Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zht.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127.61 Кб
Скачать

Деректерді түрлеріне қарай жалпылай классификациялау.

Қазіргі таңда тарихи деректердің саны, көлемі, түрі жағынан әртүрлі. Сондықтан тарихшыға оларды бір-бірінен ажырату үшін не оларды жіктеп, не топтау керек. Осыларды топтау, жіктеуде әркім әр түрлі пікір айтады.Деректер шынайы адамзат қоғамының өткені жайы ақпараттарды қамтиды. Біз тарихи деректерді зерттеп, оны меңгерген кезде ғана, өзімізге керек мәліметтерді ала аламыз. Бүгінгі таңда барлық деректерді шартты түрде 7 түрге бөледі. 1)жазба, 2)лингвистикалық 3) заттай деректер 4) фото, фоно құжаттар 5) этнографиялық 6) фольклорлық. Сонымен қатар, осы түрлердің классификациясына жаңа түрін – цифрлы қосады. Деректерді пайда болу тегі, сыртқы ерекшелігі қарай үлкен немесе шағын топтарға бөледі:заттай деректер археологиялық ескерткіштерінен бастап қазіргі дамыған техника-машиналарға дейін; көркемсурет сурет өнерінің барлық саласы;сөздік деректер күнделікті сөйлеу мәдениетінен бастап, халықтың шығармашылық ескерткіштері;жазба деректер тұрмыста, мінез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;

Жалпы, көптеген тарихи деректер бір типке жатпайды., бұлар аралас типтерді құрайды. Деректерді түрлері құрылу мақсатына қарай ішінара тағы жіктеледі. Мысалы: жазба деректер келесі түрге бөлінеді: заңды жарғылар, актілік қағаздар, іс-қағаздар жүргізу материалдары, саяси партиялардың құжаттары, саяси жобалар мен құжаттар, ғылыми еңбектер, мектептік оқулықтар, әдеби шығармалар, экономикалық, географиялық сипаттамалар, шетелдіктердің жазбалары, анықтама басылымдар. Осы түрлерді ұқсас салаларына қарай, құжаттар және баяндаушы деректер деп 2 ге жіктейміз

Дерекнамалық сын түсінігі

Деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қалпына келтіретін тәсілдерді деректанулық «сын» дейді. Ресей тарихы бойынша тарихи деректер бірінші болып сыннан өткізген В.Н.Татишев . Ол қажетті дүниені қажетсізден айыра білу Мықты тарихшылардың Еңбектерін өзіне сын көзбен қарауды ұсынады. Л Шлецер 1735-1809 жылдары тарихи сынды үш топқа бөлу арқылы жіктеген:

1.Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау.

2.Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау. В.О. Ключевский ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын (ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу). Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау дейді.Жазба дерктерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы А.С. Лапо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады. І-кезең-«сыртқы сын» және ІІ-кезең «ішкі сын».Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы парагровта айтылған белгілі француз ғалымдары Ш.Лангуа мен Ш.Сеньбосқа да тән болды. Олардың Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде шынайылықта айқындау «автордың көңіл күүйін анықтау арқылы жүреді»-дейді.

Деректану пәні мен міндеті.

Деректану пәні. Тарихи деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және арнайы тарихи курстармен арақатынасы. Тарихи деректердің анықтамасы Деректану реальды дүниені тану құралы. Адамдар қолымен жасалынған мәдениет құндылықтары: - шығармалар, заттар, жазбалар, құжаттар - деректану ғылымының зерттеу объектісі.деректанудың міндеттері аса кең де жан-жақты.Бір жағынан,деректердің пайда болуын және деректер қорының даму тарихын қоғам дамуымен тығыз байланысты заңды процесс ретінде талдау.Екінші жағынан,деректерде салынған қоғам өмірінде болған барлық оқиғалар,құбылыстар және процесстер туралы ақпараттарды ала білу,оның сенімділігін тарихи маңыздылығын анықтау.

Деректанудың пәнаралық сипатын анықтау.

Музейлік деректанудың пәнаралық сипаты тарихнамалық, деректанулықғылым саласының жалпы тәжірибесіне сүйенуге, жеке-жеке зерттеу объек­тілері болып келген нысандардың музейлік мәртебесін негіздеуге, музей­лік деректерді жинақтап, бірыңғай кешен ретінде зерттеуге зор ықпал етеді. Музейдегі сақталатын әрбір дерек (этнографиялық, археологиялық,нумизматикалық, фалеристикалық, жазба, фото, т.с.с.) белгілі бір ғылымисала­ның позициясынан қарастырылатынын және сол ғылыми саланың зерттеуәдістемесі мен әдістеріне сүйенетінін үнемі ескеру және пайдалану керек.Тарихшы Х.М.Әбжановтың «Ұлт тарихын дәуірлеу: методологиялықжаңаша пайым» атты мақаласындағы «...деректанулық зерттеулерсіз тарихғылымын елестету мүмкін емес. Тарих ғылымы өзгеріс үстіндегі тірі ағзағаұқсас. Оның бір құрамдас бөлігі мешел қалса, басқа құрылымдық жасақ­таушыларына түсетін салмақ артады, ішкі үйлесімі мен ықпалдастық диа-лектикасы бұзылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]