Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Глоссарий

Аванс - алдағы шығындар мен төлемдер есебінен төленетін ақша қаражаттары.

Аванстық есеп — есеп беруге тиісті тұлғалармен құрылған және ұсынылған үлгі нысанындағы құжат.

Авизо - бір кәсіпорынның екінші бір кәсіпорынға өзара есеп айырысулары мен үшінші бір тұлгалармен есеп айырысулары жағдайындағы өзгерістері туралы ресми хабарламасы. Авизо пошталық немесе телеграфтық болады.

Айналым шығындары — өнімнің айналысы процесімен байланысты шығындар.

Акцепт — ақшалай және тауарлық құжаттарды төлеуге келісім.

Акциздер — тауар бағасына қосылатын және сатып алушымен төленетін жанама салықтар.

Акция — бағалы қағаз ұстаушыға (акционер) дивиденд түрінде пайда алуға құқық беретін және акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға құқық беретін бағалы қағаз.

Айып - келісім-шарт бойынша міндеттемелерді бұзғандыры үшін төлем.

Ақшасыз есеп айырысу — сатып алушының есеп айырысу шотынан сатушының шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі әдісі.

Ақшалай чек — кәсіпорынның банкке өз шотынан чекте көрсетілген нақты ақша сомаларын беру туралы бұйрығы жазылған бекітілген нысандағы құжат.

Ағымдағы шот — қоғамдық ұйымдармен және бюджеттік мекемелермен банктерде ашылатын шоттар.

Ақпараттарды баланстық қорытындылау кәсіпорынның қаржы-мүліктік жағдайын анықтау

Айналым құралдары -ұ бір өндіріс циклінде толығымен тұтынылатын, өзінің заттай нысанын өзгертетін және жоятын, толығымен өзінің құнын өнімнің құнына көшіретін еңбек заттары. Мұнда дайын өнім және қайта сату үшін тауарларды жатқызады.

Амортизациялық аударымдар - өнімнің өзіндік құнына кіретін негізгі құралдардың амортизациясы мөлшерін ақшалай бейнелеу.

Амортизация — негізгі құралдардың біртіндеп тозуы және олардың құнының өндірілген өнім құнына апарылуы.

Баланстық шоттар — бухгалтерлік баланста көрсетілетін бухгалтерлік есепшоттары.

Банк — ақшалай және ақшасыз қаражаттардың төлем айналымы жүзеге асырылатын ақшалай-несиелік мекеме.

Бухгалтерлік баланс — есепті кезеңге құрылган кәсіпорынның шаруашылық құралдарын құрамы және орналасуы бойынша және олардың құрылу көздері бойынша жағдайын ақшалай бейнеде көрсететін ақпараттар көзі.

Брутто - орауымен бірге тауар массасы.

Бухгалтерлік ақпарат - басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы сапалы ақпараттар алу.

Бухгалтерлік есеп беру - бекітілген нысандарга сәйкес бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде құрылатын кәсіпорынның мүлікті және қаржылық әрі шаруашылық қызметінің жағдайы туралы мәліметтер жүйесі.

Баланстан тыс бухгалтерлік шоттар - балансқа кірмейтін қалдықтар және оның валютасынан, яғни баланстан тыс көрсетілетін шоттар.

Бухгалтерлік жазба - бір уақытта бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне соманы жазу.

Бухгалтерлік құжат - шаруашылық әрекетін орындау және оның нақтылы орындалғандығын растаудың жазбаша куәлігі.

Бухгалтерлік есеп - барлық шаруашылық әрекеттерін жаппай, үздіксіз және құжаттандыру жолымен ақшалай бейнеде кәсіпорынның шаруашылық құралдары, оның міндеттемелері және қозғалысы туралы ақпараттарды жинау, тіркеу және қорытындылау.

Банктік қарыз - несиелендіру мақсатында кәсіпорындарға банкпен берілетін ақша қаражаттары сомалары.

Бухгалтерлік баланс валютасы - ақшалай бағалаумен көрсетілген есепті кезеңге баланстың активі мен пассивінің жиынтығы.

