Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
леуметтану ЭУМКД - копия.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
272.9 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер » кафедрасы

Мамандығы: Мамандық аты мен шифры : 5В071200 – Машина жасау, 5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау,5В070800-Мұнай-газ ісі, 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар.

Мамандығы

«Әлеуметтану»

Пәннің оқу әдістемелік кешен

Ақтау-2014

Пәннің типтік оқу бағдарламасы.

Әлеуметтану

Авторлар:

Социология ғылымдарының докторы,профессор Биекенов К.Ү.

Социология ғылымдарының докторы Габдуллина Қ.Г.

Социология ғылымдарының докторы ,профессор Гуревич Л.Я.

Тарих ғылымдарының кандидаты Есенгараев Е.Ж.

Социология ғылымдарының докторы ,профессор Садырова М.С.

Философия ғылымдарының кандидаты Ешпанова Д.Д.

Алғы сөз

Әлеуметтану Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытылатын міндетті әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің қатарына кіреді. Әлеуметтану 2005-2006 оқу жылынан бастап кредиттік білім беру технологиясы шеңберінде элективті курсттар санатына ауысады.

Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған,және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін,қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді.Әлеуметтану ,әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет етуі мен дамуы,әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы,адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Әлеуметтануды оқып игеру философия,мәдениеттану,тарих,этика,лингвистика,логика т.б. салалардан хабардан болу керек. Әлеуметтану саясаттану,экономикалық пәндер,әлеуметтік философия,құқық,этнология және т.б.пәндермен қатар оқытылады.Адам мен қоғам қатынасының қалыптасу,қызмет ету жақтарын қарастыратын әлеуметтік гуманитарлық пәндермен интегративті өзара қарым-қатынаста дамиды.

Әлеуметтану курсын оқыған студенттер:

- Қоғамды талдаудағы ,әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғатындағы ,әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден хабардар болуы тиіс.

- Әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін,әлеуметтік дамудың факторларын,әлеуметтік өзара әркет формаларын біліп,оларды талдай алуы қажет.

- Тұлға жөнінде,әлеуметтенудің формаларын,бағыттары мен ерекшеліктерін,әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формаларын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден ғылыми болуы тиіс,әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдістерін жетік білуі қажет.

Пәннің мазмұны.

Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың ,әлеуметтік дүние тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым-әлеуметтану маңызды орынды иеленеді.Қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігін тұлғаның қоғамдағы орнын және адам жөніндегі білімнің рөлін арттырады.Әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп,қоғамдық қатынастарды реттеу үшін,ұрпақ қалдырып,қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені,институтарды түсінуге көмектеседі.Әлеуметтану кез келген құбылысты адамдық тұрғыдан қарастыруға,оның әлеуметтік механизмдері мен салдарларын көруге мүмкіндіктер береді.Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік мемлекеттің түпкі конституциялық тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады. Әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады.Оқу курсында «әлеуметтік», «қоғамдық қатынастар», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік бақылау», «әлеуметтік институт», « әлеуметтік және рухани нормалар», « әлеуметтік орта», «әлеуметтік процесстер» сияқты негізгі категориялар мен ұғымдар қарастырылды.Бағдарламада қоршаған әлеуметтік ортаны, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын ғылыми тануға ықпал ететін мәселелерге көп көңіл бөлінген.Ол үшін әлеуметтанушылық ойлау мен білім қажет.

Негізгі бөлім

Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы.

Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде

Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың обьектісі мен пәні.Әлеуметтану қоғам,әлеуметтік қатынастар,өзара әрекет механизмдері,әлеуметтік қауымдастықтардың әрекет ету және даму заңдылықтары туралы ғылым ретінде.Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы:әлеуметтану және философия,әлеуметтану және психология,әлеуметтану және саясаттану,әлеуметтану және педагогика,әлеуметтану және экономика,әлеуметтану және тарих.Жаратылыстану ғылымдары жүйесінде әлеуметтанудың атқаратын рөлі.Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтануы.Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары. Әлеуметтанудың әдістемесі.Әлеуметтік факт ұғымы.Әлеуметтік фактілердің обьективтілігі,әлеуметтік процесс және оның даму сатылары.Әлеуметтік процестердіңклассификациясы.Әлеуметтік процестердің қозғаушы күштері.Әлеуметтанудың функциялары:теориялық-танымдық,ұйымдастырушылықтехникалық,басқарушылық,болжамдық.

Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.

Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. Әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануы. О.Конт-әлеуметтанудың негізін салушы.Әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамика.О.Конттың қоғам дамуының үш стадиясы жөніндегі ілімі.Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы.Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы.ХХ ғ әлеуметтануы.А.Тойнбидің өркениет пен өмірлік циклдар теориясы.В.Паретонның циклдық өзгерістер теориялары.П.Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы.Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализм.М.Вебер әлеуметтануы және әлеуметтанудың қазіргі заманғы дамуындағы веберлік ренессанс.Жаңа тарихи әлеуметтану.Р.Мертон,Н.Смелзер және т.б .еңбектеріндегі нақты тарихи мәселелер мен оларды әлеуметтанулық талдау.Ресейдегі әлеуметтанулық ойлардың дамуы.XIX-XX ғғ қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген әлеуметтанулық қөзқарастары:Ш.Уәлиханов,А.Құнанбаев,А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов және т.б. қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың институционализациясы.Н.Аитовтың,В.Черняктың,М.Аженовтың,К.Биекеновтың,К.Габдуллиннаның,М.Тәжиннің,С.Сейдумановтың ,М.Садырованың және т.б. еңбектеріндегі қазіргі заманғы әлеуметтік процестерді әлеуметтанулық талдау.Қазақстандық әлеуметтанудың бүгінгі жағдайы:қиыншылықтар,жетістіктер,проблемалар.

Әлеуметтік өмірдің элементтері.

Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

«Қоғам »ұғымы. Қоғамды зерттеудегі жүйелі әдіс. Әлеуметтік жүйе,әлеуметтік байланыс,әлеуметтік өзара әрекет,әлеуметтік қатынас және әлеуметтік сапа.Қоғам әлеуметтік детерминизм мен функционализм тұрғысынан.Қоғамды функционалдық тұрғыдан зерттеудің негізгі принциптері.(Г.Спенсер,Р.Мертон,Т.Парсонс)Қоғамды зерттеудегі синергетикалық әдіс.Қоғам әлеуметтік жүйені теоретикалық зерттеудің көпжақтылығы. «Әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» , «әлеуметтік институт» , «мәдениет» ұғымдарының қоғамды категориялық талдаудағы рөлі.Әлеуметтік жүйе құрылым ретінде.Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері.Әлеуметтік жүйелер әлеуметтік статусардың иерархиясы ретінде.

Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік прцестерді

Әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі ретінде.Әлеуметтік институттардың белгілері мен функциялары.Әлеуметтік институт адамдардың біріккен әрекетінің тұрақты формасы ретінде.Әлеуметтік институттарды талдаудағы функционалистік ыңғай.Әлеуметтік институт туралы функционалистік теория.Әлеуметтік институттар туралы қазіргі заманғы батыстық теориялар.Әлеуметтік институтар типологиясы.Әлеуметтік институттардың ресми және биресми құрылымдары.Экономикалық ,саяси,білім беру,т.б.әлеуметтік институттар.Әлеуметтік институттардың қазақстандық қоғамды жаңартуға әсері.Әлеуметтік институттар –азаматтық қоғамның индикаторлары.

Әлеуметтік процесс ұғымы. Әлеуметтік процесті түсінудегі түрлі тәсілдер. Әлеуметтік прцестердің алуан түрлілігі.Әлеуметтік процестерді өлшеу. .Әлеуметтік процестердің нәтижелері мен әлеуметтік салдары.Қоғам өміріндегі әлеуметтік процестер:саяси,экономикалық,мәдени,этникалық және т.б. Әлеуметтік процестердің деңгейі мен диапазоны.Нарық және әлеуметтік процестердің көрініс табу формаларының ерекшеліктері.Қазақтандағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері.

Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация.

