- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •1. Пәннің типтік бағдарламасы
- •2. Пән бойынша бағдарлама силлабус (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәлiметтер:
- •2. Пән туралы мағлұмат:
- •6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі:
- •Курстың саясаты мен процедурасы:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың) тақырыптары
- •10. Сөж тапсырмалары және олардың орындалу кестесі
- •11. Аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтары
- •12. Әдебиеттер тізімі
- •3. Дәрістік кешен
- •Тақырып 1. Маркетингтiң теориялық негiздерi, принциптері, тәсілдері, функциялары мен концепциялары
- •Тақырып 2. Маркетинг ортасы
- •Тақырып 3. Маркетинг зерттеулері мен маркетингтік ақпарат жүйесі
- •Тақырып 4. Нарықты зерттеу мен сегменттеудің әдістемелік негіздері
- •Тақырып 6. Кәсіпорындар нарығындағы сатып алушылардың мінез-құлықтары
- •Тақырып 7. Маркетинг жүйесіндегі тауар
- •Тақырып 8. Тауар саясаты
- •Тақырып 9. Маркетингтегі баға және баға саясаты
- •Тақырып 10. Тауар қозғалысы мен тарату
- •Тақырып 11. Маркетингтегі тауарды жылжыту және коммуникация жүйесі
- •Тақырып 12. Маркетингті жоспарлау және бақылау
- •Тапырып 13. Халықаралық маркетинг
- •Халықаралық маркетингтің даму деңгейі
- •Тақырып 14. Қызметтер маркетингі және бейкоммерциялық маркетинг
- •4. Пәнді оқу бойынша әдістемелік құсқаулар
- •5. Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •6. Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары
- •Тақырып 1. Маркетингтiң теориялық негiздерi мен концепциялары
- •Тақырып 3. Нарықты зерттеу мен маркетингтiк ақпарат жүйесi
- •Тақырып 4. Нарықты зерттеу мен сегменттеудiң әдiстемелiк негiздерi
- •Тақырып 5. Тұтынушылар нарығындағы сатып алушылардың мiнез- құлықтары
- •Мiнез-құлықтары
- •Тақырып 7. Маркетинг жүйесiндегi тауар
- •Тақырып 8. Тауар саясаты
- •Тақырып 9. Маркетингтегi баға және баға саясаты
- •Тақырып 10. Тауар қозғалысы мен тарату
- •Тақырып 11. Маркетингтегi тауарды жылжыту және коммуникация жүйесi
- •Тақырып 12. Маркетингтi жоспарлау және бақылау
- •Тақырып 13. Халықаралық маркетинг
- •Тақырып 14. Қызметтер маркетингi және бейкоммерциялық маркетинг
- •7. Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер, есептік құжаттардың формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар, мжмбс сәйкес оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған.
- •Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау (жазбаша бақылау жұмыстары, тест, өзіндік дайындық үшін сұрақтар, емтихан билеттері, тағы басқа).
- •9. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамсыздандыру
- •10. Арнайы аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялардың тізімі
Тақырып 2. Маркетинг ортасы
Макроорта.
Микроорта.
Медиаорта.
Дәрістің мақсаты: маркетинг ортасын анықтау, оған ісер етуші факторларды сипаттау
Негізгі ұғымдар: макроорта, микроорта, медиаорта
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Маркетинг ортасы деп фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттермен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді күштердің жиынтығын айтады.
Макроорта – кәсіпорынның қызметіне жалпы бірынғай сыртқы жағдай жасайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және қызметіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды, бірақ оны басқара алмайды, яғни өзгерістерге қарай бейімделеді.
Макроорта факторлары:
демографиялық;
экономикалық;
табиғи;
ғылыми-техникалық;
саяси-құқық;
мәдени.
Макроорта факторларын зерттеу кезінде 2 жағдайды ескеру қажет:
барлық макроорта факторлары бір-бірімен тығыз байланыста орналасады;
әрбір макроорта факторының фирма жұмысына әсер ету деңгейі фирманың көлеміне, орналасқан жеріне және іс-әрекет саласына байланысты болады.
2. Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Олар:
- жабдықтаушылар;
- фирма;
- маркетинг делдалдары;
- бәсекелестер;
- клиенттер (тұтынушылар).
Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесі түрлерін ажыратады: эксклюзивті, лоялді және сыртқы.
Жабдықтаушыларға қойылатын талаптар:
өнім сапасының белгіленген стандартқа сәйкес болуы;
келісілген кестеге сәйкес нақты мезгілде өнімді жеткізу;
келісілген бағаны сақтау;
тауардың сапасына кепілдеме беру.
Фирманың өзі микроорта күштерінің бірі болып есептеледі. Фирманың мақсатына жетуі 3 факторға тәуелді:
таңдап алынған стратегияға.
маркетинг қызметінің ұйымдық құрылымына.
ол құрылымның қандай деңгейде әрекет жасағанына.
Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын тұтынушыларға қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуға көмектесетін арнайы мамандар. Олар: сауда делдалдары, тауар жылжытуды ұйымдастыратын маманданған фирмалар, маркетингтік қызметті атқаратын арнайы агенстволар, қаржы және несие мекемелері.
Бәсекелестер түрлері нарықта алған үлесіне қарай: озаттар (үлесі 30%), озаттыққа үміткерлер (20%), ізбасарлар (үлесі 10-15%), нарықтың қуысында жайғасқандар (үлесі 2-5%).
Тұтыну сұранысына байланысты бәсекелестердің түрлері: тілектес бәсекелестер, тектес тауарлар бәсекелестері, түрлік және таңба бәсекелестері.
Фирма нарықтың 5 түрінде тұтынушыларға өз тауарын ұсынады:
тұтыну нарығында;
өндірушілер нарығында;
делдалдар нарығында;
мемлекет мекемелері нарығында;
халықаралық нарығында.
3. Медиаорта – фирманың нақтылы және әлеуетті көңіл бөлетін және белгіленген мақсатына жетуіне әсер ететін кез-келген топ.
Медиаорта фирма қызметіне көмектесетін немесе кедергі жасайтын топтарға бөлінеді: мейірбанды, ізденуші және қажеті жоқ топтар.
Медиаорта түрлері:
Қаржы қоғамдары.
Ақпарат тарату құралдары.
Қоғам.
Фирма қызметкерлері.
Маркетинг ортасын зерттеуінің мақсаты: кәсіпорынның жағдайы туралы ақпарат жинау, фирмаға қатысты әрекеттерді болжау және қоғаммен бірлесу жолдары іздеу
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Маркетингтік ортанын қасиеттері қандай?
2. Бәсекелестердің жіктелуі?
3. Ақпарат тарату құралдарының фирма қызметіне тигізетін әсері қандай?
Ұсынылатын әдебиет: 1.Бәрi маркетинг жайында. М.: Азимут Орталығы, 1992ж.
2. Котлер Ф. Основы маркетинга. М.: Прогресс, 1990 ж. 1-бөлiм
