- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •1. Пәннің типтік бағдарламасы
- •2. Пән бойынша бағдарлама силлабус (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәлiметтер:
- •2. Пән туралы мағлұмат:
- •6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі:
- •Курстың саясаты мен процедурасы:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың) тақырыптары
- •10. Сөж тапсырмалары және олардың орындалу кестесі
- •11. Аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтары
- •12. Әдебиеттер тізімі
- •3. Дәрістік кешен
- •Тақырып 1. Маркетингтiң теориялық негiздерi, принциптері, тәсілдері, функциялары мен концепциялары
- •Тақырып 2. Маркетинг ортасы
- •Тақырып 3. Маркетинг зерттеулері мен маркетингтік ақпарат жүйесі
- •Тақырып 4. Нарықты зерттеу мен сегменттеудің әдістемелік негіздері
- •Тақырып 6. Кәсіпорындар нарығындағы сатып алушылардың мінез-құлықтары
- •Тақырып 7. Маркетинг жүйесіндегі тауар
- •Тақырып 8. Тауар саясаты
- •Тақырып 9. Маркетингтегі баға және баға саясаты
- •Тақырып 10. Тауар қозғалысы мен тарату
- •Тақырып 11. Маркетингтегі тауарды жылжыту және коммуникация жүйесі
- •Тақырып 12. Маркетингті жоспарлау және бақылау
- •Тапырып 13. Халықаралық маркетинг
- •Халықаралық маркетингтің даму деңгейі
- •Тақырып 14. Қызметтер маркетингі және бейкоммерциялық маркетинг
- •4. Пәнді оқу бойынша әдістемелік құсқаулар
- •5. Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •6. Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары
- •Тақырып 1. Маркетингтiң теориялық негiздерi мен концепциялары
- •Тақырып 3. Нарықты зерттеу мен маркетингтiк ақпарат жүйесi
- •Тақырып 4. Нарықты зерттеу мен сегменттеудiң әдiстемелiк негiздерi
- •Тақырып 5. Тұтынушылар нарығындағы сатып алушылардың мiнез- құлықтары
- •Мiнез-құлықтары
- •Тақырып 7. Маркетинг жүйесiндегi тауар
- •Тақырып 8. Тауар саясаты
- •Тақырып 9. Маркетингтегi баға және баға саясаты
- •Тақырып 10. Тауар қозғалысы мен тарату
- •Тақырып 11. Маркетингтегi тауарды жылжыту және коммуникация жүйесi
- •Тақырып 12. Маркетингтi жоспарлау және бақылау
- •Тақырып 13. Халықаралық маркетинг
- •Тақырып 14. Қызметтер маркетингi және бейкоммерциялық маркетинг
- •7. Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер, есептік құжаттардың формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар, мжмбс сәйкес оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған.
- •Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау (жазбаша бақылау жұмыстары, тест, өзіндік дайындық үшін сұрақтар, емтихан билеттері, тағы басқа).
- •9. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамсыздандыру
- •10. Арнайы аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялардың тізімі
4. Пәнді оқу бойынша әдістемелік құсқаулар
Оқу процесін ұйымдастырудың негізгі түрі – дәріс болып табылады. Бақылаудың басқа да түрлері бар: ауызша және жазбаша тапсырмалар орындау, бақылау және өзіндік жұмыс, тестілеу, әңгімелесу.
Жоғары оқу орнында оқу процесін ұйымдастырудың басқа да түрлері бар, олар: семинар, зертханалық жұмыс, студенттің өзіндік жұмысы, өндірістік тәжірибе.
Дәріс. Кез-келген дәрістің жалпы құрылымы – бұл тақырыпты тұжырымдау, өзіндік жұмыстың жоспарын және ұсынылатын әдебиеттерді айқындап жеткізу, сонымен бірге ұсынылған жұмыстың жоспары бойынша баяндау.
Дәріс оқуға негізгі талаптар ретінде төмендегілер қойылады:
Баяндалатын ақпараттың жоғары ғылыми деңгейі;
Жүйеленген және методикалық өңделген қазіргі заманғы ғылыми ақпараттың үлкен көлемі;
Айтылған ойлардың дәлелденуі;
Дәріс оқу барысында мысалдар, есептер шығарып көрсету;
Жаңа терминдер мен атауларды түсіндіру, студенттерге тыңдауға, ойлануға және қысқаша жазуға мүмкіншілік беру;
Аудиториямен педагогикалық байланысты құра білу; дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды пайдалану;
Дәрістің негізгі материалдарының мәтінін, конспект, блок-схема, сызбанұсқа, кесте қолдану.
Студенттердің өзіндік жұмысы. Студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) оқуды ұйымдастырудың түрі деп қарастыруға болады. Бұл студенттің білімді және оқу мен ғылыми қызметін ешкімнің көмегінсіз алып, игеруде бақылауды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар жүйесі.
Студенттің өзіндік жұмысы мына мақсатта жүреді:
Студенттің алған теориялық білімін және практикалық біліктілігін жүйелеу мен бекіту;
Теориялық білімін тереңдету мен кеңейту;
Анықтамалық және арнайы әдебиеттерді қолдана білу біліктілігін қалыптастыру;
Студенттің танымдық қабілеті мен белсенділігін, яғни өзіндік жауаптылығы мен ұйымдастыру қабілетін дамыту.
5. Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
Курстық жұмыс, лабораториялық, есептік-кестелік-жұмыстар МЖМБС сәйкес оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған.
6. Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары
Студенттердің өзіндік жұмысы аудиторияда және аудиториядан тыс орындалады. Студент өзіндік жұмыс материалын дұрыс таңдауда өз ойын, шығармашылық ізденісін толық ауқымды түрде дамытуға, сонымен қатар кәсіби қызметін әрі қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.
Студенттердің өзіндік жұмысы 3 түрге бөлінеді:
1. аудиторлық өзіндік жұмыс
2. аудиториядан тыс өзіндік жұмыс
3. студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
Студенттің өзіндік жұмысы әртүрлі формада, яғни конспектімен жұмыс, оқу құралдарымен, нормативті-құққыты актілермен, нақты жағдайларды қарастыруда есептер жинағымен жүргізіледі. Студенттің өзіндік жұмысының жартысын оқытушысының өз тағайындайды (бақылау жұмыстары, жеке тапсырмалар), ал тағы бір жартысы студенттің өз қалауымен таңдап алынады (рефераттар, баяндамалар, конспектілер, тест сұрақттарын жасақтау)
СӨЖ жоспары:
