- •4. Курстың қысқаша сипаттамасы
- •5. Бағалау саясаты Баға қоюдын критерилері (мысалы)
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •6. Курстың саясаты
- •7. Академиялық тәртіп және этика саясаты
- •Пәннің жұмыс бағдарламасының мазмұны
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •8. Лекциондық комплекс (лекциялар тезистары, көрнекі және үлестірмелі материал, негізгі әдебиеттер тізімі )
- •1 Тақырып Бухгалтерлік есеп, оның маңызы мен мәні
- •1.1 Бухгалтерлік есеп туралы түсінік, оның міндеті мен мақсаты
- •Есеп түрлері. Бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- •Бухгалтерлік есеп принциптері
- •Бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылары
- •Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
- •2 Тақырып Бухгалтерлік есептің әдістері мен пәні
- •2.1 Бухгалтерлік есеп объектілері. Өндірістік процестердің сипаттамасы
- •2.2 Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының түрлері мен орналасуы бойынша жіктелуі мен сипаттамасы
- •2.3 Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының қалыптасу көздерінің жіктелуі мен сипаттамасы
- •2.4 Бухгалтерлік есептің әдістері, олардың сипаттамасы
- •3 Тақырып. Бухгалтерлік баланс және есеп беру
- •3.1 Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны мен құрылымы .
- •3.2 Баланс түрлері, олардың сипаттамасы
- •3.3 Баланс баптарына әсер ететін шаруашылық операциялардың түрлері. Баланс өзгерістері
- •4 Тақырып. Бухгалтерліқ есеп шоты және екі жақты жазу
- •4.1 Бухгалтерлік есепшот туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы
- •4.2 Активті және пассивті шоттар, олардың құрылымы
- •4.3 Бухгалтерлік есепшоттары мен бухгалтерлік баланс арасындағы байланыс.
- •4.4 Жинақтау (синтетикалық) және талдау (аналитикалық) есепшоттары
- •4.5 Бухгалтерлік есептегі айналым тізімдемелері
- •5 Тақырып Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі
- •5.1 Шоттардың жіктелуінің мағынасы
- •5.2 Бухгалтерлік есепшоттарының мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі
- •5.4 Бухгалтерлік есепшоттарының баланспен байланысы бойынша жіктелуі
- •Баланстық
- •Баланстан тыс
- •5.5 Бухгалтерлік есепшоттарының жұмыс жоспары туралы түсінік, оның құрамы
- •5.6 Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдерінің сипаттамасы
- •6 Тақырып Құжаттау және түгендеу
- •6.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
- •6.2 Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
- •6.3 Құжаттарды тексеру және бухгалтерлік өңдеу
- •6.4 Құжат айналымы
- •6.5 Құжаттарда жіберілген қателерді түзету әдістері
- •6.6 Түгендеу, оның мәні. Түгендеу түрлері
- •7 Тақырып: Бағалау және калькуляция. Шаруашылық процестердің есебі
- •7.1 Бағалау және калькуляция
- •7.2 Шаруашылық процестердің есебі
- •8 Тақырып Есеп регистрі мен бухгалтерлік есеп нысандары
- •8.1 Бухгалтерлік есеп регистрлері, олардың жіктелуі
- •8.2 Бухгалтерлік есеп нысандары, олардың сипаттамасы
- •9.1 Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілуі
- •9.2 «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- •9.3 Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары
- •9.4 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары
- •Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
- •Тәжірибелік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақ №1
- •Тәжірибелік сабақ №2
- •1) Тренинг сұрақтары
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №3
- •1) Қайталау сұрақтары
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №4
- •1) Қайталау сұрақтары
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №5
- •1) Оқушыларды екі топқа бөліп, Ривин әдістемесі бойынша өткен тақырыптар бойынша бір біріне сұрақ қою
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №6
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №7
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ №8
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №9
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ №10
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №11
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №12
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №13
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ №14
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №15
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Ооөж күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тренинг есептері:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тренинг есептері
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тапсырма
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тапсырма
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •2) Топтық презентация
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Топтық презентация
- •Оөж бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Глоссарий
- •1. Межелік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Бірінші межелік бақылау
- •Екінші межелік бақылау
- •2. Бақылау жұмысы і Вариант
- •2009 Жылдың 01 қыркүйектегі шоттар бойынша қалдықтар:
- •2009 Жылдың қыркүйек айындағы орындалған шаруашылық операциялар:
- •2009 Жылдың 01 тамыздағы шоттар бойынша қалдықтар:
- •2009 Жылдың тамыз айының шаруашылық операциялары:
- •3. Емтихан сұрақтары
- •4. Тест сұрақтары
- •Тақырып: «Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі»
- •Тақырып: «Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі»
- •Тақырып Құжаттау және түгендеу
- •Тақырып «Есеп регистрі мен бухгалтерлік есеп нысандары»
5.4 Бухгалтерлік есепшоттарының баланспен байланысы бойынша жіктелуі
Балансқа қатысы бойынша барлық шоттар былай бөлінеді:
Баланстық
Баланстан тыс
Баланстық шоттар кәсіпорынға тиісті шаруашылық құралдарын және олар құрылған құрылу көздерін көрсетеді. Осы шоттар бойынша қалдықтар баланстың актив және пассив бөлімдерінде көрсетіледі және олардың сомалары баланс валютасын құрайды.
Баланстық шоттар былай бөлінеді:
активтік және контрактивтік, олардың екеуі де баланс активінде көрсетіледі;
пассивтік және контрпассивтік, осы шоттар бойынша қалдықтар баланс пассивінде көрсетіледі.
