Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

VСалық саласында қолданылатын негізгі ұғымдардың орысша-қазақша түсіндірме сөздігі

Орыс тілінде

Қазақ тілінде

1

Акцизы – обязательные платежи, уплачиваемые юридическими и физическими лицами, производящими подакцизные товары на территории РК, импортирующие подакцизные товары на территории РК, а также осуществляющие игорный бизнес на территории РК

Акциздер – акцизделетін тауарларды ҚР аумағында өндіретін, акцизделетін тауарларды ҚР аумағында импорттайтын, сондай-ақ ҚР аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды және жеке тұрғалар төлейтін міндетті төлемдер

2

Благотворительная помощь - имущество, предоставляемое на безвозмездной основе физическим лицом с целью оказания им социальной поддержки, некоммерческим организациям, а также организа­циям, осуществляющим деятельность в социальной сфере, с целью под­держания их уставной деятельности

Қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында өтеусіз негізде берілетін мүлік

3

Вознаграждение - выплаты за кредиты; за имущество, предо- ставленное (полученное) по финансовому лизингу в виде вознаграждения в соответствии с законодательным актом Республики Казахстан, регулирующим вопросы финансового лизинга; по вкладам (депозитам); по договорам накопительного страхования; по долговым ценным бума­гам - дисконт либо купон (с учетом дисконта либо премии от стоимости первичного размещения и (или) стоимости приобретения)

Сыйақы - кредиттер үшін; қаржы лизингі бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заң актілеріне сәйкес сыйақы түрінде берілген (алынған) мүлік үшін; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (не­месе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып)

4

Выигрыши - любые виды доходов в натуральном и денежном выражении, получаемые налогоплательщиками на конкурсах, соревно­ваниях (олимпиадах), фестивалях, по лотереям, по розыгрышам, вклю­чая розыгрыши по вкладам и долговым ценным бумагам;

Үтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушілер алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері

5

Государственная пошлина – обязательный платеж, взимаемый уполномоченными государственными органами с юридических или физических лиц за оказанные им услуги юридического характера

Мемлекеттік баж – арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың заңды немесе жеке тұлғаға көрсеткен заңи сипаттағы қызметтері үшін сол тұлғалардан алатын міндетті төлем

6

Грант - имущество, предоставляемое на безвозмездной основе государствами, правительствами государств; международными и государственными организациями, зарубежными неправительствен-ными общественными организациями и фондами, чья деятельность носит бла­готворительный и международный характер и не противоречит Консти­туции РК, включенными в перечень, устанавливае­мый Правительством РК по заключению государствен­ных органов, Республике Казахстан, Правительству РК, юридическим лицам, а также физическим лицам; иностранцами и лицами без гражданства РК и Правительству РК для достижения определенных целей (задач)

Грант - мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, занды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) жету үшін өтеусіз негізде беретін мүлік

7

Гуманитарная помощь - имущество, предоставляемое безвоз­мезднов виде продовольствия, товаров народно­го потребления, техники, снаряжения, оборудования, медицинских средств и медикаментов, иных предметов, направленных из зарубеж­ных стран и международных организаций для улучшения условий жизни и быта населения, а также предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций военного, экологического, природного и техногенного харак­тера, распределяемое Правитель-ством РК через упол­номоченные органы

Ізгілік көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік

8

Дивиденды - доход, подлежащий выплате по акциям; доход, подлежащий выплате по паям паевого инвестиционного фон­да, за исключением дохода по паям при их выкупе управляю­щей компанией фонда; часть чистого дохода, распределяемого юридическим лицом между его учредителя­ми, участниками; доходы от распределения имущества при ликвида­ции юридического лица, а также при изъятии учредителем, участником доли участия в юридическом лице, за исключением имущества, внесен­ного учредителем, участником в качестве вклада в уставный капитал, кроме имущества, распределенного юридическим лицом-ре­зидентом между его учредителями, участниками и направ­ленного на увеличение уставного капитала с сохранением доли участия каждого учредителя, участника;

К дивидендам не относится доход, направленный на уве­личение уставного капитала юридического лица-резидента при распределении чистого дохода с сохранением доли участия каждого учредителя, участника

Дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлык инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиісті табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, резидент заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлген және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, жарғылық қорды ұлғайтуға бағытталған мүліктен басқа, мүлікті бөлуден түсетін табыстар; әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, таза табысты бөлу кезінде резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс дивидендтерге жатпайды

