Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_arzhy_1179_yzmeti.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
119.6 Кб
Скачать

Мазмұны

1 Қаржы қызметі туралы жалпы түсінік 1.1. Қаржының қалыптасу тарихына шолу 1.2. Қаржының мәні мен қажеттілігінің теориялық аспектілері 1.3. Қаржы қоғамдық дамуға әсер ететін механизм ретінде

5

7

8

2 Қазақстан Республикасындағы қаржы қатынастарына анализ жасау және бағалау 2.1. Қаржы жүйесінің даму сатылары 2.2. Қаржы нарығының құрамына анализ жасау 2.3. Қаржы жүйесі. ҚР және шетелдік қаржы жүйелерін талдау

12

14

24

3 Қаржы қызметін дамыту жолдары

3.1. Қазақстандағы қаржыны дамытудың жолдары

31

3.2. Шетелдік тәжәрибемен салыстыру, оны қолданысқа енгізу

41

Қолданылған әдебиеттер

44

Қорытынды

46

Кіріспе

Қаржы — ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша—бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығыңдары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Қаржы — бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің үғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Қаржы қатынастарының алғашқы бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

1 Қаржы қызметі туралы жалпы түсінік

1.1. Қаржының қалыптасу тарихына шолу

Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған француздың «finance» сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады [1].

Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту саласы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржы — ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.

Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл саласын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да каржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді [1].

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша—бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығыңдары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Экономикалық категория ретінде қаржыға тән сипаттар:

  • ақшалы сипат;

  • тарату сипаты;

  • қор құру сипаты;

  • мақсатты сипат;

  • эквивалентті сипат.

Қаржы — бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Қаржы қоғамның даму қажеттіліктеріне байланысты объективті түрде керек. Мемлекет қаржы қатынастарының объективтік қажеттілігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысанын қолдануы мүмкін: әр түрлі төлем түрлерін енгізу және жою, қаржы ресурстарының пайдалану нысанын өзгерту және т.б.

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін ғана емес, сонымен бірге оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржының функциялары жөнінде жиі екі тұжырымдама қолданылады:

бөлу және ұдайы өндіріс концепциялары.

Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында — ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды [2].

Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарьп тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.

Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі- қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді [3].

Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

- өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;

- елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;

- қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;

- қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.

Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу жәнс қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін камтамасыз етеді.

Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтык қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді.

2-ші тұжырымдамаға сәйкес қаржы 3 функцияны атқарады:

- ақша қорларын қалыптастыру,

- ақша қорларын пайдалану;

- бақылау.

Бірақ, ғылыми әдебиеттерде қаржыларға бұл функциялардан басқа да функциялар тән екенін табуға болады: өндірістік, ынталандырушы, реттеуші және т.б.