Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1) Калькуляцияға жататын өндіріс шығындары анықталады: Ай басындағы аяқталмаған өндіріс+ ай бойындағы өндіріс шығындары - ай соңындағы негізгі өндірістің қалдықтары

2) Бір дананың өнімнің өзіндік құны = Калькуляцияға жататын өндіріс шығындары : өндірістен босатылған дайын өнімнің саны

Тәжірибелік сабақ №13

Сабақ тақырыбы: Есеп регистрі мен бухгалтерлік есеп нысандары

Сабақ мақсаты: Бухгалтерлік есепте тіркегіштердің мәнін ашу, оларды ажырата білу

Сабақ жоспары:

1) Тренинг сұрақтары:

1. Есеп тіркегіштерге нелер жатады?

2. Бухгалтерлік есепте есеп тіркегіштердің алатын орны қандай?

3. Есеп тіркегіштер қандай белгілер бойынша жіктеледі?

2) Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма №1

Тірек-сызбаға сүйене отырып, есеп тіркегіштердің әрбір тобының мәні мен атқаратын функциясын ашып көрсетіңіз

Тапсырма №2

Есеп тіркегіштердің әр түрлі белгілері бойынша жіктелу тірек-сызбасын қолдана отырып, келесі бухгалтерлік есеп тіркегіштерге сипаттама беріңіз

  • касса кітабы

  • №1 журнал- ордері

  • №7 журнал-ордері

  • лимиттік-заборлық карта

  • Бас кітап

  • еңбек ақының есеп-төлем тізімдемесі

  • төлем тізімдемесі

  • негізгі құралдардың инвентарлық карточкасы

Тәжірибелік сабақ №14

Сабақ тақырыбы: Есеп регистрі мен бухгалтерлік есеп нысандары

Сабақ мақсаты: Бухгалтерлік есеп нысандарының мәнін ашу, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын ажырата білу

Сабақ жоспары:

1) Тренинг сұрақтары:

1. Мемориалдық –ордерлік есеп нысаны қандай құжаттардың негізінде жүргізіледі?

2. Журнал-ордерлік есеп нысаны дегеніміз не?

3. Есептің жеңілдетілген нысаны қандай шаруашылық субъектілерде жүргізіледі?

2) Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма №1

Мемориалдық –ордерлік есеп нысаны мен журнал-ордерлік есеп нысанының талдау кестесін құрастырыңыз

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

Талдау кестесіне мемориалдық-ордерлік және журнал-ордерлік есеп нысандарының артықшылығы мен кемшіліктерін еңгізіңіз, талдау қорытындысын шығарыңыз

Тәжірибелік сабақ №15

Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Сабақ мақсаты: Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі қағидаларын

Сабақ жоспары:

1) Тренинг сұрақтары:

1 Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің ұйымдас-тырылуының құқықтық және әдістемелік тұрғыда қалай қамтамасыз етілген?

2 «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы нені қамтиды?

3 Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз не?

4 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары дегеніміз не?

2) Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма №1

Кестеде келтірілген есеп стандартарының қысқаша сипаттамасын беріңіз

Стандарт

нөмірі

Стандарт атауы

Енгізіл-ген

жылы

ХБЕС 1

Қаржылық есептілікті ұсыну

2004

ХБЕС 2

Қорлар

2004

ХБЕС 7

Ашық қаражаттардың қозғалысы туралы есеп

2003

ХБЕС 8

Есеп саясаты, есеп айырысуды бағалаудағы өзгерістер мен қателер

2004

ХБЕС 10

Есеп беретін мерзімнен кейінгі жағдайлар

2004

ХБЕС 11

Құрылыстық келісім-шарттар

2003

ХБЕС 12

Пайдаға әсер ететін салықтар

2003

ХБЕС 14

Сегментті есептілік

2003

ХБЕС 16

Негізгі құралдар

2004

ХБЕС 17

Жал

2004

ХБЕС 18

Түсім

2003

ХБЕС 19

Қызметкерлерге сыйақылар

2003

ХБЕС 20

Мемлекеттік субсидияларының есебі мен үкіметтік көмек туралы ақпараттарды ашу

2003

ХБЕС 21

Валюталық бағамдар өзгерістерінің әсері

2004

ХБЕС 23

Қарыздар бойынша шығындар

2003

ХБЕС 24

Байланысушы тараптар туралы ақпараттарды ашу

2004

ХБЕС 26

Зейнетақылық қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша есеп және есеп беру

2003

ХБЕС 27

Жеке және жинақ қаржылық есептемелік

2004

ХБЕС 28

Қауымдастырылған ұйымдарға инвестициялар

2004

ХБЕС 29

Гиперинфляция жағдайындағы қаржылық есептемелік

2003

ХБЕС 30

Банктер мен ұқсас қаржылық институттардың қаржылық есептемеліктерінің ақпараттарын ашу

2003

ХБЕС 31

Бірлескен қызметтерге қатысу

2004

ХБЕС 32

Қаржылық инструменттер – ақпараттарды ашу және ұсыну

2004

ХБЕС 33

Акцияға пайда

2004

ХБЕС 34

Аралық қаржылық есептілік

2003

ХБЕС 36

Активтердің құнсыздануы

2004

ХБЕС 37

Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер

2003

ХБЕС 38

Материалдық емес активтер

2004

ХБЕС 39

Қаржылық инструменттер – мойындау және бағалау

2004

ХБЕС 40

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

2004

ХБЕС 41

Ауыл шаруашылығы

2003

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Оқушылардың оқытушымен өздік жұмыстарына

әдістемелік нұсқаулықтар

Талдықорған 2010 ж.