9

Дисконт по долговым ценным бумагам - разница между номинальной стоимостью и стоимостью первичного размещения (без учета купона) или стоимостью приобретения (без учета купона) долговых ценных бумаг;

Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма

10

Долговые ценные бумаги - финансовые инструменты, удостоверяющие отношения займа. К долговым ценным бумагам относятся государственные ценные бумаги, облигации и другие ценные бумаги, признанные долговыми ценными бумагами в соответствии с законодательством РК

Борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттік бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады

11

Доля участия - долевое участие имуществом физических и юридических лиц в совместно создаваемых организациях, консорциумах, за исключением акционерных обществ и паевых инвестиционных фондов

Қатысу үлесі - жеке және занды тұлғалардың бірлесіп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, мүлкімен қатысу үлесі

12

Другие обязательные платежи – обязательные отчисления денег (сборы, пошлины, платы и платежи) в бюджет, производимые в определенных размерах

Басқа да міндетті төлемдер - бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер)

13

Индивидуальный предприниматель – физическое лицо-резидент или нерезидент, осуществляющий предприни-мательскую деятельность без образования юридического лица

Жеке кәсіпкер - заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға

14

Инжиринговые услуги – инженерно-консультационные услуги, работы исследовательского, проектно-конструкторского, расчетно-аналитического характера, подготовка технико-экономического обоснования проектов, выработка рекомендаций в области организации производства и управления, реализация продукции

Инжинирингтік қызметтер көрсету - инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін даярлау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді сату саласындағы ұсынымдарды әзірлеу

15

Компания с ограниченной ответственностью - компания, капитал которой разделен на доли. Ответственность держателей долей по долгам копании ограничена номинальной стоимостью доли, держателями которой они являются.

Жауапкершілігі шектеулі компания - капиталы үлестерге бөлінген компания. Компанияның борыштары бойынша үлестерді иеленушілердің жауапкершілігі өздері иеленіп отырған үлестің көрсетулі құнымен шектелген

16

Компенсационный налог - импортированный товар, ввезенный в страну для использования или потребления, может облагаться компенсационным налогом, эквивалентным налогу с оборота, который иногда должен быть уплачен еще перед отвозом товара с таможни; компенсационный налог исходит из стоимости товара или груза при разгрузке без маржи.

Өтемдік салық - елге пайдалану немесе тұтыну үшін әкелінген импортталған тауарға айналым салығына баламалы өтемдік салық салынады, бұл салық кейде тауарды кеденнен әкетер алдында төленуге тиіс; өтемдік салық тауардың немесе жүктің түсіру кезіндегі маржасыз құнын (ландет кост) басшылыққа алады.

17

Концессионный налог - налог, характеризу­ющийся тем, что уплата приводит к определенному результату или в общем виде к определенному юридическому статусу, например, признанию компании юридическим лицом. В большинстве случаев данный налог употребляется в связи с определенными административными мероприятиями, которые обычно заключаются в предоставлении правительством или другой уполномоченной организацией концессии или разрешения. В некоторых странах для подобных целей используется специальный сбор или гербовый сбор.

Концессиялық салық - төленуі белгілі бір нәтижеге немесе жалпы түрде – белгілі бір заңды мәртебеге жеткізуімен, мысалы, компанияның заңды тұлға деп танылуымен сипатталатын салық. Көбінесе бұл салық белгілі бір әкімшілік шаралармен байланысты есептеледі, бұл шаралардың мәні үкіметтің немесе басқа уәкілетті үйымның концессия немесе рұқсат беруінде. Кейбір елдерде мұндай мақсаттар үшін арнаулы алым немесе елтаңба алымы пайдаланылады.