Қоғамның әлеуметтік құрылым ұғымы. Әлеуметтік құрылым қоғамның элементі ретінде. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесі. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудің әдістемелік процесі.П.Сорокиннің әлеуметтік құрылылым және әлеуметтік мобильділік теориясы.М.Вебердің әлеуметтік құрылым теориясы. Әлеуметтік топтардың Қазақстандық қоғамның ауысуы жағдайындағы типологиясы. Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация :ұқсастықтары мен айырмашылықтары.Қоғамның әлеуметтік стратификациясы ұғымы. Әлеуметтік стратификация теориясының типологиясы. Қазіргі заманғы батыс әлеуметтанушыларының (Т.Парсонс,Э.Гидденс,С.Липсет,Р.Ротмен) стратификацияның негізгі критерийлері туралы. Қазіргі заманғы дамыған елдердің стратитфикациялық құрылымы.Орта тап теориясы.Әлеуметтік-демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде.Қоныстанушылық құрылым.Халықтың этникалық құрылымы әлеуметтік құрылымның элементі ретінде.Жаңа топтар мен страттар.Жоғарғы таптың құрылымы,әлеуметтік-экономикалық және саяси бөліктері.Қоғамды таптың атқаратын ролі мен маңызы.Кәсіпкерлердің әлеуметтік бейнесі.Кедейшіліктің әлеуметтанушылық бейнесі.Кедейлердің әлеуметтік құрылымы.Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы қылмыстық топтар.Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективалары.

Тұлғаның әлеуметтік сипаттамалары.

Индивид ,тұлға,адам.Тұлға қоғамдық қатынастардың субьектісі мен обьектісі ретінде .Тұлғаның зерттеудің әлеуметтанулық жағы.Ч.Кули мен Д.Мидтің сол күйіндегі бейнелеу теориясы.З.Фрейдің психодинамикалық теориясы.А.Адлердің тұлға туралы индивидуалдық теориясы.Тұлға құрылымы.Әлеуметтік рөлдер теориясы.Тұлға бостандығы.Тұлға мен қоғам және арақатынасы мәселелері. Тұлға құрылымы.Тұлға және қызмет.Тұлғаның рухани әлемінің құрылымы.Тұлғаның құндылықтық бағдарлары мен белсенділігі мәселелері.Тұлға дамының әлеуметтік проблемалары.Тұлғаның еркіндігі мен теңдігі мәселелері. Тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері.Тұлғаның әлеуметтік қызығушылықтары,сұрныстары мен жүріс-тұрысы. Тұлғаны зерттеудің әлеуметтанулық әдістері. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы.Тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі түрлері мен типтері. Әлеуметтену индивидтің әлеуметтік жүйеге кіру процесі ретінде.Әлеуметтену процесінің мазмұны,оның негізгі механизмдері.Тұлғаның бірінші және екінші сатылы әлеуметтенуі.Қайта әлеуметтену.Тұлғаның әлеуметтенуіндегі ресми және бейресми әлеуметтік тнституттардың рөлі.Тұлға әлеуметтенуінің обьективтік және субьективтік факторлары.

Девиация және әлеуметтік бақылау

Тұлғаның девианттық мінез-құлығын анықтау мәселелері.Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.Девиацияны биологиялық,психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру микро және макроорта ,оның адамдардың девианттық әрекетіне ықпалы. .Әлеуметтік бақылау және адамның деликвенттік мінез-құлығы. Дезадаптивті мінез –құлық.Әлеуметтік бақылау қоршаған адамдардың девианттық іс-әрекеттің алдын алып,жазаға тартып немесе қалпына келтіруге бағытталған жағдайлары ретінде.Әлеуметтік бақылау әдістері: оқшаулау,алшақтату және ақтау..Бақылаудың реми және бейресми .Тұлғаны ресми қадағалау орындары.Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы девианттық әрекеттің ерекшеліктері.

Салалық әлеуметтану.

Арнайы әлеуметтанулық теориялар.

