Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Марк УМКД каз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.42 Mб
Скачать

Тақырып 12. Маркетингтi жоспарлау және бақылау

1.Төмендегі кәсіпорындар үшін бизнес түрін, мақсатын, мәселесін, шаруашылық портфельге кіретін өнімін анықтап, олардың даму стратегиясын түсіндіріңіздер:

1) университет 5) көліктік фирма

2) сауда үйі 6) туристік фирма

3) жиhаз фабрикасы 7) құрылыс кооперативі

4) кітап дүкені 8) көкөніс өндіретін фермерлік

шаруашылық

2. Шағын жеке фирма ойыншықтар өндіру жайында шешім қабылдады. Республикадағы балалар саны 4.3 млн адам. Балалар үшін жұмсақ ойыншықтар бір жылда сатып алу ықтималдығы 0.25. жалпы алғанда фирманың бірінші жыл жұмыс істеуінде нарықтағы үлесі 8% бәсекелестерін есептегенде 4 %. Онша үлкен емес ойыншықтың бағасы – 100теңге, өндіріске кеткен шығыны – 70 теңге. Фирманың даму стратегиясын жасап және пайда болжамын жасаңыз.

3.Шағын тігін фабрикасы 1993 жылы ателье базасына ұйымдастырылған 7 фирма ассортименті әйелдердің сыртјы киім болып табылады. Үлгілер саны 30, оның ішінде жеңіл көйлектер өнімі. Қазіргі кезде фирманың өндірістік қуаты 80% іске қосылған. Фирманың үш жеке меншік дүкені бар. Маркетингтік зерттеулер жүргізіп және маркетинг кешені мен фирманың даму стратегиясын жасаңыздар.

Тақырып 13. Халықаралық маркетинг

1. Ұлттық стильде сырт киім тігетін «Элегант» фирмасы басқа елдің ұлттық нарығына енуді жоспарлауда. Нарық мүмкіншілігін ел үшін бағалаңыз.

а) натуралды шаруашылық типіндегі экономика;

ә) шикізатты экспорттаушы;

б) өнеркәсіптік-дамушы;

в) өнеркәсіптік-дамыған;

г) өтпелі кезең экономикасы.

2. Қазақстан бірлескен кәсіпорын құру үшін шетелдік капитал көбінде ауыр және технологиялық тауарлар өндіруге емес, тұтынушы тауарларын жасау және сатуға бағытталады. Неліктен?

3. Қазақстан нарығындағы төмендегі фирмалардың маркетингтік кешенін бағалаңыз: «Нестле», «Шелл». Тауар және коммуникациялық саясаттарының ерекшеліктерін атаңыз.

4. Төмендегі мысалдарға халықаралық маркетингтік ұйымның қандай түрін ұсынуға болады:

- пластмасс ойыншықтар өндіретін шағын фирма;

- ірі автогигант;

- тез дайындалатын жартылай фабрикат өндіретін орташа фирмалар;

- тұрмыстық техника өндіретін ірі фирмалар.

Тақырып 14. Қызметтер маркетингi және бейкоммерциялық маркетинг

1. Қызмет көрсетуді топтарға бөліңіздер: тоңазытқыштарды жалға беру, кілем тазалау, баспа машиналарын жөндеу, машиналарды жуу, шаштараздық қызмет, аяқ киім жөндеу, бөлмелерді жалға беру, инженерлік консалтинг, автомобильді жөндеу, туризм, байланыс, тіс емдеу.

2. Мыналарға қызмет көрсету стандартын жасаңыз:

- туристік фирма;

- аудармашыларды дайындау;

- техникалық қызмет көрсету станциясы;

- автокөліктерді жуу.

3. Маркетингтік зерттеулер жүргізіп, сіздің ауданыңыздағы кір жуу қызмет орнының, киім тазарту қызмет орнының, киім тігу, балаларға арналған ауланың немесе дискотеканың ашылуының мақсатын бағалаңыз.

4. Банктегі маркетинг бөлімінің басқарушысының атынан өнімнің құрылымы, сапасы анықтама қағазын дайындаңыздар. Анықтамада өнім құрылымы, сапасы, бәсекеге түсу мүмкіндігі болуы қажет.