Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать
    1. Есеп түрлері. Бухгалтерлік есептің ерекшелігі

Шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне оперативтік, статистикалық және бухгалтерлік есеп түрлері кіреді.

Оперативтік есеп – кәсіпорынның іс-әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтіде, тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік, онын жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады.

Статистикалық есеп - экономиканың әр түрлі салаларында жалпылама-көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды, олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика есебі оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп - кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасынын бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясаты мен реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың шаруашылық операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Бухгалтерлік есептің өзге есептерден ерекшелігі - ол қатаң түрде тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып, тіркелген нақты көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.

    1. Бухгалтерлік есеп принциптері

Латын тілінен аударғанда «принцип» сөзі — бастамасы, негізі деген тусінікті білдіреді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің келесі принциптері анықталған:

  • есептеу

  • үздіксіз (ұдайы)

  • түсініктілік

  • мәнділік

  • маңыздылық

  • сенімділік

  • әділетті әрі тура көрсету

  • бейтараптық

  • сақтық

  • толықтылық

  • салыстырмалық

  • дәйектілік.

    1. Бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылары

Қәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылары қызмет барысында маңызды басқарушылық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Сондықтан да, нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнестің тілі» деп те атайды.

Ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік есеп мәліметтерінің пайдаланушылары болып саналады.

Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес пайдаланушылар үш топқа бөлінеді:

1-топқа - ұйымда қызмет атқаратын адамдар.

Оларды ұйымның экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпарат қызықтырады. Олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, уақытында еңбекақы алу үшін мүдделі болып табылады.

2-топқа – ұйымның қаржылық жағдайына тікелей мүдделілер: кәсіпорынның инвесторлары, несие берушілері, жабдықтаушы – мердігерлері, сатып алушылар жатады. Олар жасалған қаржы салымдарының табыстылығы, берілген несиелердің уақытында қайтарып алу мүмкіндігі, ұйымның төлем қабілеттілігі туралы ақпараттарға мүдделі болады.

3- топқа - ұйымның қаржылық жағдайына жанама мүдделілер жатады: мемлекеттік жоспарлау, атқарушылық, статистикалық, салық, сот органдары, жинақтаушы, сақтандыру қорлары , т.б.