Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zht.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127.61 Кб
Скачать

Тарихи дерек таным объектісі және мәдениет феномені ретінде

Материалдық ескерткіштер тарихи жады ретінде адам жанымен, өмірлікқұндылықтарымен, сана-сезімімен тығыз байланыстағы рухани қазына −«бес­телесная духовная субстанция» (С.Н.Иконникова).Тарихи жәдігерлердің нақ ортасында, көзбен көріп өскендердің тарихисанасы мен жадысы біте қайнасып кетеді. Түркілерден мұра ретінде жет-кен құндылықтар тарихи жады адамзат есінде сақталады. Жады құрайтынескерткіштер ұлттың басынан кешірген, өткен тәжірибені білім көзіне ай-налдыратын ерекшелікке ие және ол біртіндеп қоғамдық жады нысанынаайналады .Бүгінгі күннің мақсаты да музей қызметі арқылы түркілердіңмұраларын халық жадының өшпес символына айналдыру. Оны қоғамныңэтноәлеуметтік құрылымын, этникалық менталитеттің өзекті категорияла-ры мен көпшілік санадағы әлеуметтік құндылықтардың иерархиясын тал-дап алмай зерттеу мүмкін емес.Қазіргі таңда тарих ғылымының даму жағдайында, деректану бөліміне ерекше көңіл бөлінуде. Зерттеушінің жетістікке жетуі, оның қандай дерек көздерін қолдануында. Тарихшыға өткеннің шынайы ақиқатын қалпына келтіру үшін оның теориялық және әдіснамалық дайындығын талап етеді. Бұл пән тарихшының теориялық дайындығын, деректер мен әдебиеттерді игеруге көмегін тигізіп, зерттеушілік міндетті шешеді.Әр дәуірдегі тарих ғылымы тарихи танымның гносологиялық және методологиялық аспектілерінде ерекше орын алады.

Тарихи деректердің эволюциасын, әсер етуші факторларды анықтаңыз, XIX-XX ғғ. деректану ғылымы логикалық-әдіснамалық даму жолын түс­ті, ғылымның архитектоникасы (бөлшектен тұтасқа айналу) күрделене түсті. Осы уақытта жазылған еңбектерде деректанудың мақсат-міндеттері ерекше ғылыми сала, ғылыми пән ретінде анықталып, теориялық деректану туралы ұғым қалыптаса бастады. Тарихи деректердің формасы, мазмұны,олардың тарихи жағдайлармен байланысы, тарихи деректің танымдық мә­селесі, деректің адамның психикалық дамуының көрінісі екендігі, деректіңқұрылымы жайында мәселелер көтеріле бастады Егер тарихи деректану пән ретінде жалпы XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. ба-сында дами бастаса, музейлік деректану осы уақытқа дейін дербес ғылыми сала ретінде қалыптаспай келеді. Тарихи дерек пен музейлік заттың арақатынасы қандай? Бүгінгі күні«тарихи дерек» ұғымының ауқымы мен түсінігі кеңейіп, тарихи деректержаңа қырынан танылып, жаңа көзқараспен жүйеленуіне қарай, тарих ғы­лымының негізгі мәселесі тарихи дерек туралы ұғым екені белгілі. Се-бебі тарихи танымның ерекшелігін көрсететін бірден-бір мәселе ретіндезерт­теу объектісі мен зерттеу субъектісінің арасында тарихи дерек жатыр.Ал музейлік жәдігерлер тарихи дерек ретінде тарихи таным тәсілдерінесүйенеді. Тарихи деректің мән-мағынасын ашуда тарихи танымның объек­тілігі мәселесі бар. Тарихи деректің мәнін ашудың негізінде бейнелеу тео­риясы жатыр. Болған тарихи құбылыстың музейлік деректе бейнеленуіар­қылы әртүрлі образдарда көрінеді. Оқиға, алдымен, адамның сезімінде,түй­сігінде, ойында және қарекетінде бейнеленеді, ал тарихи дерек болса,сол бейнелеудің жемісі, қорытындысы ретінде пайда болады.

Тарихи дерек: мәтін және контекст. Мәтін (текст; text) — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады.Контекст (лат. contextus – қосылу, байланысу), тіл білімінде – тілдік тұлғалардың мағынасын айқындайтын сөздік орта. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келеді. Ондай сөздердің қандай мағынаны білдіріп тұрғаны сөйлем ішінде, басқа сөздермен байланыста қолданылғанда айқындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]