Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

3. Представьте, что Вы на собрании… Дополните предложения.

Қазақ тілінде

На русском языке

  1. Әріптестер, жиналысты ашық

деп жариялаймын.

  1. Күн тәртібінде екі мәселе:

А) … ; В) …

  1. Баяндама жасау үшін сөз … беріледі.

  2. Баяндама аяқталды.

  3. Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма?

  4. Сұрақтарымыз бар: А) … .В) … .

  5. Тағы да қандай сұрақтар бар?

  6. Сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын.

  7. Қаулы қабылдаймыз

  8. Сіздердің қандай

ұсыныстарыңыз бар?

  1. Менің мынадай ұсынысым бар:

  • ….

12. Жиналысты жабық деп жариялаймын.

1Коллеги, собрание объявляю открытым.

2 На повестке дня – 2 вопроса:

А) … ;В) …

3 Слово для доклада предоставляется ……

4 Доклад окончен.

5 Есть ли вопросы к докладчику?

6 У нас есть такие вопросы: А) … . В)

7Какие еще есть вопросы?

8 Ответьте ( пожалуйста) на вопросы.

9.Принимаем постановление.

10 Какие у вас есть предложения?

11. У меня есть такое

предложение:

12. Собрание объявляю закрытым.

4 По типу данных коротких диалогов, используя нижеприведенный дополнительный словарь, составьте диалоги на темы “Көз дәрігерінің қабылдауында”, “Тіс дәрігерінің қабылдауында”, “Емханада”, “Дәрігер шақыру”, “Дәрігердің қабылдауына жазылу” и др.

Қосымша сөздік

Мед бибі – медсестра

Кезекші дәрігер – дежурный врач

Бюллетень беру – выдать бюллетень

Мөр соқтыру – поставить печать

өлшеу – измерить

қан қысымы – давление

қабылдау сағаты – приемные часы

тіркейтін жер – регистратура

дәрігердің қабылдауына жазылу – записаться на прием к врачу

дәрігерлік анықтама – медицинская справка

бас дәрігер – главный врач

өкпенің қабынуы – воспаление легких

соқыр ішек – аппендицит

асқазан жарасы – язва желудка

қызылша - корь

Диалог А:

- Сәлем! Денсаулығың қалай?

- Нашар.

- Неге? Қай жерің ауырады?

- Жүрегім ауырады.

- Дәрігерге неге бармайсың?

- Уақытым жоқ.

- Ол дұрыс емес. Денсаулықты сақтау керек

Диалог Б:

- Сәлеметсіз бе, бүгін дәрігер қабылдайды ма?

- Қай дәрігер?

- Терапевт

- Ол қазір қабылдап жатыр. Он төртінші бөлмеге барыңыз.

Диалог В:

- Кешіріңіз, дәрігерге соңы кім?

- Мен

- Алдыңызда ешкім жоқ па?

- Алдымда екі адам бар.

.- Жарайды, көп емес екен. Мен сізден кейін боламын.

Диалог Г:

- Рұқсат па?

- Рұқсат. Кіріңіз. Қай жеріңіз ауырады?

- Басым қатты ауырып тұр.

- Қызуыңыз бар ма? Жөтелесіз бе?

- Иә, қызуым кеше отыз тоғызға дейін көтерілді. Жөтел де бар.

- Тамағыңызды көрсетіңіз. Шешініңіз, өкпеңіз бен жүрегіңізді тыңдап көрейін.

- Сізге суық тиген екен. Қазір сізге рецепт жазып беремін. Бұл дәріні дәріханадан аласыз.

- Оны қалай ішу керек?

- Дәріні күніне үш рет тамақтың алдында ішесіз

5 Берілген сөйлемдерге қарап, келісімшартқа өзгеріс енгізіңіз:

Используя приведенные предложения, внесите изменения в контракт:

Қазақ тілінде

На русском языке

Бізде келісімшартқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігі туды. Бұл неге байланысты туды? Бізде өндіріс жағдайлары өзгерді.

Сіз келісімшартқа енгізілетін өзгерістердің жобасын дайындап та қойдыңыздар ма?

Иә, біз келісімшартқа енгізілетін тиісті толықтыруларды дайындап та қойдық.

Келісімшартқа енгізілетін өзгерістердің (толықтырулардың) сипаты қандай? Біз... өзгерткіміз келеді.

-жеткізілімнің мерзімін,

-төлем сомасын,

-жеткізілім шарттарын.

Біз келісімшартқа енгізілетін өзгерістерді өте қажет деп санаймыз.

Біз оң жауап қайтарылады деп үміттенеміз.

Біз ұсынылған өзгерістерге келісеміз.

Келісімшартқа өзгерістер орыс және қазақ тілдерінде әзірленген.

Біз келісімшартқа өзгерістерді екі тілде әзірледік. Біз сіздерге келісімшарттағы өзгерістердің көшірмесін береміз.

Келісімшарттағы өзгерістерге қол қойыңызшы. Келісімшартқа енгізілетін толықтыруларды екі тарап қабылдады. Біз бұл мәселені тапсырыс берушімен бірге тексереміз. Бұл ретте толықтырулар талап етілмейді. Келісімшартқа өзгерістерді бізге кері қайтарыңыз. Келісімшартқа толықтырулардың жобасы әлі дайын емес. Біз келісімшартқа толықтыруларды сіздерге бір айдан кейін береміз.

Біз... келісу жөніндегі келіссөзді ойдағыдай жүргіздік:

-тараптардың құқықтары мен міндеттерін,

-келісімшарттың баптарын. Бұл келіссөз ойдағыдай аяқталып,... жөніндегі келісімшартқа таяу уақытта қол қойылады деген үміттеміз:

-жиынтықтамалы жабдық жеткізілімі,

-объект құрылысы,

-лизинг сату.

У нас возникла необходимость внести изменения (дополнения) к контракту. Чем это вызвано?

У нас изменились условия производства.

Вы уже подготовили проект изменений к контракту?

Да, соответствующие дополнения к контракту мы уже подготовили. Каков характер изменений (дополнений) к контракту?

Мы хотели бы изменить…

-сроки поставок

-сумму оплаты

-условия поставок

Мы считаем изменения к контракту совершенно необходимыми.

Мы надеемся на положительный ответ.

Мы согласны с предложенными изменениями.

Изменения к контракту имеются на русском и казахском языках.

Мы подготовили изменения к контракту на двух языках. Мы передаем вам копии изменений к контракту.

Подпишите, пожалуйста, изменения к контракту. Дополнения к контракту приняты обеими сторонами. Мы проверим этот вопрос с заказчиком. В данном случае дополнений не требуется. Пришлите нам обратно изменения к контракту. Проект дополнении к контракту еще не готов. Мы передадим вам дополнения к контракту через месяц.

Мы успешно провели переговоры по согласованию…

-прав и обязанностей сторон

-статей контракта Надеемся, что настоящие переговоры успешно завершатся и в ближайшее время будет подписан контракт на…

-поставку комплектного оборудования

-строительство объекта

-продажу лизинга

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]