
- •Арабтарда өзіндік ұлттық сананың дамуы мен ондағы тарихи деректердің рөлін талдаңыз.
- •Афганистан мен Иран деректануының дамуын талдаңыз
- •Афганистан мен Иранның тарихи бойынша тарихи деректерді талдаңыз.
- •Афганистан мен Иранның тарихи бойынша тарихи деректерді талдаңыз
- •Әр дерек түріне (тип) тән ерекшелік
- •Әйгілі шығыстанушылар мен африкатанушылардыңдеректануғақосқанүлестерінкөрсетіңіз
- •Әртүрлі деректердің топтарын зерттейтін арнайы тарихи пәндерді сипаттаңыз
- •Әдебиет пен діннің өзара байланысын заманауй Иран мысалында көрсетіңіз
- •В.О.Ключевский, а.С.Лаппо-Данилевский еңбектері
- •Деректерді классификациялау туралы түсінік
- •Деректік база
- •Деректану және тарихи таным түсінігі.
- •Деректерді түрлеріне қарай жалпылай классификациялау.
- •Дерекнамалық сын түсінігі
- •Дерекнамалық анализды зерттеу рәсімдерінің жүйесі ретінде сипаттаңыз
- •Дерекнамалық сынның негізгі міндеттері мен әсерін анықтаңыз
- •Деректердің сыртқы ерекшеліктері
- •Деректанулық синтездің негізгі кезеңдерін анықтаңыз
- •Дерекнаманың негізгі салаларын мамандандыру (тарих, әдебиеттену, тілтану)
- •Деректердің шынайылығы, толықтығы, субъективтілігіне анықтама
- •Деректердің жалпы классификациясының түрлерін сипаттаңыз
- •Деректердің өзгеру тенденциясы мен эволюциясын анықтаңыз
- •Деректердің мәтінін, редакциясын меңгеру
- •Деректің айтылатын (өзекті) және жасырын (потенциальды) ақпаратын сипаттаңыз
- •Деректерді шынайылыққа тексеру
- •Жаңа аймақтық салалар бойынша білім беру (шумерология, урартология және т.Б.)
- •Жапон деректерінің ішкі және сыртқы сынын талдыңыз
- •Жазба деректердің түрлерін және әртүрлілігін анықтаңыз
- •Корей жартыаралыны елдерінің деректануын талдағыз
- •Қоғамдық танымның қалыптасуындағы араб деректері әсерінің деңгейін көрсетіңіз.
- •Мемлекеттік мұрағаттық фонд
- •Мұрағаттық эвристиканы, деректерді іріктеуді сипаттаңыз
- •Орталық Азия деректерінің ішкі және сыртқы сынын талдыңыз
- •Отаршылдық жүйенің жойылуынан кейінгі шығыстанудың дамуындағы жаңа кезеңінің құрылуын сипаттаңыз?
- •Опишите основные этапы развития востоковедческого источниковедения ?
- •Отаршылдық жүйенің жойылуы мен шығыстанулық зерттеулердің шет елдерде дамуы.
- •Тарихи дерек таным объектісі және мәдениет феномені ретінде
- •Тарихнамалық деректердің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Таңдау мәтінін, деректерді көркемдеу, зерттеу тәсілдерін анықтаңыз
- •Үндістан деректерінің ішкі және сыртқы сынын талдыңыз
- •Шығыстануға марксистік бағыттың тигізген әсерін талдаңыз
- •Шығыс елдерінің деректерінің шынайылығын дәлелдеу жолдарын сипаттаңыз.(қолжазба ,ескерткіштер және т.Б)?
- •Шығыстану мен африкатанудың заманауй танымдағы маңыздылығын талдаңыз
- •Шығыстанулық деректанудағы "европалық әсердің" рөлін талдаңыз
- •Шығыстанулық деректанудағы "европалық әсердің" рөлін талдаңыз
Аймақтық салаларды сипаттаңыз(шумерология, урартология). Шумерді зерттеудеШумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игердіСонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жасаған да осы шумерліктер. Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.Урартуды зерттеуде қазбадан табылған түрлі заттай деректер бұл қаланың өңірдің шаруашылық орталығы да болғандығын көрсетеді. Шаруашылық құралдары орақ, кетпен, астық үгіткіштер шықты. Бекіністі қоршай орналасқан қарапайым тұрғындардың үй орындарында жүргізілген қазба олардың күнделікті өмірінен сыр шертетін материалдар берді. Үйлердің ішінде ешқандай жиһаздың іздері байқалмайды. Бізге белгілі урарту бекіністерінің жобасы бір-біріне ұқсас: бекіністерден, қоймалардан, храмдар мен тұрғын үйлер құрылыстарынан тұрады. Сондай-ақ аймақтық шаруашылық орталығы да осында шоғырланған. Жүргізілген қазбалар урарту қалаларында қол өнері, оның ішінде металл өңдеу жоғары дамығандығын көрсетеді. Семсер, дулыға, сауыт, найзамен жебенің ұштарын жасау металл өңдеудің негізгі саласына жатқан.
