы: Бағалау және калькуляция. Шаруашылық процестердің есебі

Сабақ мақсаты: үстеме шығыстарды, өндіріс шығындарын жинақтау, өнімнің өзіндік құнын анықтау

Сабақ жоспары:

1) Қайталау сұрақтары:

1. Калькуляция дегеніміз не?

2. Шаруашылық процестерге не жатады?

3. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз не?

4. Өнімнің өзіндік құны қалай анықталады?

5. Шығындардың қандай түрлерін білесіз?

2) Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма

Өндіріс шығындарын жинақтап, өнімнің өзінді құнын анықтаңыз:

№

Шаруашылық операциялар

сомасы

1

Қоймадан материалдар босатылды:

1) негізгі өндіріс қажеттілігіне

300 000

2) негізгі құралдарды жөндеуге

50000

3) негізгі құралдарды қалыпта ұстауға

40000

2

Әрбір категория бойынша қызметкерлерге жалақы есептелді:

1 ) өнімді өндірумен байланысты негізгі өндіріс жұмысшыларына

200 000

2) негізгі құралдарды жөндеумен айналысқан жұмысшыларға

75000

3

Жалақы қорына әлеуметтік аударымдар (салық) есептелді:

1) негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына

38000

2) негізгі қүралдарды жөндеумен айналысқан жұмысшылардың жалақысына

14250

4

Коммуналдық қызметтер үшін төлеуге тиісті шоттар қабылданды

28000

5

Цехтардағы негізгі құралдардың тозуы есептелді:

2 2000

6

Үстеме шығыстар жинақталды:

?

А) материалдар

?

Б) негізгі құралдарды жөндеумен айналысқан жұмысшыларының жалақысы

?

В) жалақы қорына есептелген әлуметтік салық пен аударымдар

?

Г) коммуналдық қызметтер

?

Д) цехтардағы негізгі құралдардың тозуы

?

Жиыны:

?

7

Үстеме шығыстар негізгі өндіріс шығындарына жатқызылды

?

Негізгі өндіріс бойынша шығындар жинақталды:

?

А) материалдар

?

Б) негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысы

?

В) жалақыдан аударымдар

?

Г) үстеме шығыстар

?

8

Ай басындағы аяқталмаған өндіріс негізгі өндіріс шығындарына жатқызылды

61 600

9

Негізгі өндірістің қалдықтары ай соңындағы ақталмаған өндіріске жатқызылды

59300

10

Өндіріс шығындары

?

11

Негізгі өндірістен 900 дана дайын өнім босатылды

Бір дананың өнімнің өзіндік құны

?