Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1. Төменде көрсетілгендей екі жақты кесте құрыңыз

Шаруашылық құралдарының түрлері

Сомасы, тг

Шаруашылық құралдарының қалыптасу көздері

Сомасы, тг

Жиыны

Жиыны

2. Кестеге есептің шаруашылық құралдарын түрлері мен қалыптасу көздері бойынша бастапқы деректерін енгізіңіз

3. Барлық шаруашылық құралдардың түрлері мен қалыптасу көздері бойынша жиынын есептеңіз.

4. Екі жақтың жиыны тепе тең болуы қажет

ООӨЖ №3 Бухгалтерлік баланс және есеп беру

Мақсаты: Бухгалтерлік есептің баланс әдісін тәжірибеде қолдану

1) Топтық презентация

2) Тренинг есептері:

Шаруашылық құралдардың түрлері және қалыптасу көздерінің қалдықтары бойынша кәсіпорынның балансын құрастырыңыз

1

  1. Еңбекақы бойынша есеп айырысу – 410 000

  2. Сатып алушылардың қарыздары – 265 000

  3. Материалдар – 211 000

  4. Есеп айырысу шоты – 158 000

  5. Жарияланған капитал – 1 600 000

  6. Қысқа мерзімді қарыздар – 75 000

  7. Өзге де кредиторлармен есеп айырысу – 24 000

  8. Жер салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу – 16 000

  9. Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу – 195 000

  10. Ұзақ мерзімді қаржы салымдары - 500 000

  11. Сақтандыру компаниясымен есеп айырысу – 44 000

  12. Дайын өнім – 242 700

  13. Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы – 110 000

  14. Жер – 960  000 тг

  15. Касса – 200 тг

  16. Резервтік капитал – 57 030

  17. Есепті тұлғалардың қарыздары – 2 300

  18. Патенттер – 165 000

  19. Аяқталмаған өндіріс - 26830

2 Келесі шаруашылық операциялар қандай баланс өзгерісін тұғызады?

1. Есеп айырысу шотынан кассаға ақша алынды

2. Есеп айырысу шотына банк несиесі түсті

3. Есеп айырысу шотынан жабдықтаушыларға ақша аударылды

4. Касса қалдығы есеп айырысу шотына өткізілді

5. Бөлінбеген пайданың бір бөлігі резервтік капиталға қосылды

3 Келесі шаруашылық операциялар қандай баланс өзгерісін тұғызады?

1. Жабдықтаушылардан негізгі құралдар қарызға алынды

2. Есеп айырысу шотына сатып алушылардан ақшалар түсті

3. Есеп айырысу шотына банк несиесі түсті

4. Еңбекақыдан алимент сомасы ұсталды

5. Есеп айырысу шотынан бюджетке салықтар аударылды

4 Келесі шаруашылық операциялар қандай баланс өзгерісін тұғызады?

  1. Есеп айырысу шотынан кассаға ақша алынды

  2. Кассадан еңбекақы таратылды

  3. Бюджетке есеп айырысу шотынан жер салығы аударылды

  4. Жабдықтаушылардан қарызға компьютерлер сатып алынды

  5. Есеп айырысу шотынан банк несиесі төленді

  6. Есеп айырысу шотынан жабдықтаушылардың алдындағы қарыз ақшалар төленді

  7. Кассадан есепті тұлғаға кенсе тауар сатып алуға ақша берілді

  8. Есеп айырысу шотына банк несиесі түсті

  9. Кассадан алимент сомасы төленді

  10. Бөлінбеген пайданың бір бөлігі резервтік капиталға қосылды

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1. Төменде көрсетілгендей баланс кестесін құрыңыз

Актив

Сомасы, тг

Пассив

Сомасы, тг

Баланс

Баланс

2. Кестенің Актив бөліміне есептің шаруашылық құралдарының бастапқы қалдықтарын енгізіңіз

3. Кестеге Пассив бөліміне есептің шаруашылық құралдарының қалыптасу көздерінің бастапқы қалдықтарын енгізіңіз

4. Актив және пассив бөлімдері бойынша жиынын есептеңіз.

5. Актив және пассив бойынша баланстары тепе тең болуы қажет