Банкроттылық — кәсіпорынның кредиторларға тауарларды (жүмыстар, қызметтер) төлеу қабілеттерінің жоқтығы.

Бухгалтерлік есеп сметасы - сапалы біртекті белгілері бойынша шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің өзара байланысқан бейнеленуі мен топтастырылуы.

Бюджеттен тыс құралдар - мемлекеттің бюджетінен емес, басқа көздерден бөлінетін қаражаттар.

Банкте кәсіпорын шотынан көшірмесі - банк мекемесінен кәсіпорынға берілетін және есепшоттарында ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін құжат.

Баға валютасы - сыртқы сауда мәмілесінде тауар бағасын, қызмет көрсету құны, халықаралық несие сомасын көрсететін валюта.

Бухгалтерлік есеп қағидалары - бухгалтерлік есептің ғылым ретіндегі негізі, базалық жағдайы

Бухгалтерлік баланс баптары - кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің жеке түрлерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің бағандары.

Бухгалтерлік есеп нысаны - жинақтау және талдау есебі байланысын, шаруашылық әрекеттерді тіркеу әдістемесі мен техникасы, есеп үрдісін ұйымдастыру технологиясын анықтайтын есептіркегіштердің жиынтығы.

Бағалау - шаруашылық құралдарын ақшалай өлшеммен көрсету әдісі.

Бухгалтерлік есеп объектілері - кәсіпорын қызметінде жүзеге асырылатын оның құралдары, міндеттемелері мен шаруашылық әрекеттері.

Бухгалтерлік есепшоттардың жіктелуі - кәсіпорынның шаруашылық құралдары, міндеттемелер және шаруашылық әрекеттерін көрсететін біртекті әкономикалық мазмұны бойынша топтарға біріктіру.

Бухгалтерлік есепшоттардың жоспары- бухгалтерлік есептің жинақтау шоттарының жүйеленген тізімі.

Бухгалтерлік шоттарды ашу - бухгалтерлік шотқа бастапқы қалдығын белгілей отырып, оларға атауларын беру процедурасы

Баланстық табыс - өнім, негізгі құралдар, сатудан тыс әрекеттер бойынша табыстар мен басқа да мүліктерді сатудан осы әрекеттер бойынша шығындар сомасына кемітілген табыс сомасы.

Бухгалтерлік есепшоттардың жұмыс жоспары -кәсіпорын қызметінің ерекшелігіне және көлеміне байланысты қолданылатын шоттардың санының кемуі немесе артуы.

Валюта — мемлекеттің (ұлттық валюта) немесе шет елдің (шет елдік валюта) ақша жүйесіне негізделген ақша бірлігі.

Валюталық курс - бір елдің ақша бірлігінің басқа елдің ақша бірлігімен бағалануы. Ол валюталардың сатып алу қабілеттері есебімен анықталады.

Вексель - жазбаша қарыздық міндеттеме.

Дебет - активтік шоттар үшін көбею, ал пассивті шоттар үшін азаюды көрсететін бухгалтерлік есеп шотының (сол) бөлігі.

Дебиторлық қарыз - кәсіпорынға берілген аванстар, есеп беруге тиісті тұлғалар үшін сомалар, тауарлар мен қызметтер үшін қарызы.

Дебиторлар - кәсіпорынға қарызы бар заңды және жеке тұлғалар.

Депонент - кәсіпорында уақытша сақтаулы ақша қаражаттары бар заңды және жеке тұлғалар.

Депрессия - дағдарыстан кейін байқалатын экономика жағдайы.

Дефляция - инфляция кезінде шығарылған артық ақша массасын айналымнан шығару процесі.

Дивиденд - акционерлерге табыстар төленетін акционерлік қоғам пайдасының бөлігі.

Екі жақты жазу - әрбір шаруашылық әрекеті бухгалтерлік есепшоттарда екі рет жазылады: бірдей сомаға бір шоттың дебеті мен екінші шоттың кредиті бойынша жазу.