Анализ әдістері: салыстырмалы-салғастырмалы, реконструктивты.Жеке ғылымдардың әдістері, жалпы ғылыми әдістер және оларға сипаттама .Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке, жалпы ғылыми және жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді. Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы,химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек. Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.Компаративтік әдіс – (лат.салыстырмалы) - салыстырмалы ғылыми зерттеу арқылы жалпы және ерекше құбылыстарды анықтау, қарастырылып отырған кезеңдегі даму үрдісін айқындау әдісі. Компаративтік әдіске жататындар: салыстырмалы әдіс (әртекті нысандарды салыстыра оты¬рып табиғатын ашу), тарихи-типологиялық салыстыру (тууы мен даму жағдайлары бірдей, шығу тегі жағынан түрлі құбылыстардың ұқсастығын түсіндіреді), тарихи-генетикалық салыстыру (құбылыстардың ұқсастығы - олардың шығу тегі жағынан жақындығының нәтижесі), т.б. Компаративтік әдіс - саясаттану ғылымында да кеңінен қолданылады.
Арабтардағы ұлттық өзіндік сана мен тарихи деректердің өзара байланысын талдаңыз.Арабтар- Сол Африка мен Батыс Азиядағы араб елдері халықтарының үлкен тобы. Араб түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалық үрдістердің барысында араб халқы қалыптасты және VII ғасырдың бас кезінде жаңа діни жүйе — исламның негізінде мемлекет құрылды. 1918-1920жж арабтардың ұлттық санасының қалыптасуына Иерусалимдегі екі иерусалимдік топтардың қозғалыстары әсерін тигізді.Бұл топтар: "Наша земля принадлежит нам", "Во имя арабов мы будем жить и во имя арабов мы будем умирать".Алайда арабтардың ұлттық санасы Осман империясы кезінде,1909 жылдан Стамбулда «Әдебиет клубы» ашылған болатын,бұл клубтың мақсаты араб елінің ұлттыұ салт-дәстүрін,мәдениетін,ұлттық сананы ояту болатын. Мұсылман-арабтары уақыт өте батыс елдерінің саясатына үлкен әсер тигізіп келе жатыр.1948жИзраиль елінің құрылуы,отаршылдық жүйенің құлауы,арабтардың агрессиялық ислам рухының құрылуына әкелді.Арабтардың ұлттық санасы еуропалық,америкалық және совет үкемітінің ықпалдарына күресімен сипатталды.Сондай күрестің бірі мұсылмандық фундаментализм,ол тек батыс елдеріне қауіп төндіріп тұрған жоқ,сонымен қоса Араб елін билеитін адамдарға да қауіпті.Еуропа және Америка елдеріне көшіп баратындар,сол жерде өзінің ұлттық санасын және ұлттық тілін таратады.Арабтардың тарихи деректеріне "История Дербента», «Ибн Исфандийар»,« Амули», «Мар'аши» кітаптары жаталды.Бұл кітаптарда араб елінің ұлттық санасы,дініне,мәдениетіне байланысты деректер жазылған.
Арабтарда өзіндік ұлттық сананың дамуы мен ондағы тарихи деректердің рөлін талдаңыз.
Ұлт – адамның өмiр сүруiнiң формасы. Араб деректері, ІХ-ХІІІ гг. ал-Жахиздің, ибн-Фадлан, ал Факихтың т.б. тарихи трактаттары, ал-Масудидің ("Ахбар-аз-заман"), Худун ал-Алемнің (Дүние шеңбері. Хғ.), Ибн-Хордабектің ("Шет аймақ кітабы"), Ибн-Рустенің ("Асыл алқалар кітабы") т.б. тарихи-географиялық еңбектер мен географиялық карталардың деректік маңызы және оларға деректанулық талдау жасап зер салуымызға болады. Уақыт өте олардан туған туынды бүкiл адамзатқа ортақ қазынаға айналды. Әбу-Л-Фарадж Құдама ибн Жафар әл-Басри (т.ж.б. — шамамен 948—58 ж.) — әдебиетші, географ. Халиф әл-Муктафи тұсында христиан дінінен бас тартып, исламды қабылдаған.Бағдадта бірқатар мемлекеттік жоғары қызметтер атқарған. Оның бізге мемлекеттік басқару жөнінде бір ғана еңбегі және проза мен поэзия теориясы туралы 2 шығармасы жеткен. Китаб Әл-Харадж Уә Санат Әл-Китаба (“Жер салығы туралы кітап”) атты географиялық-әкімшілік анықтама еңбегінде автор ресми мемлекеттік құжаттар мен Әбу-Л-Қасым Ұбайдолллах ибн Хордадбектің еңбектерін Әбу-Л-Аббас Ахмед әл-Белазури пайдаланған. Шығарма 928 ж. жазылған. Мұнда халифат пен оған көршілес елдерге географиялық сипаттама беріліп,халифаттың әкімш-терр. жағынан бөлінуі, ондағы салық жүйесі, қалалар, таулар мен өзен-көлдер жөнінде мәліметтер келтірілген. Бұл еңбек 9 — 10 ғ-лардағы халифаттың географиясы, экономикасы жөнінде құнды дерек болып табылады. Әсіресе, автордың қарлұқ, қимақ тайпалары, Оңт. Қазақстандағы қалалар жөніндегі мәліметтерінің Қазақстан тарихы үшін маңызы.