Білім беру әлеуметтану

Өмірдегі өзгерістердің адам мен білім беру саласына қоятын талабы- әрбір адамның белсенді болуы.Білім берудегі түрлі концепциялар.Білім беру әлеуметтік бақылаудың құралы ретінде. Білім беру сараптайтын құрылым ретінде. Білім беру болашаққа жол салу.,білім беру мәртебе үшін күрес ретінде.Білім беру прцесінің сатылары: мектепке дейінгі,бастауыш мектеп,орта,жоғары.Бұқаралық және элитарлық білім беру.Мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындары.Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған білім беру.Техникалық білім беру және гуманитарлық білім беру. Білім беру және сәттілік.Білім беру және мансап.Білім беру және табыс.

Саяси әлеуметтануы

«Саяси жүйе» және «әлеуметтік-саяси процесс».Саяси әлеуметтену.Саяси өмірге қатысуға әлеуметтанулық талдау.Топтар және саяси процесс. Қысым топтары.Саяси партиялар әлеуметтанулық зерттеудің обьектісі ретінде.Қоғамның экономикалық дамуымен оның саяси құрылымының арасындағы өзара байланыс және әлеуметтанулық зерттеудің тұрақты-қажетті мәселесі. «Саяси мәдениет » түсінігі.Саяси өмірдің әлеуметтік механизмдері.

Экономикалық әлеуметтану.

Экономика әлеуметтанудың пайда болуы және оның әлемдік ғылымда қалыптасуы. Экономикалық әлеуметтанудың мәртебесі мен ерекшелігі.Экономикалық мәдениет түсінігі,оның қызметтері мен сипаттамалары. Экономикалық әлеуметтанудың әдістемелік,эмпирикалық және қолданбалы міндеттері. Экономикалық әлеуметтану пәніндегі экономикалық пен әлеуметтіктің өзара қарым қатынасы.Экономикалық білімнің құрылымы.Экономикалық әлеуметтану бойынша зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары.Экономикалық жүйенің әлеуметтанулық талдауы.Экономикалық жүйенің типтері.Нарықтық экономиканың әлеуметтік мәселелері.

Отбасы әлеуметтануы.

Отбасының пайда болуы және даму түрлері.Отбасының құрылымы мен қызметтері. Отбасы тұлға қажеттілігінің обьектісі ретінде және отбасылық жұріс-тұрыстың типтері.Отбасының өмірлік циклі,отбасы бірлігі.Отбасындағы қатынас.Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы. . Отбасылық саясат. Әлеуметтік қолдау. Әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіндегі отбасы әлеуметтануының орны. ХХ ғасыр отбасының дамуы: туу көрсеткішінің төмендеуі,нуклеарлы отбасының қалыптасуы, ажырасу санының және тіркелмеген некенің көбеюі.Әкесіздіктің әлеуметтік салдары.Жезөкшеліктің өсуі.Алғашқы әлеуметтену.Тұрмыстағы қызмет ету міндеттерінен отбасын босату.Тұрмыс түсінігі.Өмір сүру жағдайының анықтамасы және оның көрсеткіштері.Отбасы әлеуметтік институт ретінде.

Мәдениет әлеуметтануы

Мәдениетті әлеуметтанулық талдау.Мәдениеттің мәні. Мәдениет және әлеуметтану.Адамдардың мінез-құлқына ықпал етуші факторлардың әлеуметтанулық зерттеу.

А .Адам организмі мүмкіндіктерінің шегі.

Б.Қоршаған ортаның жағдайы

В.Әлеуметтік тәртіпті сақтауға қажеттілік.

Г.Мәдени құндылықтар мен нормалар.

Д.Мәдениеттің әмбебап элементтері

Е.Мәдениетке этноцентристік және релятивистік қадамдар.

Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері: тіл,қатынас,құндылық,тәртіп және нормалар.Мәдениет пен идеологияның қарым қатынасын әлеуметтанулық талдау. Топтық мүдделер және әлеуметтік қысымдық босаңсуын айқындау,идеологиялық рөлін әлеуметтанулық талдау. «Кейін қалу» жаңарту мәдениетін әлеуметтанулық талдау.Өзгермелі материалдық және рухани мәдениет арасындағы қарама-қайшылықтарды өзге мәдениеттің үстемдігін әлеуметтанулық зерттеу. .Мәдениет түрлері:элитарлық,халықтық және бұқаралық.Субмәдениет және қарсы мәдениет ұғымдары.Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін,қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау.

