Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға

Бағаның цифрлік эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі түрде бағалау

A

4.0

95-100

Өте жақсы

A-

3.67

90-94

B+

3.33

85-89

Жақсы

B

3.0

80-84

B-

2.67

75-79

C+

2.33

70-74

Қанағатта-нарлық

C

2.0

65-69

C-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1

50-54

F

0

0-49

Қанағатта-нарлықсыз

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар

(позиция)

1-8 аптадағы бағалау мөлшері

9-15 аптадағы бағалау мөлшері

Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері

Электронды журналға балл қоюдың кезеңі

Ағымдық бақылау

7

7

Әрбір бағалауға 100 балдан

Апта сайын (бірінші аптадан басқа)

СӨЖ

2

2

Әрбір СӨЖ –ге 100 балдан

4,7,11,

14 апталарда

Аралық бақылау

1

1

Әр аралық бақылауға 100 балдан

8 және 15 аптада

Кіру рұқсатының рейтенгісі

1

R1

100

Кіру рұқсатының рейтенгісінің

R2

100

Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі

R= (R1 + R2)/2

100

15 апта

Емтихан

Е

100

16-19 апта

Қорытынды баға

І = R*0.6+E*0.4

100

6. Курстың саясаты

  • сабақтан қалмау (әрбір жіберліген сабақ оқытушымен келісіп, тапсырмамен өтелінуі керек);

  • сабаққа кешікпеу керек;

  • сабақ уақытысында ұялы телефондарды өшіріп қою керек;

  • оқу процесіне белсене қатысу;

  • берілген әдебиеттер тізімімен танысу және жаңа әдебиетке іздеу салу

  • берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындау.

7. Академиялық тәртіп және этика саясаты

  • шыдамды болу, басқа адамның пікірін сыйлап, тыңдай білу;

  • қарсылықты әдепті түрде білдіру;

  • рұқсатсыз материалдарды көшірмеу.

Пәннің жұмыс бағдарламасының мазмұны

Тақырып 1 Бухгалтерлік есеп, оның маңызы мен мәні

Шаруашылық есеп туралы жалпы түсінік. Шаруашылық есебінің пайда болуы және бухгалтерлік есептің дамуы. Шаруашылық есепте қолданылатын өлшем түрлері. Шаруашылық есебінің түрлері, олардың өзара байланысы. Бухгалтерлік есептің ерекшелігі.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заң негізінде бухгалтерлік есептің басты міндеті, мақсаты мен оны жүргізу қағидалары.

Нарықтық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есептің маңызы мен алатын орны. Бухгалтерлік есеп акпарат мәліметтерінің пайдаланушылары.

Тақырып 2 Бухгалтерлік есептің әдістері мен пәні

Бухгалтерлік есеп объектілері: шаруашылық процесстері мен олардың нәтижелері,

кәсіпорын шаруашылық құралдары мен олардың қалыптасу көздері. Кәсіпорын шаруашылық құралдарының жіктелуі мен сипаттамасы. Ұзақ мерзімді активтерінің мәні. Негізгі кұралдар, ұзақ мерзімді инвестиция мен материалдық емес активтер. Ағымдағы активтер: тауарлы- материалдық қорлар, ақша қаражаттары, дебиторлық қарыздар.

Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің жіктелуі мен сипаттамасы: меншікті капитал мен міндеттемелер. Қысқа мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бухгалтерлік есеп әдістерінің түсінігі, бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтеріне сипаттама; құжаттау мен түгендеу, бағалау мен калькуляциялау; шоттар мен екі жақты жазу; бухгалтерлік баланс пен қаржылық есеп беру.

Тәжірибелік сабақ: Кәсіпорын мүлкінің құрамы, орналасу мен қалыптасу көздері бойынша топтастыру.