18

Купон по долговым ценным бумагам – сумма, выплачиваемая (подлежащая выплате) эмитентом сверх номинальной стоимости долговых ценных бумаг в соответствии с условиями выпуска

Борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - эмитенттің шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтін (телеуге тиіс) сомасы

19

Лицо - физическое лицо и юридическое лицо; физическое лицо - гражданин РК, гражданин иностранного государства, лицо без гражданства; юридическое лицо - организация, созданная в соответствии с законодательством РК или иностран­ного государства (иностранное юридическое лицо). Для целей настоя­щего Кодекса компания6 организация или другое корпоративное образование, созданные в соответствии с законодательством иностранного государства, рассматриваются в качестве самостоятельных юридичес­ких лиц, независимо от того, обладают ли они статусом юридического лица иностранного государства, где они созданы

Тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдік занды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құрылым осы Кодекстің мақсаттары үшін олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады

20

Метод начислений - метод налогового учета, согласно которому независимо от времени оплаты доходы и расходы учитываются с момента выполнения работ, предоставления услуг, отгрузки товаров с целью их реализации и оприходования имущества

Есептеу әдісі - салық есебінің әдісі, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткізу және мүлікті кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу кезінен бастап есептеледі

21

Налоги - законодательно установленные государством в одно­стороннем порядке обязательные денежные платежи в бюджет, производимые в определенных размерах, носящие безвозвратный и безвозмездный характер

Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер

22

Налог на азартные игры и зрелища - форма акцизного сбора или налога на азартные игры и зрелища, устраиваемые с целью получения прибыли, тотализатор, на исход спортивных состязаний, игральные автоматы и казино

Құмар ойын мен ойын-сауыққа салынатын салық - пайда алу максатында ұйымдастырылатын құмар ойын мен ойын-сауыққа, тотализаторға, спорт жарысының нәтижесіне, ойын автоматтары мен казиноға салынатын акциздік алымның немесе салықтың нысаны

23

Налог на банки - в некоторых странах банки и кредитные учреждения облагаются особым видом подоходного налога или налогом на собственный капитал.

Банкілерге салынатын салық - кейбір елдерде банкілер мен несие мекемелеріне табыс салығының ерекше түрі немесе меншікті капиталға салынатын салык салынады

24

Налоги на социальное страхование - в большинстве стран это платежи в обязательный фонд социального страхования, которые подлежат вычету из налогооблагаемого дохода. Платежи могут принимать форму налога на трудовой доход (в форме зарплаты), не подлежащего вычету.

Әлеуметтік сақтандыруға салынатын салық - көптеген елдерде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін төлем, ол салық салынатын табыстан шегерілуге тиіс. Төлем шегерілмеуге тиіс еңбек табысына (жалақы нысанында) салынатын салық нысанында болуы мүмкін.

25

Налоговый год - календарный год

Салық жыды - күнтізбелік жыл

26

Налоговая задолженность - сумма недоимки, а также неупла­ченные суммы пени и штрафов

Салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары

27

Налог на иностранную валюту -особый налог, вводимый на операции с иностранной валютой, осуществляемые отечественными банками и уполномоченными брокерами. В некоторых странах такой налог взимается лишь на традиционные поступления от экспорта, на реализацию иностранной валюты на разрешенном свободном рынке, на реализацию иностранной валюты, используемой для импорта предметов роскоши, или в виде импортной наценки на большинство импортных товаров. Для целей подоходного налога налог на иностранную валюту рассматривается как статья расходов, на которую может быть уменьшен доход предпринимателя.

Шетелдік валютаға салынатын салық - отандық банкілер мен уәкілетті делдалдар жүзеге асыратын шетелдік валютамен байланысты операцияларға салынатын ерекше салық. Кейбір елдерде мұндай салық тек экспорттан алынатын дәстүрлі түсімдерден, сән-салтанат бұйымдарын шеттен әкелу үшін пайдаланылатын шетелдік валютаны рұқсат етілген рынокта өткізуден алынады немесе көптеген импорттық тауарларға үстеме баға түрінде салынады.

Табыс салығының мақсаттары үшін шетелдік валюта салығы кәсіпкердің табысы азайтылатын шығыс бабы ретінде қаралады.

.

27

Налог на «использование» - налог с продаж, взимаемый с товаров на территории одного государства, несмотря на то, что они были приобретены в другом государстве

"Пайдалану" салығы - баска мемлекетте сатып алынғанына қарамастан тауарлардан бір мемлекеттің аумағында алынатын сату салығы

28

Налог на лотереи - налог на продажу лотов; им также облагаются призы выигрышных лотерей. Может принимать различные формы. При обложении лотов играет роль налога с оборота; при обложении организаторов проведения лотерей и/или выигрышей, полученных участниками, играет роль налогов на доход

Лотерея салығы - лоттарды сатуға салынатын салық; бұл салық ұтыс лотереяларының жүлделеріне де салынады. Түрлі нысандарда болуы мүмкін. Лоттарға салық салу кезінде айналым салығы рөлін атқарады; лотереяларды өткізуді ұйымдастырушыларға және/ немесе қатысушылар алған ұтыстарға салық салу кезінде табысқа салынатын салықтар рөлін атқарады.