Еңбек заттары - материалдың игіліктерді өндіру үшін еңбек құралдарының көмегімен адамның еңбегі бағытталған шикізат, материалдар, отын, жартылай фабрикаттар, өнімдер және т.б.

Есеп айырысу шоты - кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын сақтауына, ақшалай және ақшасыз нысанда ағымдағы есеп айырысуына арналған банк мекемесіндегі шоты.

Еңбек құралдары - еңбек заттарына әсер ететін еңбек құралдары.

Есептіркегіш - есеп жазбаларына арналған карточкалар, ведомостар, бухгалтерлік кітаптар.

Жинақтау есебі - бухгалтерлік есептің жинақтау шоттарында жүргізілетін белгілі бір экономикалық белгілері бойынша шаруашылық құралдарының, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерінің түрлері туралы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің жинақталған есебі.

Жал — келісім-шарт негізінде белгілі бір сомаға мүлікті уақытша пайдалануға беру.

Жалға алушы - мүлікті жалға алушы тұлға, кәсіпорын, ұйым.

Жалдық кәсіпорын - барлық шаруашылық қызметі жалдық мүліктің кешен базасына негізделген кәсіпорын.

Жалға беруші - мүлікті жалға беруші тұлға, кәсіпорын, үйым.

Жинақтау есебі шоттары - ақшалай өлшегіште көрсетілген экономикалық біртекті топтар бойынша шаруашылық құралдары мен әрекеттері туралы жалпы мәліметтер.

Жарғылық капитал - құрылтайшылардың кәсіпорынды құрған кездегі мүліктер салымдарының ақшалай көрінісі.

Инвентарь - шаруашылық және өндіріс мақсатындағы шаруашылық құралдарының жиынтығы.

Инвентарлық объект — барльщ ңабілеттерімен және қатыстылығымен заттар немесе қүралдар кешені, аяң-талған қүрылгы.

Калькуляция - шығындардың өнім өндірісіне біртіндеп апарылу тәртібі мен өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын анықтау әдісі.

Капитал - міндеттемелерді шегергеннен кейінгі кәсіпорынның қалған меншікті капиталының үлесі.

Контрарлық бухгалтерлік шоттар - негізгі шоттарды өздерінің қалдық сомаларына азайтатын реттеуші шоттар.

Күрделі бухгалтерлік жазба - бірнеше шоттар дебеттеледі және бір ғана шот кредиттелетін немесе керісінше бір ғана шот дебеттеліп, бірнеше шот кредиттелетін бухгалтерлік жазба.

Корректурлық әдіс - есеп жазбаларында қате жазбаны сызу және дұрысын енгізу жолымен қателерді жөндеу тәртібі.

Кредит - пассивті шоттар үшін көбею, ал активтік шоттар үшін азаюды көрсететін бухгалтерлік есеп шоттарының (оң жақтағы) бөлігі.

Кредиторлық қарыз - кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен тұлғаларға қарыз сомасы.

Кәсіпорын басшысы - кәсіпорынның атқарушы органының басшысы немесе кәсіпорын қызметін жүргізуге жауапты тұлға.

Кредиторлар - көсіпорынның заңды және жеке тұлғаларға қарызы.

Кәсіпорынның есеп саясаты - бухгалтерлік есепті жүргізу әдістерінің жиынтығы.

Құрылтай құжаттары - жарғы және құрылтай келісім-шарты. Заңды тұлғалардың құрылтай келісім-шарттары құрылтайшылар арасында жасалады, ал жарғы сонымен бекітіледі.

Курстық айырма - елдің валютасының шет ел валютасына ағымдағы өзгерісімен байланысты туындайтын тауар құнындағы айырмашылық.

Қатаң есептегі бланктер - шаруашылық әрекеттерін рәсімдеу үшін есепке ала отырып жұмысшыларға берілетін қатаң есепке жататын құжаттар бланктері.

Қосылған капитал - мүліктің үстемесі (эмиссиялық табысты алудың артық бағасы және бағалықтарды қайтымсыз алу).

