
- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •1. Пәннің типтік бағдарламасы
- •2. Пән бойынша бағдарлама силлабус (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәлiметтер:
- •2. Пән туралы мағлұмат:
- •6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі:
- •Курстың саясаты мен процедурасы:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың) тақырыптары
- •10. Сөж тапсырмалары және олардың орындалу кестесі
- •11. Аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтары
- •12. Әдебиеттер тізімі
- •3. Дәрістік кешен
- •Тақырып 1. Маркетингтiң теориялық негiздерi, принциптері, тәсілдері, функциялары мен концепциялары
- •Тақырып 2. Маркетинг ортасы
- •Тақырып 3. Маркетинг зерттеулері мен маркетингтік ақпарат жүйесі
- •Тақырып 4. Нарықты зерттеу мен сегменттеудің әдістемелік негіздері
- •Тақырып 6. Кәсіпорындар нарығындағы сатып алушылардың мінез-құлықтары
- •Тақырып 7. Маркетинг жүйесіндегі тауар
- •Тақырып 8. Тауар саясаты
- •Тақырып 9. Маркетингтегі баға және баға саясаты
- •Тақырып 10. Тауар қозғалысы мен тарату
- •Тақырып 11. Маркетингтегі тауарды жылжыту және коммуникация жүйесі
- •Тақырып 12. Маркетингті жоспарлау және бақылау
- •Тапырып 13. Халықаралық маркетинг
- •Халықаралық маркетингтің даму деңгейі
- •Тақырып 14. Қызметтер маркетингі және бейкоммерциялық маркетинг
- •4. Пәнді оқу бойынша әдістемелік құсқаулар
- •5. Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •6. Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары
- •Тақырып 1. Маркетингтiң теориялық негiздерi мен концепциялары
- •Тақырып 3. Нарықты зерттеу мен маркетингтiк ақпарат жүйесi
- •Тақырып 4. Нарықты зерттеу мен сегменттеудiң әдiстемелiк негiздерi
- •Тақырып 5. Тұтынушылар нарығындағы сатып алушылардың мiнез- құлықтары
- •Мiнез-құлықтары
- •Тақырып 7. Маркетинг жүйесiндегi тауар
- •Тақырып 8. Тауар саясаты
- •Тақырып 9. Маркетингтегi баға және баға саясаты
- •Тақырып 10. Тауар қозғалысы мен тарату
- •Тақырып 11. Маркетингтегi тауарды жылжыту және коммуникация жүйесi
- •Тақырып 12. Маркетингтi жоспарлау және бақылау
- •Тақырып 13. Халықаралық маркетинг
- •Тақырып 14. Қызметтер маркетингi және бейкоммерциялық маркетинг
- •7. Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер, есептік құжаттардың формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар, мжмбс сәйкес оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған.
- •Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау (жазбаша бақылау жұмыстары, тест, өзіндік дайындық үшін сұрақтар, емтихан билеттері, тағы басқа).
- •9. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамсыздандыру
- •10. Арнайы аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялардың тізімі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті
«Экономика және құқық» институты
«Менеджмент» кафедрасы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
MAR 2202 Маркетинг
пәннің атауы, коды
Мамандықтың атауы мен шифры: 5В050600 - “Экономика”, 5В050700 - “Менеджмент”, 5В050900 - “Қаржы”
Кредит саны: 3
Семестр: 3
Ақтау, 2012ж.
1. Пәннің типтік бағдарламасы
2. Пән бойынша бағдарлама силлабус (Syllabus)
1. Оқытушы туралы мәлiметтер:
Аты жөні, тегі: Тасқынбайқызы Ж.
Ғылыми дәрежесі: «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы
Офис: Ақтау қаласы, 32 ш/а, корпус А, 307 каб.
Телефон: 425751
2. Пән туралы мағлұмат:
Пәннің аты: «Маркетинг»
Кредиттер саны - 3
Өткізілетін орны – 32 шағын аудан
Сабақтың өткізілетін уақыты – сабақ кестесі бойынша
Пәннің коды |
Пән |
Курс |
Семестр |
Кредит саны |
Дәріс |
Тәжірибелік сабақтар |
Лаборат. сабақтар |
СӨЖ |
Барлығы, сағат |
MAR2202 |
маркетинг |
1 |
2 |
3 |
12 |
6 |
-- |
117 |
135 |
3. Пререквизиттер: «Маркетинг» курсын үйрену үшін студент «Экономикалық теория негіздері», «Микроэкономика», «Экономистерге арналған математика» атты пәндерді меңгеруі және осы пәнге қатысты әдебиеттерді қолдана білуі керек, берілген сұрақтар бойынша талдап, қорытынды жасай білуі қажет және компьютерді пайдалану қабілеттеріне ие болуы керек.
4. Постреквизиттер: Студенттің алған білімі «Менеджмент», «Мемлекеттік экономиканы реттеу», «Бизнес этикасы», «Бизнесті ұйымдастыру» пәндерін оқып үйренуде кеңінен қолданылады.
5. Курс мазмұны: «Маркетинг» пәні бойынша студент бақылау жұмысын тапсыруы керек, ал семестр соңында ағымды емтихан тапсырады.
Курстың мақсаты: Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты – маркетингтiң теориялық негiздерiн және категориялы-түсiнiктеме аппаратын оқыту, сонымен қатар маркетинг элементтерi мен принциптерiн пайдалану бойынша тәжiрибелi дағдыларды игеру.
Курстың міндеті: Курстың мiндеттерi келесi сұрақтарды зерттеу болып табылады:
маркетингтiң теориялық негiздерi мен концепциялары;
маркетинг ортасы мен оның құрамдастары;
маркетинг аппарат жүйесi және маркетинг зерттеулерi;
нарықты сегменттеу және тауарды жайғастырудың әдiстемелiк негiздерi;
маркетинг жүйесiндегi тауар саясаты;
маркетингтi басқару, жоспарлау және бақылау үрдiсi;
кызметтер маркетингi және халықаралық маркетинг ерекшеліктерi.
Пәннің рөлі және мәні: Дәріс сабақтарын оқу курстың теоретикалық білімі шеңберінде тәжірибелік сабақтарды және іскер ойындарды өткізу арқылы, сондай-ақ оқытушының көмегімен студенттердің өзіндік жұмысын жасау арқылы жүргізіледі.
Күтілетін нәтижелер: «Маркетинг» пәнін оқу нәтижесінде студенттер келесі шарттарды: тауар, баға, айырбас, бәсеке, рынок, сұраныс, ұсыныс, бөліп тарату, жабдықтаушылар, делдалдар, маркетингтік зерттеулер және т.б. негізгі түсініктер мен терминдерді; әр түрлі зерттеулердің жүргізу ерекшеліктерін; тұтыну мінез-құлықтарының теориялық негіздері және сегменттеудің, тауарды жайғастырудың, тауар мен қызмет маркетингінің кешенін өңдеудің әдістемелік мәселелерін білулері қажет.
Пәнді оқу барысында студенттер зерттеу жұмысындағы дағдыларды меңгеріп және негізгі түсініктер мен формулаларды тәжірибелік қызметте нақты экономикалық жағдайды талдау және шешу үшін қолдануды; қызықтыратын мәселе бойынша қысқаша есеп бере отырып нақты мини-маркетингтік зерттеулер жүргізуді; әр түрлі белгілер бойынша рынокта сегменттеу жүргізуді және сол жерде тауарды, қызметтерді жайғастыруды; нақты тауар немесе қызметке байланысты маркетинг кешенін өңдеуді игеруі кажет.