29

Налог на совершение сделки - объектом налогообложения служат такие сделки, как обороты по продаже товаров, передача недвижимости, сделки на рынке ценных бумаг и т.д.

Мәміле жасасуға салынатын салық - мынадай мәмілелер салық салу объектісі болып табылады: тауар сату бойынша айналым, жылжымайтын мүлікті табыстау, бағалы қағаздар рыногындағы мәміле т. б

30

Налог на страхование - налог, взимаемый во многих странах, с выдачи страховым обществом страхового полиса. Данный налог обычно платит страхователь, причем, налог взимается в виде определенного процента страховой премии или твердой суммы. В большинстве стран с действующим налогом на добавленную стоимость вместо этого налога взимается налог на страхование

Сақтандыруға салынатын салық - көптеген елдерде сақтандыру қоғамы сақтандыру полисін бергенде алынатын салық. Бұл салықты әдетте сақтанушы төлейді, оның үстіне сақтандыру сыйлығының белгілі бір пайызы немесе тұрақты сомасы алынады. Қосылған құнға салынатын салығы салынатын көптеген елдерде бұл салықтың орнына сақтандыруға салынатын салық алынады

31

Налог на увеличение стоимости недвижимости - налог на увеличение стоимости недвижимости, например, в результате улучшения инфраструктуры

Жылжымайтын мүлік құнының өсуіне салынатын салық - мысалы, инфрақұрылымның жақсаруы нәтижесінде, жылжымайтын мүліктің құнының өсуіне салынатын салық

32

Налоговая защита - 1) возможность законно использовать льготы или освобождение от уплаты для уменьшения налоговых обязательств, которые были бы гораздо выше при их отсутствии; 2) продуманный план уменьшения налоговых обязательств или уклонение от уплаты налогов.

Салық қорғанышы - 1) салық міндеттемелерін азайту үшін жеңілдіктерді немесе салық төлеуден босатуды заңды түрде пайдалану мүмкіндігі, бұлар жоқ болғанда салық міндеттемелері әлдеқайда көп болар еді; 2) салық міндеттемелерін азайтудың ойластырылған жоспары немесе салықтарды төлеуден жалтару деген мағынаны білдіреді.

33

Налоговая политика - официальная налоговая политика в области налогообложения, определяющая его концептуальные особенности, главные принципы, цели и задачи, условия и методы их осуществления, соответствующую информационную и законодательную базу

Салық саясаты - салық салу саласындағы ресми салық саясаты, салық салудың айқындамалық ерекшеліктерін, оларды жүзеге асырудың басты принциптерін, мақсаты мен міндеттерін, шарттары мен әдістерін, тиісті ақпараттық және заң шығарушылық базасын айқындайды

34

Налоговая система - законодательно установленный перечень всех действующих на данный момент налогов, с указанием их ставок, плательщиков и объектов обложения, порядка, условий и сроков выплаты, методологии расчета и учета, а также соответствующих административных положений

Салық жүйесі - осы сәтте қолданылып жүрген барлық салықтардың заң шығарушылық тұрғысынан белгіленген тізбесі, онда салықтардың ставкалары, салық төлеушілер мен салық салу объектілері, төлеу тәртібі, шарттары мен мерзімі, есеп айырысу мен есеп жүргізу әдіснамасы, сондай-ақ, тиісті әкімшілік ұсыныстары беріледі

35

Налоговые скидки - скидки, уменьшение прибыли или освобождение от налога, обычно предоставляемые при исчислении подоходного налога, налога с наследства и дарений, а также некоторых форм налога с оборота. В некоторых странах для обозначения данной концепции используются термины "налоговые льготы" или "освобождение от налога''.

Салық шегерімдері - шегерімдөр, пайданы азайту немесе салықтан босату, олар әдетте табыс салығын, мұра мен сый-сияпаттан алынатын салықты, сондай-ақ айналым салығының кейбір нысандарын есептеу кезінде беріледі. Кейбір елдерде бұл тұжырымдаманы көрсету үшін "салық жеңілдіктері" немесе "салықтан босату" деген терминдер қолданылады.

