Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zht.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127.61 Кб
Скачать

Дерекнамалық сынның негізгі міндеттері мен әсерін анықтаңыз

Тарихи деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары. Тарихи деректерді типтерге және түрлерге болудің негізгі принциптері. Жазба деректердің негізгі типтері. Жазба деректерді түрлік сыныптау. Ерекше (қайталанбайтын) және көпшілік (қайталанатын) деректер және олардың деректік маңызы. Тарихи деректер эволюциясы. Қазақстан тарихы деректерінің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік ерекшеліктері. Деректердің дамуының негізгі тенденциялары.А.Л.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский "филологиялық сын" және "фактілік сын" туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің деректерді ғылыми сынның негізгі кезеңдерін және 14 Ережесін керсетуі.арихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі - методология, методика және техника.Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық принцип - деректану методикасыньщ негізгі принциптері.Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулық эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зерттеулерге пайдалану, тәсілдерін жасау.

Деректерде берілген мәліметтерді өңдеу әдістері.ағылш. Мәліметтерді пайдаланушының көзқарасы тұрғысынан қарастырғанда мәліметтер базасын былайша түсіндіруге болады:нақты атауы бар біртекті өнімдердің жиымы. Бұл жиымның ішкі құрылымына тәуелсіз іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген. Жиымда магниттік таспаға немесе дискетке жазылған ауыл шаруашылығының барлық салалары мен ғылым саласы бойынша баспада жарияланған және жарияланбаған құжаттардың библиографиялық немесе фактографиялық алғашқы және соңғы сипаттамалары тұрады;жүйелі түрде ұйымдастырылған және пайдалануға ұсынылған мәліметтер жиынтығының объективтік формасы. Бүл мәліметтер компьютер көмегімен оңай табылады және өңделеді;мәліметтердің реттелген жиынтығы;мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы. Оны ұйымдастырудың ережесі мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтер базасынан библиографиялық және библиографиялық емес деп бөлу қабылданған. Библиографиялық Мәліметтер базасында құжаттар жайында екінші ретті ақпарат берілген. Мұнда рефераттар мен аннотациялар да қамтылған. Библиографиялық емес мәліметтер базасының көптеген түрлері бар: алуан түрлі объектілер мен құбылыстар жайындағы анықтамалық мәліметтер базасы алғашқы ақпараты бар мәліметтер базасының толық мәтіні, объектілер мен құбылыстардың сандық сипаттамалары мен параметрлері бар сандық мәліметтер базасы объектлердің бейнеленуі мен сипаттамалары бар мәтіндік-сандық мәліметтер базасы банктер, биржалар, фирмалар және т.б. берген қаржылық ақпараты бар қаржылық мәліметтер базасы салалар, аймақтар, елдер бойынша құқықтық құжаттары бар заңды мәліметтер базасы.

Деректанулық анализдің негізгі әдістерін сипаттаңыз.Деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуыныңтеориясы мен практикасы туралы ғылым.3ерттеушiнiң деректермен жұмыс iстеуін негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:1) деректердi iздеу, табу (деректанулық эвристика). Жұмыстың бұл кезiнде проблеманы зерттеудiң ғылыми базасын жасауға мvмкiндiк бepeтін деректер ауқымы айқындалды, оларды түрлi жайдармен iздеу, табу, реттеп алу жұмыстары жүргiзiледi.2) деректанулық талдау (сын). Ол тарихи деректанудың peтімен шешудi қажет eтетін пIроблемалар тiзбегi: сыртқы ерекшелiктерiн, тұпнұсқалығын, уақытын, пайда болған жерiн, авторын, пайда болу себептерiн айқындау немесе «пайда болуын сынау», сонымен катар деректегi акпараттың толықтығын, шынайылығын, ғылыми-танымдық маңызын айқындау (iшкi сын).3) деректегі ақпаратты нақты зерттеулерге пайдалану тәсiлдерiн жасау (методика). Бұл тарихи зертгеудiң, бiр бөлiгi болып табылады, өйткенi әңгіме ғылыми-тарихи фактiлер жүйесiн жасауға кажеттi мәлiметтердi өндеу тәсiлi туралы болып отыр. Деректану ең тиiмдi тәсілдерді ұсынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]