Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.есеп негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

6.2 Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі

Есептеу процесінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі:

  1. мақсаты бойынша

  2. құрылу тәртібі бойынша

  3. шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша

  4. әрекеттерді көрсету әдісі бойынша

  5. толтыру орны бойынша

  6. толтыру әдісі бойынша (1-сызба)

1. Мақсаты бойынша құжаттар келесі түрлерге жіктеледі :

  • үкімдік

  • атқарушылық

  • бухгалтерлік әдіспен толтырылған

  • аралас

Үкімдік - шаруашылық операцияларды орындауға арналған бұйрықтар мен үкімдерден тұратын құжаттар болып табылады. Олар шаруашылық операцияларды жүргізуге рұқсат береді, бірақ орындалуын растамайды.

Атқарушылық (растайтын) құжаттар — орындалған операцияларды растайтын және бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негізі болатын құжаттардың түрі.

Бухгалтерлік әдіспен толтырылған құжаттар — ұйымның бухгалтериясы жасаған негізгі құралдардардың тозу сомасының, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және тағы басқалары туралы әр түрлі анықтамалар мен есептемелері.

Аралас құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: есеп – төлем тізімдемелері, қассалық шығыс ордері, аванстық есептер.

2. Құрылу тәртібі бойынша құжаттар алғашқы және біріктірілген болып бөлінеді.

Алғашқы құжаттар әрбір жеке әрекет орындалған сәтте құралады.

Біріктірілген құжаттар құрылған алғашқы құжаттардың негізінде рәсімделеді. Оларды пайдалану біртекті әрекеттерге бақылау жасауды жеңілдетеді.

3. Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша құжаттар материалдық, ақшалай және есеп айырысу құжаттары болып табылады.

Материалдық құжаттар еңбек құралдары мен заттарының бар болуы мен қозғалысын көрсетеді.

Ақшалай құжаттар ақша қаражатының қозғалысын көрсетеді. Олардың көмегімен кассалық және банк әрекеттері есептелінеді.

Есеп айырысу құжаттары кәсіпорынның заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуын көрсетеді. Мысалы, төлем тапсырмасы, есеп-төлем ведомостары және т.б.

4. Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша құжаттар бір реттік және жинақтау құжаттары болып бөлінеді.

Бір реттік құжаттар бір рет жеке әрекетті немесе бір уақытта орындалатын бірнеше әрекеттерді бейнелеу үшін қолданылады.

Жинақтау құжаттары бір текті қайталанатын әрекеттерді бейнелеу үшін белгілі бір кезеңге (апта, декада, ай) құрылады. Кезеңнің соңында есеп жазбалары үшін пайдаланылатын көрсеткіштер бойынша жиындары есептелінеді. Мысалы, лимиттік-алу карталары, екі апталық не айлық нарядтар және т.б. жинақтау құжаттары .

5. Толтырылған орны бойынша құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі қужаттар дегеніміз белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады.

Сыртқы құжаттарға – кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз.

6. Толтыру әдісі бойынша құжаттарды қолмен жасалған және есептік техниканың көмегімен жасалған құжаттарға жіктеуге болады.

Қолмен толтыру жолымен қүрылған құжаттар қолмен не жазба машинасымен толтырылады.

Есептік техниканың көмегімен толтырылатын құжаттар автоматты түрде өндіріс әрекеттерінің орындалу сәтіндегі ақпаратты тіркеуге алады.