Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zht.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
128 Кб
Скачать

Деректердің сыртқы ерекшеліктері

Деректану деректерді объективті өмір шындығын бейнелейтін, күрделі қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады. Дерек объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі негізінде пайда болады, сондықтан олар жан-жақты талдауды қажет етеді. Деректі талдау екі кезеңнен тұрады: деректің түпнұсқамен дәлдігін анықтау және алынған мәліметтердің анық-қанығына көз жеткізу. Деректердің әр алуан түрлеріне талдау жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, құжаттық деректерді талдау мен баяндаушы деректерді талдауға әр түрлі тәсілдер қолданылады. Деректердің түпнұсқамен дәлдігін анықтау мәтінді айқындауды, деректі түсіндіруді және оның пайда болуын зерттеуді қажет етеді. Мәтінді айқындау жұмыстарына мәтінді дұрыс оқу және түсіну, кейіннен енгізілген толықтырулар мен қосымшаларды анықтау, олардың түпнұсқаға қатынасын ашу, егер түпнұсқа болмаса, онда мәтіннің тарихын және бастапқы авторлық нұсқасын қалпына келтіру, т.б. жатады.

Деректанулық синтездің негізгі кезеңдерін анықтаңыз

Деректерді (музейлік) зерттеудің маңызды кезеңінің бірі – барлық зерттеудегі деректерден алынған нәтижелерді қорытындылау немесе деректерге деректанулық синтез жүргізу болып табылады. Деректанулық синтез ар­қылы деректерді мәдениет құбылысы ретінде қарауға, деректің мәдени та­нымдық деңгейін анықтауға, сол арқылы халықтардың мәдени ерекше­ліктерін кеңінен ашуға болады.Музейлік деректану құнды заттар мен коллекцияларды табу, зерттеу жә­не музейде пайдаланудың теориясы мен әдіснамасын қарастырады.XX ғ. 80-жылдары қалыптасқан музейлік деректанудың зерттеу нысаны тек музей заты деген көзқарас бүгін өзгеріп,музейлік дереккөздерге бүкілқор жинағы, түпнұсқа заттарменқатар, ғылыми-қосалқыматериалдаренгізіледі. Музейлік деректану пәні (предмет) теориялық және практикалық бөліктен тұрады. Музейлік деректану музей коллекцияларының жинақталуын, қор­дың қалыптасуы мен құрамын, қордың ғылыми ұйымдастырылуы мен сыныпталуын, сондай-ақ қорды ғылыми жинақтаудың, есепке алудың, сақ­таудың, музейлік деректерді атрибуциялау мен экспозициялау әдістемесін қарастырады.Музейлік мұраны жүздеген жылдар сақтау мүмкіндігі музейлік тарихи деректердің беретін ақпараттарының, музейлік зат ретіндегі тарихи дерек­ті нақты түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді. Бұл музейдегі де­реккөздердің әлеуеттік қасиетінің жоғарылығын көрсетеді. Сол себепті музейдегі жинақтардың тек қорларға жиналуының маңыздылығымен қатар музейлер тарапынан заттарды физикалық, заңдық тұрғыдан ұзақ уақытқа сақтау мемлекеттік тұрғыдан қадағаланып, талап қойылатын іс болып табылатынын атап өту керек. Яғни, музейлік деректану құнды мұралардың сақ­талуы мен қорғалуын музей мекемесі назарда ұстауы қажет және ғылы­ми тұрғыдан әдістемесін зерттеп, жетілдіргені дұрыс.

Деректанулық анализдегі кешенді тәсілдемені анықтаңыз.Деректанудың өзіндік зерттеу нысаны, арнайы әдістемесі бар пән ретінде XIX ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. Деректану ғылымы теориялық және қолданбалы болып 2 түрге бөлінеді. Теориялық деректану тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын, олардың нақты тарихи процесті бейнелеуін, ондағы мағлұматтардың мазмұнын зерттейді, деректерді жүйелеу принциптерін анықтайды. Теориялық деректану жазба деректер негізінде зерттеледі. Қолданбалы деректану тарихтың жеке салаларына, тарауларына, кезеңдеріне байланысты қалыптасты. Деректанулық тәжірибе архивтер, мұражайлар менкітапханалардың деректерді жинақтау, сақтау, баяндау, жариялау қызметін, тарихшының зерттеу жұмысы кезінде деректермен жұмыс істеуін қамтиды.Деректану тарихшылардың теориялық, методологиялық және арнаулы даярлығын қамтамасыз ететін іргелі ғылымға жатады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарихғылымының аса маңызды ерекшелігімен байланысты. Тарихтың нысаны – қоғамның өткені тарихшыға тек тарихи деректер арқылы ғана танылады. Ал тарихи деректертарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу нысаны болып табылады. Деректану әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи процестерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]