
- •4. Курстың қысқаша сипаттамасы
- •5. Бағалау саясаты Баға қоюдын критерилері (мысалы)
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •6. Курстың саясаты
- •7. Академиялық тәртіп және этика саясаты
- •Пәннің жұмыс бағдарламасының мазмұны
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •8. Лекциондық комплекс (лекциялар тезистары, көрнекі және үлестірмелі материал, негізгі әдебиеттер тізімі )
- •1 Тақырып Бухгалтерлік есеп, оның маңызы мен мәні
- •1.1 Бухгалтерлік есеп туралы түсінік, оның міндеті мен мақсаты
- •Есеп түрлері. Бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- •Бухгалтерлік есеп принциптері
- •Бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылары
- •Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
- •2 Тақырып Бухгалтерлік есептің әдістері мен пәні
- •2.1 Бухгалтерлік есеп объектілері. Өндірістік процестердің сипаттамасы
- •2.2 Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының түрлері мен орналасуы бойынша жіктелуі мен сипаттамасы
- •2.3 Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының қалыптасу көздерінің жіктелуі мен сипаттамасы
- •2.4 Бухгалтерлік есептің әдістері, олардың сипаттамасы
- •3 Тақырып. Бухгалтерлік баланс және есеп беру
- •3.1 Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны мен құрылымы .
- •3.2 Баланс түрлері, олардың сипаттамасы
- •3.3 Баланс баптарына әсер ететін шаруашылық операциялардың түрлері. Баланс өзгерістері
- •4 Тақырып. Бухгалтерліқ есеп шоты және екі жақты жазу
- •4.1 Бухгалтерлік есепшот туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы
- •4.2 Активті және пассивті шоттар, олардың құрылымы
- •4.3 Бухгалтерлік есепшоттары мен бухгалтерлік баланс арасындағы байланыс.
- •4.4 Жинақтау (синтетикалық) және талдау (аналитикалық) есепшоттары
- •4.5 Бухгалтерлік есептегі айналым тізімдемелері
- •5 Тақырып Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі
- •5.1 Шоттардың жіктелуінің мағынасы
- •5.2 Бухгалтерлік есепшоттарының мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі
- •5.4 Бухгалтерлік есепшоттарының баланспен байланысы бойынша жіктелуі
- •Баланстық
- •Баланстан тыс
- •5.5 Бухгалтерлік есепшоттарының жұмыс жоспары туралы түсінік, оның құрамы
- •5.6 Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдерінің сипаттамасы
- •6 Тақырып Құжаттау және түгендеу
- •6.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
- •6.2 Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
- •6.3 Құжаттарды тексеру және бухгалтерлік өңдеу
- •6.4 Құжат айналымы
- •6.5 Құжаттарда жіберілген қателерді түзету әдістері
- •6.6 Түгендеу, оның мәні. Түгендеу түрлері
- •7 Тақырып: Бағалау және калькуляция. Шаруашылық процестердің есебі
- •7.1 Бағалау және калькуляция
- •7.2 Шаруашылық процестердің есебі
- •8 Тақырып Есеп регистрі мен бухгалтерлік есеп нысандары
- •8.1 Бухгалтерлік есеп регистрлері, олардың жіктелуі
- •8.2 Бухгалтерлік есеп нысандары, олардың сипаттамасы
- •9.1 Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілуі
- •9.2 «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- •9.3 Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары
- •9.4 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары
- •Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
- •Тәжірибелік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақ №1
- •Тәжірибелік сабақ №2
- •1) Тренинг сұрақтары
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №3
- •1) Қайталау сұрақтары
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №4
- •1) Қайталау сұрақтары
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №5
- •1) Оқушыларды екі топқа бөліп, Ривин әдістемесі бойынша өткен тақырыптар бойынша бір біріне сұрақ қою
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №6
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №7
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ №8
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №9
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ №10
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №11
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №12
- •1) Қайталау сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №13
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ №14
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Тәжірибелік сабақ №15
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Ооөж күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тренинг есептері:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тренинг есептері
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тапсырма
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Топтық презентация
- •2) Тапсырма
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Тәжірибелік жұмыс
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •Жұмыстың орындалу әдістемесі:
- •2) Топтық презентация
- •1) Тренинг сұрақтары:
- •2) Топтық презентация
- •Оөж бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Глоссарий
- •1. Межелік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Бірінші межелік бақылау
- •Екінші межелік бақылау
- •2. Бақылау жұмысы і Вариант
- •2009 Жылдың 01 қыркүйектегі шоттар бойынша қалдықтар:
- •2009 Жылдың қыркүйек айындағы орындалған шаруашылық операциялар:
- •2009 Жылдың 01 тамыздағы шоттар бойынша қалдықтар:
- •2009 Жылдың тамыз айының шаруашылық операциялары:
- •3. Емтихан сұрақтары
- •4. Тест сұрақтары
- •Тақырып: «Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі»
- •Тақырып: «Бухгалтерлік есепшоттар жоспары мен жіктелуі»
- •Тақырып Құжаттау және түгендеу
- •Тақырып «Есеп регистрі мен бухгалтерлік есеп нысандары»
6.5 Құжаттарда жіберілген қателерді түзету әдістері
Құжаттарды құру кезінде қателер жіберілуі мүмкін. Құжаттардағы қателерді жөндеудің бірнеше әдісі бар:
Корректуралық әдісі - текстегі немесе сомадағы қатенің үстінен бір сызықпен сызып, қасына дұрыс жазбаны жазып, бұл құжатқа түзету енгізілген уақытын (күнін, айын, жылын) көрсетіп құжат толтырушы өз қолын қояды.
