
- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •1. Пәннің типтік бағдарламасы
- •2. Пән бойынша бағдарлама силлабус (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәлiметтер:
- •2. Пән туралы мағлұмат:
- •6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі:
- •Курстың саясаты мен процедурасы:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың) тақырыптары
- •10. Сөж тапсырмалары және олардың орындалу кестесі
- •11. Аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтары
- •12. Әдебиеттер тізімі
- •3. Дәрістік кешен
- •Тақырып 1. Маркетингтiң теориялық негiздерi, принциптері, тәсілдері, функциялары мен концепциялары
- •Тақырып 2. Маркетинг ортасы
- •Тақырып 3. Маркетинг зерттеулері мен маркетингтік ақпарат жүйесі
- •Тақырып 4. Нарықты зерттеу мен сегменттеудің әдістемелік негіздері
- •Тақырып 6. Кәсіпорындар нарығындағы сатып алушылардың мінез-құлықтары
- •Тақырып 7. Маркетинг жүйесіндегі тауар
- •Тақырып 8. Тауар саясаты
- •Тақырып 9. Маркетингтегі баға және баға саясаты
- •Тақырып 10. Тауар қозғалысы мен тарату
- •Тақырып 11. Маркетингтегі тауарды жылжыту және коммуникация жүйесі
- •Тақырып 12. Маркетингті жоспарлау және бақылау
- •Тапырып 13. Халықаралық маркетинг
- •Халықаралық маркетингтің даму деңгейі
- •Тақырып 14. Қызметтер маркетингі және бейкоммерциялық маркетинг
- •4. Пәнді оқу бойынша әдістемелік құсқаулар
- •5. Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •6. Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары
- •Тақырып 1. Маркетингтiң теориялық негiздерi мен концепциялары
- •Тақырып 3. Нарықты зерттеу мен маркетингтiк ақпарат жүйесi
- •Тақырып 4. Нарықты зерттеу мен сегменттеудiң әдiстемелiк негiздерi
- •Тақырып 5. Тұтынушылар нарығындағы сатып алушылардың мiнез- құлықтары
- •Мiнез-құлықтары
- •Тақырып 7. Маркетинг жүйесiндегi тауар
- •Тақырып 8. Тауар саясаты
- •Тақырып 9. Маркетингтегi баға және баға саясаты
- •Тақырып 10. Тауар қозғалысы мен тарату
- •Тақырып 11. Маркетингтегi тауарды жылжыту және коммуникация жүйесi
- •Тақырып 12. Маркетингтi жоспарлау және бақылау
- •Тақырып 13. Халықаралық маркетинг
- •Тақырып 14. Қызметтер маркетингi және бейкоммерциялық маркетинг
- •7. Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер, есептік құжаттардың формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар, мжмбс сәйкес оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған.
- •Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау (жазбаша бақылау жұмыстары, тест, өзіндік дайындық үшін сұрақтар, емтихан билеттері, тағы басқа).
- •9. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамсыздандыру
- •10. Арнайы аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялардың тізімі
Тақырып 3. Маркетинг зерттеулері мен маркетингтік ақпарат жүйесі
Маркетингтік ақпарат жүйесінің құрамдары.
Маркетинг зерттеулерінің ұғымы, мақсаттары және әдістері.
Дәрістің мақсаты: маркетингтік ақпарат жүйесін қарастыру, ақпарат шешуші мәселелер, маркетингтік зерттеулерді жүргізудің маңыздылығын анықтау
Негізгі ұғымдар: ақпарат, маркетинг зерттеулері, нарықтық зерттеулер
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Ақпарат – маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Ақпараттың шешетін мәселелері:
- бәсекеде басымдылықты алу;
- шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету;
- тұтынушылардың тауарға деген ынтасын анықтау;
- сыртқы ортаны терең бақылау;
- фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау;
- тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру, тиімділікті көбейту.
Ақпарат түрлері:
мерзіміне қарай:
тұрақты – маркетингтік ортаның ұзақ уақыт өзгермейтін көрсеткіштерін бейнелейді,
айнымалы – маркетинг объектілерінің өз іс-әрекетін ағынды сандық және сапалық сипаттамасымен көрсетеді,
ауық-ауық – керек кезде ғана, анда-санда жиналатын мәліметтер (тауардың бағасын өзгерту мүмкіндіктерін анықтау үшін жаңа бәсекелес фирма туралы мәліметтер жинау);
міндетіне байланысты:
анықтамалық – танымды сипат алады және маркетинг объектілерінің біршама тұрақты белгілерін анықтайды,
кепілдемелік – арнайы жүргізген маркетинг зерттеулері қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады,
нормативтік – негізінде өндіріс саласында қалыптасады, өндірістің әртүрлі құрылым ережелері, нормативтері баяндалады
хабаршы – маркетинг ортасы объектілерінің іс жүзіндегі өзгеріс бағыты жоспарға үйлеспеген кезде пайда болады,
реттеуші – хабаршы ақпараттың кемшілік себептерін жоюға бағытталған әрекеттерді баяндайды;
өңделуіне қарай:
бастапқы – нақты мақсатты көздеу кезінде бірінші рет жиналған мәліметтерді баяндау,
екінші ретті – басқа мақсатпен бұрын жиналған қолда бар мәліметтер,
туынды – басқа мақсатты шешу үшін бастапқы, екінші ретті ақпараттың, немесе өзге ақпараттың мәліметтерін баяндау.
2. Нарықты зерттеу дегеніміз тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті мәліметтер жинау.
Алдын-ала зерттеу кезінде зерттегелі отырған нарық туралы арнаулы әдебиеттерде жарияланған мәліметтерді іздеп табу және оларға талдау жұмысы жүргізіледі. Зерттеу кезеңінде қажетті мәліметтер тізбегі, оларды алу әдістері, нәтижелерді сараптау әдісі мен беру түрі көрсетілген нақты жоспар жасалады.
Сондай-ақ зерттеу объектісінің макетін құрастырып жоғары тұрған басшылыққа бекіттіріп алу ұсынылады.
Нарыққа талдау жүргізілгенде келесі мәселелерге назар аударылады:
нарықтың және оның жеке сегменттерінің сыйымдылығын анықтау;
тауар өткізудің конъюнктуралық және болжамдық зерттеулеріне;
сатып алушының мінез-құлығын зерттеу;
бәсекелестердің қызмет тәжірибесін зерттеу.
Маркетингтің мәні мен оның принциптерінен туындайтын нарықтық және маркетингтік зерттеулерді ажыратады. Олардың айырмашылығы зерттеу объектілерінде.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Маркетинг ақпарат жүйесі және оның дамуы?
2. Алғашқы және соңғы мәліметтер, олардың артықшылықтары және кемшіліктері?
3. Маркетинг ақпаратты талдаудың негізгі кезеңдері?
Ұсынылатын әдебиет: 1.Бәрi маркетинг жайында. М.: Азимут Орталығы, 1992ж. 2. Ноздрева Р.Б. Маркетинг: нарықты қалай жеңуге болады. М.: Қаржы және статистика, 1991ж.