Бұқаралық байланыс (коммуникация) әлеуметтануы.

Бұқаралық байланы әлеуметтануының зерттеу обьектісі,пәні және категориялары.Бұқаралық байланы әлеуметтануы-әлеуметтанудың қазіргі бағыттарының бірі.Ұғымдарды қатар қою. «Коммуникация» «,қатынас», «бұқаралық ақпарат құралдары», «бұқаралық мәдениет», «тіл», «өзара түсінік», «диолог», «ой», «құндылықтар ұстанымы».Бұқаралық коммуникация механизмдері мен заңдылықтары. Бұқаралық коммуникация құралдары.(Кино,баспа,театр,радио және теледидар,музыка,дизаин,сән және тағы басқалар). Бұқаралық коммуникация және мәдениет.Бұқаралық коммуникацияның әлеумет-мәдени рөлі.БАҚ зерттеудегі классикалық және жаңа әлеуметтанушылық әдістер мен техникалар:контент-талдау және дикурс талдау.

Қолданбалы әлеуметтану

Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы

Нақты(эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері.Зерттеу бағдарламасының құрылымы.Бағдарламаның әдістемелік

бөлімі. Зерттеудің пәні мен обьектісін және мәселені анықтау.Зерттеудің обьектісіне талап.Обьектінің концептуалдық үлгісі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау,түсінікті анықтау, обьектінің жалпы сипаттамасы,болжамды қалыптастыру.Бағдарламаның прцедуралық бөлімі.Болжам бойынша мәліметтерді талдау әдісін суреттеу.Ақпар жинаудың негізгі әдістері,олардың түрлері. Сандық және сапалық әдістердің мүмкіндіктері,қолдау аясы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Ақпар жинаудың негізгі әдістері :формалданған сұрау және оның түрлері,тереңдетілген сұхбат,фокус-топтар,бақылау,эксперимент,құжаттарды талдау және т.б. Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктері.(Жалпы және іріктемелік жиынтық репрезентативтілік және т.б.)Ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын қолдану мен талдау. Алған мәліметтерді ғылыми суреттеу және ғылыми есепті қорытындылармен,кеңестермен,ұсыныстармен құрастыру.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Жаратылыстану ғылыми-гуманитарлық дайындық» факультеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы

5В071200 – Машина жасау, 5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау, 5В070800-Мұнай-газ ісі, 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар,5В060800-Экология,5В073100-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.

Мамандығы

Әлеуметтану

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

АҚТАУ 2014

1. Оқитын пәннің сипаттамасы курс барысында әлеуметтану тарихы мен теориялары, әлеуметтік ойлардың даму кезеңдері туралы жалпы түсінік беріледі, негізгі әлеуметтік теориялар мен категориялар қарастырылады. Курс 1 курстың 1 семестрінде оқытылады, соңында компьютерде тест түрінде емтихан тапсырылады.

2.Пәннің мақсаттары мен міндеттері студенттерге қоғам жөнінде, оның әлеуметтік жүйе ретіндегі қызметі мен дамуы туралы нақты түсінік беру, кәсіби қызметінің нақты проблемалары мен жағдайларын әлеуметтік сараптаудан өткізе алу қабілетін қалыптастыру. студент әлеуметтанудың негізгі категориялары мен әлеуметтанушылық ойлардың даму кезеңдерін біліп, арнайы әлеуметтік теориялар жөнінде нақты түсінік алу керек.

3.Пәннің қысқаша мазмұны Кіріспе. Әлеуметтану әлеуметтік –гуманитарлық ғылымдар жүйесінде. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары, Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде, Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер, Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация, Тұлғаның әлеуметтік сипаттамалары, Девиация және әлеуметтік бақылау, Саяси әлеуметтануы, Экономикалық әлеуметтануы, Білім беру әлеуметтану, Мәдениет әлеуметтануы, Бұқаралық байланыс (коммуникация) әлеуметтануы, Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы, Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]