Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

2. Бақылау жұмысы і Вариант

1. Сұрақ: Шаруашылық есептің мәні, мағынасы, түрлері

2. Есеп: берілген көрсеткіштердің негізінде

А) Кәсіпорынның 2009 жылдың 01 қыркүйегіне балансын құрастырыңыз

Б) Шот корреспонденцияларын құрастырыңыз

В) Синтетикалық шоттар бойынша шахматтық айналым тізімдемесін құрастырыңыз

Г) Синтетикалық шоттардың қалдықтары бойынша айналым тізімдемесін құрастырыңыз

Д) Кәсіпорынның 2009 жылдың 01 қазанға балансын құрастырыңыз

2009 Жылдың 01 қыркүйектегі шоттар бойынша қалдықтар:

  • Негізгі құралдар – 250 000 тг

  • Материалдар – 10 000

  • Есеп айырысу шоты – 90 000

  • Касса – 500 тг

  • Жарияланған капитал – 360 000

  • Банк несиесі – 20 000

  • Есепті тұлғалардың қарыздары – 2 500

  • Сатып алушылардың қарыздары – 40 000

  • Салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу – 17 000

  • Жабдықтаушылармен есеп айырысу – 10 000

  • Еңбекақы бойынша есеп айырысу – 96 000

  • Дайын өнім – 160 000

  • Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы – 50 000

2009 Жылдың қыркүйек айындағы орындалған шаруашылық операциялар:

  1. Есеп айырысу шотына банк несиесі түсті – 140 000 тенге

  2. Есеп айырысу шотынан кассаға ақша алынды – 220 000 тенге

  3. Алынған материалдарға жабдықтаушылардың шоты акцептелді - 98 000 тенге

  4. Кассадан еңбекақы таратылды – 80 000 тенге

  5. Алынған материалдардың ақшасы кассадан төленді – 98 000 тенге

  6. Кассадан есепті тұлғаға кенсе тауар сатып алуға ақша берілді – 17 000 тенге

  7. Есепті тұлғаның аванс есебінің негізінде кенсе тауарлары кірістелді – 16 800 тенге

  8. Негізгі өндіріске материалдар босатылды – 100 000 тенге

  9. Негізгі өндірістен дайын өнім босатылып, қоймаға кірістелді – 95 000 тенге

  10. Негізгі өндірістің қалдықтары ай соңында аяқталмаған өндіріске аударылды – 5 000 тенге

  11. Кассадан шығыс касса ордері бойынша депоненттелген еңбекақы берілді – 16 000 тенге

  12. Сатып алушыларға қоймадан дайын өнім тиеліп жіберілді – 140 000 тенге

  13. Бөлінбеген пайданың бір бөлігі жарияланған капиталға қосылды -30 000 тенге

  14. Кассаға есепті тұлғаның аванс қалдығы өткізілді – 2700 тенге

  15. Есеп айырысу шотына сатып алушылардан ақша түсті – 140 000 тенге

  16. Бюджетке есеп айырысу шотынан көлік салығы аударылды – 17 000 тенге

  17. Есеп айырысу шотынан банк несиесі төленді – 80 000 тенге

  18. Есеп айырысу шотынан жабдықтаушылардың алдындағы қарыз ақшалар төленді – 10 000 тенге

  19. Кассадан іссапар шығыстарына қызметкерге есепті сома берілді – 12 000 тенге

ІІ Вариант

1. Сұрақ: Шаруашылық есептегі қолданатын өлшем түрлері

2. Берілген көрсеткіштердің негізінде

А) Кәсіпорынның 200х жылдың 01 тамызға балансын құрастырыңыз

Б) Шот корреспонденцияларын құрастырыңыз

В) Синтетикалық шоттар бойынша шахматтық айналым тізімдемесін құрастырыңыз

Г) Синтетикалық шоттардың қалдықтары бойынша айналым тізімдемесін құрастырыңыз

Д) Кәсіпорынның 200х жылдың 01 қыркүйегіне балансын құрастырыңыз