Тақырып 3 Бухгалтерлік баланс және есеп беру

Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік. Бухгалтерлік баланстын мазмұны мен құрылымы. Баланстың активі мен пассиві. Баланс баптары мен бөлімі. Бухгалтерлік баланс - есеп берудің негізі. Есеп беру түсінігі, нысандары мен түрлері. Шаруашылық операция әсерінен баланстын өзгерісі. Баланс актив баптарының өзгерісіне әсер ететін шаруашылық операциялары. Баланс пассив баптарының өзгерісіне әсер ететін шаруашылық операциялары. Баланстың актив және пассив баптарына өзгеріс келтіретін шаруашылық операциялардың тобы, олардың баланс валютасына (қорытындысына) әсері.

Баланс түрлері, олардың сипаттамасы.

Тәжірибелік сабақ: Шаруашылық субъектісінің балансын құрастыру.

Тақырып 4 Бухгалтерлік есеп шоты және екі жақты жазу.

Бухгалтерлік есеп шот туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы. Шот дебеті мен кредитінің мәні. Активті және пассивті шоттар, олардың құрылымы.

Шоттардағы шаруашылық операциялардың бейнелену тәртібі. Шоттар айналымының түсінігі :дебеттік және кредиттік айналым. Есепті кезең соңындағы шоттар бойынша қалдыктарды анықтау.

Бухгалтерлік есеп шоттары мен бухгалтерлік баланс арасындағы байланыс. Шоттарды ашу. Шоттардағы екі жақты жазудың мәні мен оның бақылаушылық маңызы. Шоттар корреспонденциясы. Қарапайым және күрделі шоттар корреспонденциясы.

Синтетикалық және аналитикалық шоттар және олардың өзара байланысы. Синтетикалық және аналитикалык есеп. Шоттар мен баланс арасындағы қарым қатынас. Аралық шоттар туралы түсінік

Айналым тізімдемесі және олардын маңызы. Айналым тізімдемесін құрастыру тәртібі. Синтетикалық және аналитикалық есептегі айналым тізімдемесі, олардын өзара қатынасы.

Тақырып 5 Бухгалтерлік есеп шоттар жоспары мен жіктелуі

Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары туралы түсінік, оның құрамы. Шоттар шифрі. Шоттар жоспарының негізгі бөлімдері және олардың сипаттамасы. Шоттардың экономикалык мазмұны бойынша активтік, пассивтік шоттар және шоттардың бағыты мен құрылымы бойынша жіктелуі. Шот түрлері: баланстық, баланстан тыс, транзиттік және т.б.

Тәжірибелік сабақ: Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылуы. Шоттар корреспонденциясын құрастыру Шоттар бойынша қалдықтар мен айналымды анықтау. Баланс пен айналым тізімдемесін кұрастыру. Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктеу. Шоттар корреспонденциясын құрастыру. Шоттар шифрін көрсету.

Тақырып 6 Құжаттау және түгендеу

Бухгалтерлік құжаттар, олардың бухгалтерлік есепте алатын орны мен маңызы. Құжат толтыру - бухгалтерлік есептің негізі. Құжаттардын реквизиттері. Құжаттардың мамандандырылған үлгілері мен турлері. Құжаттардың құқықтық және экономикалық маңызы.

Құжаттарға қойылатын талаптар мен оларды өңдеу тәртібі. Құжаттардың уақытылы түсінікті, таза толтырылуы мен реквизиттерінің толық жазылуы.Құжаттарда жіберілетін кателерді түзету. Құжаттарды дұрыс толтырудағы тұлғалардын жауапкершілігі.

Құжаттардың бухгалтерлік өңделуі. Құжаттардың мәні, формасы бойынша тексерісі, арифметикалык тексеріс. Таксировкалау, топтастыру, жабу, кодтау.

Құжаттардың жіктелуі. Жіктелудің негізгі принциптері. Мақсаты бойынша кұжаттардың жіктелуі: реттеуші, заңдылық құжаттар, Бухгалтерлік құжаттардың толтырылуы мен аралас құжаттар.

