Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zht.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127.61 Кб
Скачать

Афганистан мен Иранның тарихи бойынша тарихи деректерді талдаңыз.

Ауғанстан мен Иранның тарихы бойынша тарихи деректер тек ежелгі кезеңде ұқсас болып келеді. Оның себебі, Ауғанстан Ахемен әулетінің құрамында болды, сол кезеңдегі Ауғанстан тарихы парсы дерек көздерінің ішінде нақты деректер бар. Оның дәлелі, біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың 1-жартысында бұл жерде құрылған мемлекеттердің бірі Бактрия болды. Бактрия мемлекеті туралы жазба деректер «Авеста», Дарий патшаның жазыдырған «Бехистун» және «Нақш-и Рүстем» жазуында кездеседі. Ауғанстан туралы алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахемен әулеті билеген Парсы империясының құрамында болды. Біздің заманымыздың 1–4 ғасырларында Ауғанстан жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғасырдың 60-жылдарында Ауғанстан жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағынды. 7–8 ғасырларда Ауғанстан жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. Алайда, Ауғанстан жері кейін арабтар басып алды. Ауғанстан туралы кейінгі кезеңдегі тарихын енді араб деректерінен кездестіреміз. Ауғанстан және Иран мемлекеттері екеуі бір патшалықтың құрамында болғандықтан, тарихтарының дерек көздері негізі бір парсы дерек көздерінен алынады. Сондықтан, тарих жағынан екі мемлекет бір-бірімен тығыз байланысты.

Афганистан мен Иранның тарихи бойынша тарихи деректерді талдаңыз

Ауғанстан туралы алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахемен әулеті билеген Парсы империясының құрамында болды. Біздің заманымыздың 1–4 ғасырларында Ауғанстан жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғасырдың 60-жылдарында Ауғанстан жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағынды. 7–8 ғасырларда Ауғанстан жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. Жеке иеліктерге бөлінген Ауғанстан жерінде 1747 жылы Ахмад шаһ Дуррани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті орнады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында мемлекет ыдырап, 1818 жылы Ахмад шаһ әулеті де биліктен кетті. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 жылы әмір атанды. Бұлу ақытта Ауғанстан жерін отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқыншылар жеңіліп тынды (1842).

 Б.з.б. 3-мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады.  Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ. Ахеменәулеті). Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзеннен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады (қ. Кир ІІ, Дарий І).

Бехистун сына жазуы — Парсы патшасы Дарий І өзінің жеңістерін тарихта қалдыру үшін Ирандағы Керманшаһ—Хамадан жолының бойындағы жартасқа б.з.б. 516 ж. жаздырған жазулар. Бехистун сына жазуы екі бөліктен тұрады: жоғарғы жағында көтеріліске шыққан дұшпандарын аяғына жығып тұрған Даридің бейнесі, оның айналасында және төменгі жағында көне парсы, элам, вавилон тілінде 14 қатар етіп жазылған жазулар бар. Қар, жаңбыр суынан қорғау үшін жартастың төменгі жағы шабылып, тік қашалған. *1837 ж. парсы қызметіндегі ағылшын офицері Генри Роулинсон арқанға байланып тұрып, 50 м биіктіктегі Бехистун сына жазуының көшірмесін алды. Сөйтіп сол уақытқа дейін сыры белгісіз болып келген сына жазуды басқа сына жазулармен салыстыра оқуға мүмкіндік туды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]