Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zht.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127.61 Кб
Скачать

Дерекнамалық анализды зерттеу рәсімдерінің жүйесі ретінде сипаттаңыз

Деректі түсіндіру баяндалатын нақты оқиға, фактілерді анықтау, мәтіндегі тура немесе астарлы сөздерге, метафораларға түсіндірме жасаудан тұрады. Деректердің пайда болуын зерттеу үшін оның авторын, уақытын, деректің шыққан жерін, пайда болуының тарихи жағдайын анықтау қажет. Деректердің пайда болған жерін, уақытын палеография, метрология, т.б. қосымша белгілер арқылы шамамен анықтауға болады. Ал дерек авторын қосымша белгілер (мазмұны, тілі, стилі, қолтаңбасына қарап) арқылы анықтау көп жағдайда құжат арқылы дәлелденгенге дейін болжам ретінде танылады. Тарихшы зерттеу жұмысының осы бірінші бөлімі арқылы дерек көзінің дәлдігіне көз жеткізе алады. Әрі қарай талдау жүргізу әдісі деректе берілген мағлұматтарға байланысты болады. Баяндаушы деректердің (жылнамалар, мемуарлар, публицистика, т.б.) дәлдігін анықтау мағлұматтардың пайда болу жағдайын, нақты мәліметтерді тексеруді, автордың саяси көзқарасын ашуды қажет етеді. Бұл деректанулық талдау жасаудың екінші бөлімі. Егер дерек баяндалып отырған оқиғаға қатысушы куәгердің мәліметі болса, онда оның сол оқиғаға қандай жағдайда қатысқаны, тарихи шындықты суреттей алатын мүмкіндіктері анықталуы шарт. Оқиғаға автордың өзі тікелей қатыспаған жағдайда оның мәлімет алған дерек көздері анықталып, мағлұматтардың толықтығы мен дәлдігі тексеріледі. Автордың жеке саяси көзқарасы берілген мәліметтердің объективтілігіне әсер етеді. Деректегі нақты мәліметтерді логикалық талдау және салыстыру арқылы тексеруге болады. Әр алуан деректерде берілген мәліметтердің бір-бірімен сәйкес келуі олардың нақтылығын дәлелдейді. Отандық деректану ғылымының қалыптасуы мен дамуына Ш.Ш.Уәлиханов, Ә.Н.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Е.Бекмаханов, Ә.Х.Марғұлан, т.б. зор үлес қосты. Қазіргі деректанудың теориялық-әдістемелік проблемаларына, деректерді зерттеуде Математикалық тәсілдер мен компьютерлер пайдалануға ерекше көңіл бөлінген.

Деректанулық синтез.Деректерді (музейлік) зерттеудің маңызды кезеңінің бірі – барлық зерттеудегі деректерден алынған нәтижелерді қорытындылау немесе деректерге деректанулық синтез жүргізу болып табылады. Деректанулық синтез ар­қылы деректерді мәдениет құбылысы ретінде қарауға, деректің мәдени та­нымдық деңгейін анықтауға, сол арқылы халықтардың мәдени ерекше­ліктерін кеңінен ашуға болады.Музейлік деректану құнды заттар мен коллекцияларды табу, зерттеу жә­не музейде пайдаланудың теориясы мен әдіснамасын қарастырады.XX ғ. 80-жылдары қалыптасқан музейлік деректанудың зерттеу нысаны тек музей заты деген көзқарас бүгін өзгеріп,музейлік дереккөздерге бүкіл қор жинағы, түпнұсқа заттармен қатар, ғылыми-қосалқыматериалдаренгізіледі. Музейлік деректану пәні (предмет) теориялық және практикалық бөліктен тұрады. Музейлік деректану музей коллекцияларының жинақталуын, қор­дың қалыптасуы мен құрамын, қордың ғылыми ұйымдастырылуы мен сыныпталуын, сондай-ақ қорды ғылыми жинақтаудың, есепке алудың, сақ­таудың, музейлік деректерді атрибуциялау мен экспозициялау әдістемесін қарастырады.Музейлік мұраны жүздеген жылдар сақтау мүмкіндігі музейлік тарихи деректердің беретін ақпараттарының, музейлік зат ретіндегі тарихи дерек­ті нақты түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді. Бұл музейдегі де­реккөздердің әлеуеттік қасиетінің жоғарылығын көрсетеді. Сол себепті музейдегі жинақтардың тек қорларға жиналуының маңыздылығымен қатар музейлер тарапынан заттарды физикалық, заңдық тұрғыдан ұзақ уақытқа сақтау мемлекеттік тұрғыдан қадағаланып, талап қойылатын іс болып табылатынын атап өту керек. Яғни, музейлік деректану құнды мұралардың сақ­талуы мен қорғалуын музей мекемесі назарда ұстауы қажет және ғылы­ми тұрғыдан әдістемесін зерттеп, жетілдіргені дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]