36

Налоговый кодекс - кодифицированный сборник, законов, указов и законодательных актов, регламентирующий распреде-ление налогового бремени и процедуру сборов налогов на уровне государства, департаментов, муниципалитетов и др. Общий налоговый кодекс включает в себя кодекс гербового и регистрационного сбора, кодекс инвестирования и, в некоторых странах, процессуальный кодекс

Салық кодексі - заңдардың, жарлықтардың және заң актілерінің кодталған жинағы, бұл жинақ мемлекет, департаменттер, муниципалитеттер және басқа бірліктер деңгейінде салық ауыртпалығын бөлуді және салық алымдары тәртібін реттейді. Жалпы салық кодексінде елтаңба және тіркеу алымының кодексі, инвестициялау кодексі және кейбір елдерде іс жүргізу кодексі қамтылады.

37

Налогооблагаемый доход - сумма дохода, на которую начисляется налог (сумма, к которой применяется налоговая ставка, или чистый налогооблагаемый доход). Термин может означать сумму дохода, из которой вычитают затраты на получение этого дохода, суммы по налоговому кредиту, скидки с подоходного налога и другие льготы. После всех вычетов к оставшейся сумме (валовому налогооблагаемому доходу) применяется налоговая ставка.

Салық салынатын табыс - салық есептелетін табыс сомасы (салық ставкасы қолданылатын сома немесе салық салынатын таза табыс). Термин табысты алуға жұмсалған шығын шегерілетін осы табыс сомасы, салық кредиті бойынша сома, табыс салығынан шегерімдер және басқа жеңілдіктер шегеріп тасталатын табыс сомасын білдіреді. Барлық шегерістерден кейін қалған сомаға (салық салынатын жалпы табысқа) салық ставкасы қолданылады

38

Налоговые привилегии филиальных обществ - налоговые льготы или освобождение от налога, предоставляемые доходу, распределяемому в виде дивидендов "дочерним" обществом, зарегистрированным в стране, основному обществу, владеющему определенной минимальной долей акций, с целью уменьшения двойного (или многократного) налогообложения дивидендов. Необходимая доля паевого участия в дочернем обществе в различных странах неодинакова и может применяться понятие минимального периода владения пакетом акций. В соответствии с законодательством некоторых стран и договорами о налогах, привилегии могут предоставляться и дивидендам, получаемым от филиальных обществ, не зарегистрированных в стране.

Филиалдық қоғамдарға берілетін салық артықшылықтары - осы елде тіркелген "еншілес" қоғам акциялардың белгілі бір ең аз үлесін иеленетін негізгі қоғамға дивиденд түрінде бөлетін табысқа осы дивидендке қос немесе (көп дүркін) салық салынуын азайту мақсатымен берілетін салық жеңілдіктері немесе салықтан босату. Еншілес қоғамға үлестік жарнамен қатысудың қажетті үлесі түрлі елдерде бірдей емес және кейбір жағдайда акциялар пакетін иеленудің ең аз кезеңі деген ұғым қолданылады. Кейбір елдердің зандарына және салық туралы кейбір шарттарға сәйкес салық артықшылықтары осы елде тіркелмеген филиалдық қоғамдардан алынатын дивидендке де беріледі.

39

Налоговый учет - специальный учет в целях налогообложения, позволяющий беспрепятственно в полном объеме выполнять возложенные на него функции и лишь использующий при производстве необходимых для этого расчетов некоторые, приведенные в параллельном с ним бухгалтерском учете, данные. Налоговый учет строится на иной идеологии: налогооблагаемая база для исчисления суммы налога определяется независимо от полученных предприятием по данным бухгалтерского учета финансовым результатам. Применяемые термины имеют другой смысл, чем в бухгалтерском учете. Например, под убытками там понимается не превышение расходов над доходами согласно балансовому отчету, как здесь, а превышение суммы предус-мотренных законом необлагаемых вычетов за налоговый год над совокупным годовым доходом. Ведение такого учета предусмотрено налоговым законодательством РК.

