Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

Касса кіріс және шығыс ордерлерінің барлық міндетті реквизиттерін толтыру, оларға тиісті «Алынды» және «Берілді» белгілерін қою қажет. Құжаттарда жазбалар әдетте көк сиямен, анық жазылу тиіс. Ешқандай түзету жіберуге болмайды.

ООӨЖ №10 Құжаттау және түгендеу

Мақсаты: түгендеу тізімдемесін толтыру және түгендеу нәтижелерін рәсімдеу

1) Топтық презентация

2) Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма №1 Берілген деректердің негізінде түгендеу нәтижесін рәсімдеңіз:

«Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте 15.10.2009 ж № 85 басшының бұйрығы бойынша 16.10.2009-21.102009 аралығында қоймадағы тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізілді. Түгендеуге қатысқан тұлғалар:

  • түгендеу комиссияның төрағасы: Оспанов А. С. – директор

  • комиссия мүшелері: Акимова С.Н. - бухгалтер

Жунусов М.К. – цех бастығы

Садыков А.А. – қойма меңгерушісі

Түгендеу нәтижесінде келесілер анықталды:

Тауарлы-материалдық құндылықтар

Өлшем бірлігі

Бағасы

Нақты бар болуы

Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша

Атауы, түрі, сорты, тобы

Номенкла-туралық коды

Атауы

теңге

Саны

Сома-сы

тг

Саны

Сомасы

тг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Драп матасы

001245

Метр

1150,00

77

?

78

?

2

Сатин матасы

002191

Метр

250,00

43

?

40

?

3

Былғары

03487

Метр

4125,00

50

?

49

?

4

Астар матасы

04875

Метр

200,00

164

?

165

?

5

Синтепон

068742

Метр

320,00

180

?

180

?

Жиыны

Х

Х

Х

528

?

525

?

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1) Түгендеу актісін толтырыңыз:

2) Ауытқу анықталған құндылықтар бойынша салыстыру тізімдемесін құрыңыз:

3) Ауытқу анықталған құндылытар бойынша бухгалтерлік жазбаларын құрастырыңыз: артық шыққан құндылықтар кіріске алыныз, кем шыққан құндылықтарды материалды жауапты тұлғанық есебіне апарыңыз.

ООӨЖ №11 Бағалау және калькуляция. Шаруашылық процестердің есебі

Мақсаты: бағалау әдісін бухгалтерлік есепте қолдану

1) Топтық презентация

2) Тапсырма

1 Өндіріске босатылған тауарлы-материалдық қорлардың және қалдықтарының құнын ФИФО, ЛИФО, орташа өлшем құны және арнайы идентификациялау әдістерімен анықтаңыздар:

Ай басындағы қалдық: 1400 бірлік 68 теңгеден

Ай ішінде келіп түскен қорлар:

1-партия 1250 бірлік 69 теңгеден

2-партия 1400 бірлік 67 теңгеден

3-партия 1320 бірлік 70 теңгеден

4-партия 1500 бірлік 71 теңгеден

Барлық түскені: 5470 бірлік

Есепті кезеңде өндіріс қажеттілігіне қорлардың 5140 бірлігі босатылды. Ай соңында түгендеу барысында қорлардың келесі қалдықтары анықталды :

800 бірлік 40 теңгеден

930 бірлік 37 теңгеден

2

Ай басындағы қалдық: 2300 бірлік 75 теңгеден

Ай ішінде келіп түскен қорлар:

1-партия - 1910 бірлік 73 теңгеден

2-партия - 2180 бірлік 74 теңгеден

3-партия - 2420 бірлік 75 теңгеден

4-партия - 3530 бірлік 76 теңгеден

Барлық түскені: 10040 бірлік

Есепті кезеңде өндіріс қажеттілігіне қорлардың 10120 бірлігі босатылды. Ай соңында түгендеу барысында қорлардың келесі қалдықтары анықталды:

1080 бірлік 76 теңгеден

1140 бірлік 74 теңгеден