Құжаттарды толтыруда тәртібі бойынша топталуы: бастапқы және жиынтық құжаттар.

Шаруашылық операцияда (бір реттіқ, жиынтық) әдістердің бейнеленуі мен орны бойынша (ішкі және сыртқы) құжаттардың жіктелуі.

Құжаттар айналымы туралы түсінік.

Түгендеу, оның мәні. Толық және жекелеген объектілер бойынша түгендеу. Түгендеуді жүргізу тәртібі мен түгендеудің құжаттар мен бейнеленуі.

Тәжірибелік сабақ: Құжаттардың бухгалтерлік өңделуі, негізгі бастапқы құжаттардың толтырылуы.

Негізгі шарушылық процестерінің есебі бойынша бас жоспарлар шотын пайдалана отырып есептерді шешу.

Тақырып 7 Бағалау және калькуляция. Шаруашылық процестердің есебі

Бағалау - ұйымның бухгалтерлік есеп объектілерінің бағамдық өлшемі. Бағалаудың негізгі қағидалары. Бағалау түрлері: бастапқы, ағымдағы, дисконттық, баланстық, жөнелту.

Калькуляция - өнімнің /жұмыс, қызметтің/ өзіндік құнын есептеу тәсілі. Калькуляция объектілері, калькуляциялық бірліктер. Калькуляциялаудың және шығындар есебінің байланысы. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындар есебінің байланысы.

Шаруашылық процестер - ұйым қызметінің негізі. Шаруашылық әрекеттердің түсінігі. Дайындау, өндіріс және жөнелту процестері, шаруашылық субъектінің қызметінің нәтижесін анықгау.

Тауарлы-материалдық қорларды дайындау есебі. Мүліктің негізгі түрлерін бағалау. Дайындау әрекетін есептеуге арналған шоттар. Материалдардың нақты өзіндік қүнының құрамы.

Өндіріс процесінің есебі.

Негізгі және көмекші өндіріс. Дайын өнімнін, жасалған жұмыс пен қызметтің өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы. Өндіріс процесін есептеу шоттары. Өнімнің шығуы. Өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау.

Жалпы және әкімшілік шығындар есебі.

Жөнелту процесінің есебі.

Дайын өнім және оны бағалау. Дайын өнімді, тауарды, жөнелтілген өнімді, жасалған жұмыс пен атқарылған қызметті есептеу шоттары. Дайын өнімді /жұмыс, қызмет/ жөнелтумен байланысты шығындар мен табыстардың есебі.

Тәжірибелік сабақ: Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Дайын өнімді /жұмыс, қызмет/ жөнелтумен байланысты шығындар мен табыстардың есебі.

Тақырып 8 Есеп регистрі мен бухгалтерлік есеп нысандары

Есеп регистрлерінің мәні мен маңызы. Есеп регистрлерінің сыртқы түрі бойынша, мазмұнының көлемі бойынша, кұрылымы мен жазбалар сипаты бойынша жіктелуі.

Есеп регистрлерін енгізу тәртібі. Жай және көшірме жазбалар, қол және машиналық жазбалар. Жүйелі және хронологиялық жазба.

Есеп регистрлеріндегі қатені түзету. Бухгалтерлік есептің қазіргі кездегі нысандарын құру қағидалары. Бухгалтерлік есеп нысандарының түсінігі. Есептің журнал-ордерлі нысаны. Есептің автоматтандырылған түрі. Бухгалтерлік есептің ықшамдалған нысаны.

Тәжірибелік сабақ: Есеп регистрлерің толтыру.

Тақырып 9 Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Есеп саясаты. Бухгалтерлік қызмет, оның құрылымы мен негізгі функциясы. Бас бухгалтер, оның құқығы мен міндеті.

Аудиторлық ұйымдар және олардың ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізудегі алатын ролі.

Бухгалтерлік есептің қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша қаржылық және басқару есебінің негіздері.