Салық есебі - салық салу мақсатындағы арнаулы есеп, өзіне жүктелген міндеттерді кедергісіз толық көлемде орындауға мүмкіндік береді және бүл үшін қажетті есеп айырысуды жүргізу кезінде тек онымен қосарлас келтірілген бухгалтерлік есепте келтірілген кейбір деректерді ғана пайдаланады. Салық есебі өзге идеология негізінде құрылады: тиісті салық сомасын есептеу үшін салық салу базасы кәсіпорынның бухгалтерлік есеп деректері бойынша алған қаржы нәтижелеріне қарамастан айқындалады. Салық есебінде қолданылатын терминдер көбінесе бухгалтерлік есептегіден гөрі мүлде басқа мағынаны білдіреді. Мысалы, онда залал дегеніміз мұндағыдай баланстық есеп бойынша шығыстың кірістен асып түсуі емес, заңда көзделген салық жылындағы салық салынбайтын шегерістер сомасының жылдық жиынтық табыстан асып түсуі. ҚР салық зандарында нақ осындай есепті жүргізу көзделген

40

Налогообложение по постоянному месту пребывания - лица с постоянным местопребыванием в стране подлежат налогообложению по совокупному доходу, полученному внутри страны и за рубежом, а нерезиденты - по доходу, полученному на территории данной страны.

Тұрақты тұрғылықты мекені бойынша салық салу - осы елде тұрақты тұрғылықты мекендейтін адамдарға салық ел ішінде және шетелде алынған жиынтық табыс бойынша, ал резидент еместерге осы елдің аумағында алынған табыс бойынша салынуға тиіс.

41

Налогоплательщик - лицо, являющееся плательщиком налогов

и других обязательных платежей в бюджет

Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға

42

Налоговый агент - индивидуальный предприниматель, частный нотариус, адвокат, юридическое лицо, в том числе нерезидент, осуществляющий деятельность в Республике Казахстан через постоянное учреждение, филиал, представительство, на которых в соответствии с на­стоящим Кодексом возложена обязанность по исчислению, удержанию и перечислению налогов, удерживаемых у источника выплаты

Салық агенті - салық Кодекске сәйкес төлем кезінен ұсталатын салықтарды есеп­теу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адво­кат, заңды тұлға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға

43

Налоговый режим - совокупность норм налогового законодательства, применяемых налогоплательщиком при исчислении всех на­логовых обязательств по уплате налогов и других обязательных плате­жей в бюджет, установленных настоящим Кодексом

Салық режимі - салық Кодексінде белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы

44

Налоговая экспертиза – обязательная экспертиза, включающая в себя анализ и оценку проекта контракта на недропользование, заключаемого компетентным органом, дополнений и изменений к нему, проводимая с целью закрепления налогового режима, включая установление специальных платежей и налогов недропользователей в соответствии с законодательством Республики Казахстан

Салық сараптамасы – құзыретті орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерістерге талдау жасау мен баға беруді қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайданушылардың арнаулы төлемдері мен салығын белгілеуді қоса алғанда, салық режимін бекіту мақсатында жүргізілетін міндетті сараптама

45

Налог с валового дохода – в некоторых странах подоходный налог взимается с валового дохода (обычно по низким ставкам) без уменьшения его на сумму затрат. Валовой доход может быть определен как валовая выручка в виде наличности или имущества, приобретенного плательщиком в виде вознаграждения за предоставленные услуги независимых подрядчиков, или валовая выручка плательщика, полученная от промысла, предпринимательской деятель-ности, предоставления услуг, процентов, дивидендов, гонорара, арендной платы, различных сборов и др. Может называться налогом на валовую прибыль в отличие от налога на валовую выручку.

Жалпы табыстан алынатын салық - кейбір елдерде табыс салығы жалпы табыстан оны шығын сомасына азайтпастан алынады (әдетте темен ставка бойынша). Жалпы табыс салық төлеушінің тәуелсіз мердігерлердің көрсеткен қызметі үшін сыйақы түрінде алынған қолма-қол ақша немесе мүлік түріндегі жалпы түсімі немесе төлеушінің кәсіпшіліктен, кәсіпкерлік қызметтен, қызметтер көрсетуден, соның ішінде процент, дивиденд, гонорар, жалгерлік төлем, түрлі алымдар, т.б. төлеуден алынған жалпы түсімі ретінде айқындалады. Жалпы табысқа салынатын салық жалпы түсімге салынатын салықтан өзгеше түрде жалпы пайдаға салынатын салық деп аталады