«Қызыл жазу» немесе «сторно» әдісі – шоттар корреспонденциясында жіберілген қателерді түзету үшін қолданылады. Жіберілген қате қызыл сиямен жазылады, бұның нәтижесінде қате жазбасы жойылады. Содан кейін дұрыс жазулар әдеттегі сиямен жазылады.
Қосымша жазба – шоттар корреспонденциясы дұрыс, бірақ сомасы кем жазылған кезде қолданылады .
Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілсе, оларды қайта толтыру қажет.
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты (күні, айы, жылы) көрсетіп қолдарын қояды.
6.6 Түгендеу, оның мәні. Түгендеу түрлері
Бухгалтерлік есептің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары:
нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;
есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау.
Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады. Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақтылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу келесі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі:
жылдық бухгалтерлік қорытынды есебін жасар алдында
тауарлы-материалдық қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда (қабылдау-өткізу жүргізілген күні);
мүлікті ұрлау, зиян келтіру немесе бүлдіру фактілері анықталғанда
төтенше жағдайлар болғанда
ұйым қайта құрылғанда немесе таратылған кезде
нормативтік актілерімен қарастырылған өзге де жағдайларда.
Белгіленуі мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және жоспардан тыс түгендеу болып бөлінеді.
Жоспарлы түгендеуді жоспарға сәйкес алдын-ала белгіленген мерзімде жүргізеді.
Жоспардан тыс түгендеуді тауарлы – материалдық қорларға, ақшаға жауапты түлғалардың қызметтен ауысқанда және ерекше қажет болған жа-дайда жүргізеді.
Қамту көлеміне қарай түгендеу толық, ішінара, іріктеп түгендеу және тұтас түгендеу болып төрт түрге бөлінеді.
Толық түгендеу кезінде ұйымның ақшалары, тауарлардың және материалдардың барлық түрлері, сонымен бірге басқа заңды немесе жеке тұлғалармен есеп айырысулардың дұрыстығы тексеріледі.
Ішінара түгендеу деп түгендеу үшін кәсіпорынның құндылықтарының белгілі бір бөлігін тексеріп қарастыруын айтады. Мысалы: тауарларды қайта бағалаған кезде түгендеу бағасы өзгерген тауарларға ғана жүргізіледі.
Іріктеп түгендеу, ішінара түгендеудің бір түрі болып табылады. Мұндай түгендеуді егер барлық материалдық қорларды толығымен түгендеу қажет болмаған жағдайда, құжаттарды тексеру кезінде жүргізеді.
Тұтас түгендеу бір жүйеге жататын бірқатар кәсіпорындарда бір уақытта жүргізіледі.
Құндылықтардың нақты қалдықтарын тексеру материалдық жауапты тұлғалардың (кассир, қойма меңгерушілері және т.б.) міндетті түрде қатысуымен жүзеге асырылады.
Құндылықтардың болуы түгендеу кезінде қайта санау, қайта салмағын өлшеу, қайта ұзындығын өлшеу жолымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерияда түгендеу нәтижелерін келесі тәртіпте реттейді: артық шыққан мүлік қаражаттары нарықтық бағамен кіріске алынады. Сол артық шыққан мүліктің пайда болу себебі мен ол үшін кінәлі адамдар анықталады.
Анықталған жетіспеушіліктерге кінәлі адамдар анықталады және сол жетіспеушілік кінәлі адамның есебіне апарылады. Табиғи шығын нормасы шегіндегі жетіспейтін және бұзылған мүлік ұйым басшысының бұйрығымен айналым шығындарына жатқызылады, ал нормадан тыс кемшіліктердің орны жауапты тұлғалардың есебінен толтырылады. Есептен кем шыққан мүліктерге жауапты адам анықталмаса, онда жетіспеушіліктердін сомасы жалпы шығындарға жатқызылады.