Қызыл сторно әдісі (теріс жазба) қате шоттар корреспонденциясын жөндеу үшін немесе керекті сомадан қате сома артық болған кезде қолданылады.

Құжаттандыру (алғашқы есеп) - шаруашылық құралдары, міндеттемелері мен шаруашылық әрекеттерін бухгалтерлік құжаттармен ресімдеу әдісі.

Құжат айналымы - құжаттың құрудан бастап архивке өткізуіне дейінгі жолы.

Құжаттар таксировкасы - заттай шамаларда құжаттарда тіркелген әрекеттерді ақшалай бағамен анықтау.

Қосымша жазба - егер есептіркегіштерде сома нақтысынан аз болып жазылса қолданылатын әдіс.

Қосымша бухгалтерлік шоттар - негізгі шоттарда мүліктердің қалдықтарын өз сомасына арттыратын реттеуші шоттар

Қосылған құн салығы (ҚҚС) - өндіріс пен тауар сатудың әрбір кезеңінде қосылатын құн базасы болып табылатын тауарлар мен қызметтерге жанама салық.

Лизинг - құрылғылар, машиналар мен негізгі құралдарды ұзақ мерзімді жалға беру.

Мүліктің меншік көздері - кәсіпорынның ақшалай бейнедегі материалдық базасы.

Менеджмент - өндірісті басқару қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандары жиынтығы.

Материалдық емес активтер - ұзақ мерзімді пайдаланудағы объектілер, олар кәсіпорын үшін заттың құндылық болып табылмайды, бірақ ақшалай бағаланады және табыс әкеледі.

Наряд — жұмыстың нақты орындалу көлемін растайтын және әр түрлі жұмыстарды орындауға тапсырмадан тұратын құжат.

Негізгі құралдар — өнім өндіру, қызмет көрсету және жұмыс орындау кезінде еңбек құралдары ретінде қолданылатын мүліктердің бөлігі.

Негізгі құралдардың қалдық құны — бастапқы және қалпына келтіру құнынан олардың күрделі жөндеуін есепке алып тозуын шегеріп тастағандағы құны.

Нетто — ораусыз тауар массасы.

Номинал акция, облигация, банкнота, монета және т.б. бастапқы құны.

Негізгі құралдарды қайтымсыз беру — кәсіпорынның негізгі құралдарының басқаларына қайтымсыз берілуі

Негізгі қорлар балансы - белгілі кезеңге негізгі қорлардың бар болуы мен түсуінің олардың шығуымен ара қатынасы.

Негізгі құралдардың тозуы - негізгі құралдармен өздерінің тұтыну қасиеттері мен құндарын жоюы.

Негізгі құралдардың бастапқы құны - кәсіпорынның негізгі құралдарды сатып алу, салу және дайындауға кеткен нақты шығындарының қосылған құн салығы мен басқа да салықтарды қоспағандағы сомасы.

Нақты төлемақы — номиналды төлемақыға алынатын материалдық игіліктер мен қызметтердің белгілі бір саны.

Оқшауландырылған қаражаттар - кәсіпорынның күнтізбелік жылы процесінде алынған және шаруашылық айналымға қатыспайтын немесе арнайы қажеттіліктерге бағытталған қаражаттарының бөлігі.

Өнімнің өзіндік құны - өнім өндіру процесінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізат, материал, энергия, негізгі қорлар, сонымен қатар оны өндіруге және тіркеуге кеткен шығындардың құндық сомасы.

Өндіріс шығындары — өнім өндіруге кеткен шығындар сомасы.

Өнім (тауар, қызмет) және тауарларды сатудан түскен табыс — қосылған құн салығынсыз, акциз, экспорт баждарынсыз әрекет етуші бағаларда өнім сатудан түскен түсім.

Өсім — төлемдердің бекітілген мерзімін бұзғаны үшін төленуге тиісті сомадан пайыз ретінде әрбір кешіктірілген күн үшін ақшалай сомасын алу.

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Оқушылар білімдерін бақылау құралдары

Талдықорған 2010 ж.