46

Недоимка - начисленные и не уплаченные в срок суммы налогов и других обязательных платежей в бюджет

Бересі - есептелген және мерзімінде төленбеген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары

47

Недропользователи - физические и юридические лица, осуществляющие операции по недропользованию, включая нефтяные опе­рации, на территории Республики Казахстан в соответствии с законода­тельными актами Республики Казахстан

Жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланужөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

48

Премия по долговым ценным бумагам - разница между стоимостью первичного размещения (без учета купона) или стоимостью приобретения (без учета купона) и номинальной стоимостью долговых ценных бумаг, условиями выпуска которых предусматривается выплата купона

Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма

49

Производные ценные бумаги - ценные бумаги, удостоверяющие права по отношению к базовому активу данных производных цен­ных бумаг. К производным ценным бумагам относятся: опционы, свопы, форварды, фьючерсы, депозитарные расписки, варранты и другие цен­ные бумаги, признанные производными ценными бумагами в соответ­ствии с законодательством Республики Казахстан. Базовыми активами могут быть стандартизованные партии товаров, ценные бумаги, валюта и финансовые инструменты

Туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активіне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлік қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкін

50

Работник - физическое лицо, состоящее в трудовых отноше­ниях с работодателем и непосредственно выполняющее работу по индивидуальному трудовому (коллективному) договору; член совета ди­ректоров акционерного общества, за исключением государственных слу­жащих

Қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тікелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі

51

Реализация - отгрузка товаров, выполнение работ и предоставление услуг с целью продажи, обмена, безвозмездной передачи, а также передача заложенных товаров залогодержателю

Өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды тиеп жіберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепілге берілген тауарларды кепіл ұстаушыға беру

52

Регистрационные сборы и налоги – посто­янный или изменяющийся сбор, взимаемый при совершении сделок по передаче собственности или права распоряжения движимым и недвижимым имуществом; при учреждении компании или изменении организационного строения компании (при слиянии, увеличении акционерного капитала, передаче акции, реорганизации или при изменениях, вносимых в регистры и устав компании) при признании долгов и т.д.

Тіркеу алымдары мен салықтары - меншікті немесе жылжитын немесе жылжымайтын мүлікті иелену құқығын табыстау жөніндегі мәмілені жасасқанда; компания құрылғанда немесе компаниялардың ұйымдық құрылымы өзгергенде (акционерлік капитал қосылғанда, молайғанда, акцияларды табыстауда, қайта ұйымдастырылғанда немесе тізімдемеге және компанияның жарғысына өзгертулер енгізілгенде), борыштар танылғанда, т.б. алынатын тұрақты немесе өзгермелі алым

53

Регистрационный номер налогоплательщика - номер, присвоенный налоговой службой юридическому или физическому лицу, имеющему налоговые обязательства (РНН)

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі - салық қызметі салық міндеттемелері бар заңды немесе жеке тұлғаға берген нөмір (СТН)

54

Роялти – платеж за: право пользования недрами в процессе добычи полезных ископае­мых и переработки техногенных образований; использование или право использования авторских прав, программ­ного обеспечения, патентов, чертежей или моделей, товарных знаков или других подобных видов прав; использование или право использова­ния промышленного, торгового или научно-исследовательского обору­дования; использование «ноу-хау»; использование или право использо­вания кинофильмов, видеофильмов, звукозаписи или иных средств за­писи.

Роялти – мыналар үшін: пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; «ноу-хауды» пайда-ланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем.

55

Рыночный курс обмена валют-

средневзвешенный биржевой курс тенге к иностранной валюте, сло­жившийся на основной сессии Казахстанской фондовой биржи и определенный в порядке, устанавливаемом Министерством финансов Рес­публики Казахстан совместно с Национальным Банком РК; курс тенге к иностранным валютам, по которым на Казахстанской фондовой бирже не проводятся торги, рассчитывается с использовани­ем кросс-курсов в порядке, устанавливаемом Министерством финансов Республики Казахстан совместно с Национальным Банком РК

Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – қазақстандық қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған теңгенің шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;

теңгенің қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ҚРң Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар

пайдаланыла отырып есептеледі

56

Сборы – обязательные платежи, взимаемые уполномоченными государственными органами с конкретных юридических или физических лиц в связи с оказанными ими услунами

