Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zht.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127.61 Кб
Скачать

Тарихнамалық деректердің ерекшеліктерін сипаттаңыз

Тарихи деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және арнайы тарихи курстармен арақатынасы. Тарихи деректердің анықтамасы Деректану реальды дүниені тану құралы. Адамдар қолымен жасалынған мәдениет құндылықтары: - шығармалар, заттар, жазбалар, құжаттар - деректану ғылымының зерттеу объектісі.Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтанда қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар.

Таңдау мәтінін, деректерді көркемдеу, зерттеу тәсілдерін анықтаңыз

Деректану тарихшылардың теориялық, методологиялық және арнаулы даярлығын қамтамасыз ететін іргелі ғылымға жатады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарихғылымының аса маңызды ерекшелігімен байланысты. Тарихтың нысаны – қоғамның өткені тарихшыға тек тарихи деректер арқылы ғана танылады. Ал тарихи деректер тарихидеректану ғылымының тікелей зерттеу нысаны болып табылады. Деректану әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи процестерді терең де тиімді зерттеугекөмектеседі. Деректану арнаулы ғылым ретінде тарихи зерттеулер тәжірибесі барысында тарихи құжаттардың түпнұсқасын анықтау тәртібін жасау негізінде пайда болды.

Үндістан деректерінің ішкі және сыртқы сынын талдыңыз

Ведалар (санскритша - білім) - үнді әдебиетінің ең көне діни және философиялық мұралары. Ведалар әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан, теологиялық трактаттардан тұрады. Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведаларда Құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі.

Самхиттер – құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады; Брахмандар – діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр. Араньяктар – «Орман кітаптары» – қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан» «білім жолына», тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды. Уланишадалар – философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дөуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХП ғасырларға дейін жалғасты. 

Ұлтаралық қатынастың дамуына діни әдебиеттің тигізген әсерін көрсетіңіз (Азия, Африка) ХІХ ғ ортасында көптеген ғалымдар діннің әсері жылдан-жылға қоғамға әсері жоғалады деген және ХХІғ дін жоғалады деген.Алайда қазіргі уақытта «діни фактор» мәселесі шиеленісте.Дін мәселесі тек адамдардың өміріне ғана емес, әлемдік саясатқа да әсерін тигізуде.Көптеген діни халықаралық ұйымдар құрылуда: «Әлемдік шіркеулер советі», «Исламдық конференция ұйымы» «Еуропалық шіркеу конференциясы».Бірақ діннің халықаралық қатынасқа тек ұйымдар арқылы емес,сонымен қоса сол саясаттағы адамдардың діни ұстанымына да байланысты.Әсіресе бұл АҚШ-та өте көрінеді. И.Л. Алексеев.Дін және халықаралық қатынастар туралы осы кітаптарда жазылған: Проект «атлантический ислам» движения «Мурабитун», «Религия и политика», «Религия и политика террора, Гарун Курбанов»

Халықаралық шығыстанушылар конгресстері сипаттаңыз.1873 жылдан бастап әрбір 3 – 4 жылда шығыстанушылардың халықар. конгрестері шақырыла бастады. тады. Жинақталған деректер мен мәліметтерді бір жүйеге келтіру жұмысы жалғастырылды (4 тілдегі “Ислам энциклопедиясы”, әр түрлі аралас курстар мен шығыстану анықтамалықтары, тағы басқа) Еур. шығыстанушылардың шығыс мәдениетін оқып-үйренуі көбіне филология бағытқа ие болды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында Жапония, Қытай, Үндістан, Иран мен Түркия, тағы басқа шығыс елдерінде зерттеуді ең соңғы сын әдістерінің көмегімен жүргізген ірі тарихшылар мен тіл мамандары пайда болды. Бұл әсіресе, Ресейдегі шығыс халықтарының өкілдері – әзербайжан Мирза Фатали Ахундовтың, бурят Доржи Банзаровтың, қазақ Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметінен өте айқын көрінді. Ресей шығыстанушылары көптеген бағалы жұмыстарды дүниеге келтірді, Шығыстанудың жаңа салаларының (түркітану, кавказтану, тағы басқа) негізін қалады. Бичуриннің кезінен бастап қытайтанушылардың ресейлік мектебі (П.И. Кафаров, В.П. Васильев, И.И. Захаров, С.М. Георгиевский, А.О. Ивановский, т.б.) дүние жүзіне танылды.

Шығыс тарихын зерттеудегі шығыстанушылық шығарылымдарды дерек ретінде қарастырыңыз.Кез келген халықтың өткен тарихын еске түсіруде немесе халықтың саяси-территориялық жағынан қалыптасуы туралы мәліметтерді түсіндіруде фольклор деректерін пайдаланудың өзіндік дәстүрі бар. Ерте замаңда антикалық авторлар Геродот, Диодор Сицилийский, Стробон т.б. еңбектерінде фольклор сюжеттерін көптеп пайдаланған. Олар Европалық және Азиялық халықтардың тарихын, әсіресе, Орталық Азияның далалық аймағын мекендеген скиф, сақ, сармат, массагет сияқты тайпалар, немесе олармен этникалық байланысы бар халықтар жөнінде фольклорлық сюжеттер мен образдарды көп қолданды.XVIII–ХІХ ғғ. өлкетану, түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен лингвистикасына байланысты деректерді жинақтау ісі қарқынды болды. Бұл дәуірде этнографиялық мағлұматтарды қолға түсіру мақсатымен даярланған көптеген ғылыми экспедиция мүшелеріне айналған ғалымдар өз ынталылығын танытты, жан-жақты ізденіп, ғылыми мәнді деген мәліметтерді тіркеп жазды. Нәтижесінде қазақ, башқұрт, қырғыздардың этнографиясына байланысты жиналған ғылыми мұра сол болды. Тарихи деректану саласында зерттелмеген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ шежірелерімен байланысты. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, әпсаналар, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Өз кезінде Ш. Уәлиханов, қазақта «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ», - деп атап өткен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]