Баланстан тыс шоттар - бұл кәсіпорынның меншігіне жатпайтын басқа кәсіпорындардан уақытша пайдалануға (қысқа мерзімдік жалға) алынған, жаңылыс келіп түскен, уақытша сақтауға қойылған тауарларды есептеуге арналған шоттар. Бұл шоттар кәсіпорынның балансында есептелмегендіктен, олар кәсіпорын балансына әсер етпейді. Баланс сыртындағы шоттар нөмірлерін уақытша пайдалануға, сақтауға алынған мүліктердің түріне қарай кәсіпорын өзі белгілей алады.
5.5 Бухгалтерлік есепшоттарының жұмыс жоспары туралы түсінік, оның құрамы
Алдыңғы тақырыпта айтылғандай, кәсіпорынның бухгалтерлік жүйесіндегі ақпаратты жинақтап, сақтап отыратын негізгі бірлік — шот болып табылады. Олар кәсіпорынның әрбір активтерінің, міндеттемелерінің және меншікті капиталдарының, сондай-ақ кірістері мен шығындарының түрлеріне қарай ашылады. Осы шоттардың белгілі бір ережеге сәйкес нөмірлері бойынша жасалған (орналастырылған) тізімін "шот жоспары" немесе «шот кестесі» деп атайды.
Қазақстан Республикасында 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартарына сәйкес жүргізеді. Сондықтан Қаржы Министрлігі Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі Нұсқаулықты бекітті.
Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі шаруашылық әрекеттерді тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет жинақтау және талдау шоттардың толық тізбесін қамтиды. Шоттар жоспары негізінен бухгалтерлік баланс баптарына қарай құрылғанын да байқауға болады. Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады.
- Нөмірдің бірінші саны – шоттың бөлімге тиістілігін білдіреді, өтімділікті азайту сатысы тәртібімен орналасқан
- екінші саны – шоттың кіші бөлімге тиістілігін білдіреді
- үшіншісі – жинақтау шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді
- төртінші санды жинақтау шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен кәсіпорын өзі дербес анықтайды.
5.6 Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдерінің сипаттамасы
Шоттардың жұмыс жоспары 8 бөлімнен, 48 тармақтан тұрады. Осыған дейін айтылғандай, шоттар жоспары негізінен бухгалтерлік баланс баптарына қарай құрылған.
Бірінші бөлім «Қысқа мерзімді активтер» деп аталады. Бұл тарауда ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, қысқа мерзімді дебиторлық берешек, қорлар, ағымдағы салық активтері, сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер, өзге қысқа мерзімді активтерді есептеуге арналған жеті тармақ шоты қарастырылған.
Екінші бөлім «Ұзақ мерзімді активтер» деп аталып, онда он тармақтын, яғни ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, биолгиялық активтер, барлау және бағалау активтері, материалдық емес активтердің, кейінге қалдырылған салықтық активтер, өзге ұзақ мерзімді активтердің шоттары қарастырылған.
Үшінші бөлім «Қысқа мерзімді міндеттемелер» деп аталатын. Бұл бөлімде кәсіпорынның басқалардан бір жылға дейін уақытша несиеге, қарызға немесе басқадай алған берешектерін есептеуге, соңдай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы үшін берешек сомаларын, бюджетке және бюджеттен тыс мекемелерге қарыз сомаларын, алынған аванстарды есептеуге арналған алты тармақтын шоттары қарастырылған.
Төртінші бөлім «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» деп аталады. Бұл бөлімде кәсіпорынның ұзақ мерзімге бір жылдан астам уақытқа алынған несиелерін, қарыздарын, ұзақ мерзімді кредиторлық берешектерін, міндеттемелерін есептеуге арналған бес тармақтын шоттары қарастырылған.
Бесінші - «Капитал мен резервтер» деп аталатын бөлім ұйымның өз меншігіндегі қаражатына есеп жүргізуге арналған бес тармақтын шоттарынан тұрады. Мұнда жарияланған капитал, төленбеген капитал, резервтік капитал, эмиссиялық кіріс, үлестік аспаптар, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоттары қарастырылған.
Алтыншы бөлім «Кірістер» деп аталады. Онда кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерден алатын кірістері, сондай-ақ сатылған тауарлардың қайтарылуын, сату шегерімін және баға шегерімін есептеуге арналған бес тармақтын шоттары қарастырылған.
Жетінші — «Шығыстар» деп аталатын бөлім ұйымның сатылған тауарларының (атқарған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерінің) өзіндік құнын, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындарын, жалпы және әкімшілік шығындарын, есептелген пайыз бойынша шығындарын, негізгі емес қызмет бойынша шығындары, табыс салығы бойынша шығындары, төтенше жағдайлардан және операциялардың тоқтатылуынан болатын кірістері (шығындары), басқа ұйымдарға үлестік қатысудан болатын кірістері (шығындары) есептелетін сегіз тармақтын шоттарынан тұрады.
Сегізінші – «өндірістік есеп шоттары» деп аталады. Бұл бөлімде кәсіпорынның өнім өндіруі немесе қызмет көрсетуі барысында жұмсалған материалдық, еңбекақы және әр түрлі аударымдар бойынша шығындары өндіріс түрлеріне қарай (негізгі, көмекші т.с.с.) бөлініп, топталып қарастырылған шоттардан тұрады.
Кәсіпорын өз меншігіне жатпайтын басқа кәсіпорындардан уақытша пайдалануға (қысқа мерзімдік жалға) алынған, жаңылысып келіп түскен құндылықтарды, уақытша сақтауға қойылған тауарларды есептеуге арналған «баланс сыртындағы шоттарды» да қарастыра алады. Жоғарыда айтылып кеткендей, баланс сыртындағы шоттардың нөмірлерін уақытша пайдалануға, сақтауға алынған мүліктердің түріне қарай кәсіпорын өзі белгілей алады.