Алымдар – мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан нақты заңды немесе жеке тұлғаларға көрсетілген қызметтерге байланысты сол тұлғалардан алынатын міндетті төлемдер

57

Сводный баланс – по законам ряда стран компании, организованные в группу, могут подавать совместную налоговую декларацию от имени основного общества. Таким образом, для налоговых целей группа рассматривается как одно предприятие. В большинстве стран сводный баланс может быть представлен налоговому органу лишь в том случае, если основное общество владеет по меньшей мере 95% (в некоторых случаях –100%) акций дочернего общества. Некоторые страны разрешают подавать совместную декларацию, если соответствующая деятельность основного и дочернего общества настолько интегрированы, что дочернее общество полностью зависит от основного своими финансами, хозяйством и организационно.

Жиынтық баланс – бірқатар елдердің заңдары бойынша топқа ұйымдасқан компаниялар негізгі қоғамның атынан бірлескен салық мағлұмдамасын бере алады. Сөйтіп, салық мақсаттары үшін осы топ бір кәсіпорын ретінде қаралады. Көптеген елдерде негізгі қоғам еншілес қоғам акцияларының кемінде 95 % (кейбір реттерде – 100 %) иеленген жағдайда ғана салық органына жиынтық баланс беріледі. Негізгі және еншілес қоғамның тиісті қызметінің біріктірілгені соншалық, тіпті еншілес қоғам өзінің қаржысымен, шаруашылығымен және ұйымдық жағынан негізгі қоғамға толық тәуелді болатын жағдайда кейбір елдер бірлескен мағлұмдама беруге рұқсат етіледі.

58

Специальный налоговый режим – особый порядок расчетов с бюджетом, устанавливаемый для отдельных категорий налогоплатель­щиков и предусматривающий применение упрощенного порядка исчис­ления и уплаты отдельных видов налогов и платы за пользование зе­мельными участками, а также представления налоговой отчетности по ним

Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі

59

Спонсорская помощь – имущество, предоставляемое на безвозмездной основе с целью распространения информа­ции о лице, оказывающем данную помощь:

физическим лицам в виде финансовой (кроме социальной) поддержки для участия в соревнованиях, конкурсах, выстав­ках, смотрах и развития творческой, научной, научно-техни­ческой, изобретательской деятельности, повышения уровня образования и спортивного мастерства;

некоммерческим организациям для реализации их устав­ных целей

Демеушілік көмек – осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;

коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік

60

Структурное подразделение юридического лица – фили­ал, представительство

Заңды тұлғаның қурылымдық бөлімшесі – филиал, өкілдік

61

Товарная номенклатура внешнеэкономической деятель­ности – система кодов товарной классификации, основанная на гармо­низированной системе описания и кодирования товаров

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы – тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгілеудің үйлестірілген жүйесіне негізделген кодтары жүйесі

62

Уполномоченный государственный орган – государствен­ный орган Республики Казахстан, обеспечивающий налоговый контроль за исполнением налоговых обязательств перед государством

Уәкілетті мемлекеттік орган – мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы

63

Уполномоченные органы – государственные органы РК, за исключением налоговых органов, уполномоченные Правительством Республики Казахстан осуществлять исчисление и (или) сбор обязательных платежей в бюджет

Уәкілетті органдар – бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары

64

Услуги по обработке информации – услуги по осуществле­нию сбора и обобщению, систематизации информационных массивов и предоставлению в распоряжение пользователя результатов обработки этой информации

Ақпараттарды өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету – ақпараттық массивтерді жинау мен қорытуды, жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуіне беру жөніндегі қызметтер

65

Электронный документ налогоплательщика – электронный документ, переданный в установленном электронном формате, удосто­веренный электронной цифровой подписью налогоплательщика после его приема и подтверждения аутентичности

Салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат

66

Электронная цифровая подпись налогоплательщика – последовательность электронных цифровых символов, созданная средствами электронной цифровой памяти и подтверждающая достоверность электронного документа, его принадлежность налогоплательщику и неизменность содержания

Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі

67

Ценные бумаги – акции, долговые ценные бумаги, производные ценные бумаги и иеык объекты имущественного права, признанные ценными ьумагами в соответствии с законодательством Республики Казахстан

Бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қагаздар деп танылған мүліктік құқықтың өзге де объектілері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]