
- •Арабтарда өзіндік ұлттық сананың дамуы мен ондағы тарихи деректердің рөлін талдаңыз.
- •Афганистан мен Иран деректануының дамуын талдаңыз
- •Афганистан мен Иранның тарихи бойынша тарихи деректерді талдаңыз.
- •Афганистан мен Иранның тарихи бойынша тарихи деректерді талдаңыз
- •Әр дерек түріне (тип) тән ерекшелік
- •Әйгілі шығыстанушылар мен африкатанушылардыңдеректануғақосқанүлестерінкөрсетіңіз
- •Әртүрлі деректердің топтарын зерттейтін арнайы тарихи пәндерді сипаттаңыз
- •Әдебиет пен діннің өзара байланысын заманауй Иран мысалында көрсетіңіз
- •В.О.Ключевский, а.С.Лаппо-Данилевский еңбектері
- •Деректерді классификациялау туралы түсінік
- •Деректік база
- •Деректану және тарихи таным түсінігі.
- •Деректерді түрлеріне қарай жалпылай классификациялау.
- •Дерекнамалық сын түсінігі
- •Дерекнамалық анализды зерттеу рәсімдерінің жүйесі ретінде сипаттаңыз
- •Дерекнамалық сынның негізгі міндеттері мен әсерін анықтаңыз
- •Деректердің сыртқы ерекшеліктері
- •Деректанулық синтездің негізгі кезеңдерін анықтаңыз
- •Дерекнаманың негізгі салаларын мамандандыру (тарих, әдебиеттену, тілтану)
- •Деректердің шынайылығы, толықтығы, субъективтілігіне анықтама
- •Деректердің жалпы классификациясының түрлерін сипаттаңыз
- •Деректердің өзгеру тенденциясы мен эволюциясын анықтаңыз
- •Деректердің мәтінін, редакциясын меңгеру
- •Деректің айтылатын (өзекті) және жасырын (потенциальды) ақпаратын сипаттаңыз
- •Деректерді шынайылыққа тексеру
- •Жаңа аймақтық салалар бойынша білім беру (шумерология, урартология және т.Б.)
- •Жапон деректерінің ішкі және сыртқы сынын талдыңыз
- •Жазба деректердің түрлерін және әртүрлілігін анықтаңыз
- •Корей жартыаралыны елдерінің деректануын талдағыз
- •Қоғамдық танымның қалыптасуындағы араб деректері әсерінің деңгейін көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік мұрағаттық фонд
- •Мұрағаттық эвристиканы, деректерді іріктеуді сипаттаңыз
- •Орталық Азия деректерінің ішкі және сыртқы сынын талдыңыз
- •Отаршылдық жүйенің жойылуынан кейінгі шығыстанудың дамуындағы жаңа кезеңінің құрылуын сипаттаңыз?
- •Опишите основные этапы развития востоковедческого источниковедения ?
- •Отаршылдық жүйенің жойылуы мен шығыстанулық зерттеулердің шет елдерде дамуы.
- •Тарихи дерек таным объектісі және мәдениет феномені ретінде
- •Тарихнамалық деректердің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Таңдау мәтінін, деректерді көркемдеу, зерттеу тәсілдерін анықтаңыз
- •Үндістан деректерінің ішкі және сыртқы сынын талдыңыз
- •Шығыстануға марксистік бағыттың тигізген әсерін талдаңыз
- •Шығыс елдерінің деректерінің шынайылығын дәлелдеу жолдарын сипаттаңыз.(қолжазба ,ескерткіштер және т.Б)?