Афганистан мен Иран деректануының дамуын талдаңыз
Қазіргі Ауғанстан жерінің солтүстік бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңтүстік бөлігін қола дәуірінен мекендей бастаған. Біздіңзаманымызданбұрынғы 1-мыңжылдықтың 1-жартысында бұлжердеқұрылғанмемлекеттердіңбірі Бактрия болды. Ауғанстантуралыалғашқыдеректербіздіңзаманымызданбұрынғы 6 ғасырдансақталған. БұлкезеңдеолАхеменәулетібилеген Парсы империясыныңқұрамындаболды. Біздіңзаманымыздың 1 – 4 ғасырларындаАуғанстанжеріндеКушанпатшалығыдәуірледі. 6 ғасырдың 60-жылдарында АуғанстанжерініңбірбөлігіТүрікқағандығына, екіншібөлігіСасанәулетінебағынды. 7 – 8 ғасырлардаАуғанстанжерініңбасымбөлігіарабтарғақарап, ислам дінікеңінентарады. Б.з.д. 6 ғасырдың орта тұсында Ахеменидтер руынан шыққан ұлы Персияның патшасы Кир, кейіннен империя атанған Иран мемлекетін құрды. Бастапқы жылдарында Ахеменидтерді ежелгі ирандық пайғамбар Зороастр биледі. Ахеменидтер алғаш рет әлемдік билік пен әлемдік мемлекеттің тұжырымдамасын жасады. Oлар туралы нақты қағаз жүзіндегі деректер қазір жоқ. Оған себеп, б.з.д IV ғасырдағы грек жауынгерлерінің жасаған өрті еді. Жанған дүниелердің ішінде зороастрлықтардың ең ұлы кітабы Авсетаның да бастапқы нұсқасы бар еді.
7 ғасырдың орта тұсында Ирандықтады арабтар жаулап алады да, Иран Араб халифатының құрамына кірді. ІХ ғасырда ислам әлемінің бір бөлігіне айналған Иранда, жергілікті династиялар пайда бола бастады. Солардың бірі Тахиридтер династиясы Хорасанда 821-873 жылдары биледі. Оларды ІХ ғ.екінші жартысында Хорасан , Герат пен оңтүстік Иран жерін билеген Сафаридтер алмастырды.ІХ ғ.соңында тәжіктердің Саманидтер династиясы орталығы Бұхара қаласы болған үлкен мемлекет құрды. Саманидтер әдебиет пен өнердің билеушілері ретінде атақтары кеңге жайылды. Сефевидтер дəуірінде XVI–XVIII ғғ. Иран халқы қай тұрғыдан болмасын жаңа кезеңді басынан кешірген болатын. Өйткені бұл дəуірде ирандықтар өздерінің мүддесін қорғайтын, тұрақты билікке ие болған еді. Енді ғылым мен өнер саласына келетін болсақ, Сефевидтер əулетінің негізін қалаушы I Шах Исмаилдың өзі ақынжанды адам болған жəне ол тамаша өлеңдер жазып қалдырған. Оның поэзиядағы лақаб аты «Хытаий». Тегі ирандық əзербайжан болғандықтан I Шах Исмаил өлеңдерін парсы жəне əзербайжан түрік тілдерінде бірдей жазған. 1966 жылы Бакуде əзербайжандық ғалымдар I Шах Исмаилдың əзербайжан түрік тілінде жазған өлеңдерін «Шах Исмаил Хытаий əсəрлəри» деген атпен жарыққа шығарған.Аталмыш дəуір бойынша дереккөз іздегенде бірінші кезекте «мунши» яғни хатшы деген сөзді кездестіреміз. Себебі осы «мунши» арқылы Сефевидтер дəуірінің əдебиетін, тарихын, философиясын жəне т.б. ғылым салаларын тани түсеміз.Сефевидтер əулеті тұсында өмір сүрген парсы жазба өнерінің дамуына орасан үлес қосқан сарай хатшыларының арқасында Иран тарихын ғана емес, бəлкім Иранмен көршілес елдерінің тарихын қамтыған шығармалар дүниеге келді.