- •Шығыстану мен африкатанудың заманауй танымдағы маңыздылығын талдаңыз
- •Шығыстанулық деректанудағы "европалық әсердің" рөлін талдаңыз
- •Шығыстанулық деректанудағы "европалық әсердің" рөлін талдаңыз
Әр дерек түріне (тип) тән ерекшелік
Деректер өзіндік ерекшелегіне және саласына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Деректердің шартты түрде 7 бөлінеді. 1)жазба, 2)лингвистикалық 3) заттай деректер 4) фото, фоно құжаттар 5) этнографиялық 6) фольклорлық. Осы түрлердің ерекшелігіне жеке тоқталайық. Жазба деректің өзі ішнара 2 бөлінеді: құжаттық және баяндаушы деректер. Құжаттық деректер статистикалық; актілік; концелярлық, ал баяндаушы деректер жеке (хаттар, күнделік, заманхат); көркем (очерк, роман, лирика, проза); тарихи (повесть, жылнамалар, әдебиеттер);ғылыми (тарихи, философиялық, әлеуметтік еңбектер) жіктеледі.Лингвистика тіл туралы мәліметтерден жинақтайды. Заттай деректер өздерінің пайда болу уақыты арқылы сол кездегі халық өмірі туралы мәлімет береді. Заттай деректерге археологиялық ескерткіштерінен бастап қазіргі дамыған техника-машиналарға дейін заттарды жатқызамыз. Фото-фоно құжаттар өздерінің жаңа заманда пайда болған ғылыми жетістігімен ерекшеленеді. Бұл құжаттар арқылы жаңа замандағы тарихи оқиғалардың нақты, дәлелді түр сипаты туралы мәлімет аламыз. Бұл түрге фото, көркем фильмдер, деректі фильмдер жатады. Халықтың күнделікті өмірі туралы, салт-дәстүрі туралы мәліметтерді этнография арқылы жинаймыз. Ауызша деректерге халық арасындағы аңыз-әңгімелер, оқиға аясында болған, оқиғаны өз көзімен көрген адамдардың ауызша айтылған әңгімелерін жатқызамыз. Ауыз әдебиеттегі ертегілер, мақал-мәтел мәліметтерін фольклорлық зерттейді.
Әйгілі шығыстанушылар мен африкатанушылардыңдеректануғақосқанүлестерінкөрсетіңіз
Шығыстанушылар мен африкатанушылардың деректану саласында қосқан үлесі зор. Мәселен, мысал ретінде Қ. Халид еңбегіне тоқталып кетейік. Ол өз еңбегінде қазақ халқындағы отбасын құруда некелесу ішінде орындалатын дәстүрлер мен ғұрыптарды кезекпе – кезек, біршама толық баяндаған. Мәліметтер, ел іші жүріп жиылған және тікелей баяндаушы, білгір азаматтардың ақпарраттарынан құралған. Мәліметтерді дәлелдеу үшін, Ресейлік шығыстанушылары: Н.И. Гордековтың, А.А. Диваевтың, Н.М. Бекимовтың, Л. Баллюзектің, Гедин Свеннің еңбектері салыстырмалық тұрғыдан қажет болды. Некелесу процессінің ішінде орындалатын қалың мал беру, киіт кигізу, жиһаз жинау сияқты дәстүрлердің орындалуында берілетін мал басы сандарының өлшемдері, аталған деректерде көрсетілген көрсеткіштермен салыстырылып, «Тауарих хамсада» берілген көрсеткіштердің шыншылдығын анықтайды. ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басында қызмет еткен Ресейдегі шығыстану ғылымының дамуы мен Ресей иелігіне қараған еділ татарлары, башқұрт, азербайжан, өзбек, қазақ халықтарынан шығып қызмет еткендер аралық байланыстар мен айырмашылықтарды көрсету тұрғысынан В.В. Григорьев, И.Н. Березин, В.Г. Тизенгаузен, Н.М.Ядренцев, А.Ю.Якубовский, Н.А.Аристов, Н.Н.Балкашин, Н.Ф.Катанов, А.А.Диваев, В.В.Радлов, Б.Я.Владимирцов, В.В.Бартольд, венгерлік батыс ориенталисті Г. Вамбери өмірлері мен қызметтеріне байланысты мәліметтер пайдаланылды. Жергілікті татар, башқұр, азербайжан, өзбек, қазақ авторларының еңбектерінен Ш.Марджани, Р.Фахрутдин, К.Насыри, Г.Губайдуллин, А.Губайдуллин, А.К.Бакиханов, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев еңбектері пайдаланылды. Жалпы, қазіргі замаңғы африкатанушы немесе шығыстанушы ғалымдар ежелгі кезең, орта кезеңдерде жазылып кеткен деректерді зерттеп, оларды бір –бірімен салыстыра отырып, сол кезеңде не болғаны жайлы біршама нақты түрде айта алады. Сонымен қатар қазіргі замаңғы шығыстанушы ғалымдар көптеген ежелгі ғалымдардың еңбектерін аударып, жүйелі түрде жинақтап, оқырманға ұсынады.