Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_arzhy_1179_yzmeti.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
119.6 Кб
Скачать

2 Қазақстан Республикасындағы қаржы қатынастарына анализ жасау және бағалау

2.1. Қаржы жүйесінің даму сатылары

Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қаты-настарының біршама дербес мына салаларынан тұрады:

  1. Жалпымемлекеттік қаржы.

  2. Шаруашылық субъектілердің қаржылары.

  3. Халықтың қаржысы.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Жалпымемлекеттік қаржылар

Шаруашылық субъектілер қаржылары

Халық қаржысы

ҚР бюджет жүйесі

Мемлекет-

тік бюджет-

тен тыс қорлар

Мемле-

кеттік несие

Материалдық өндіріс саласының қаржысы

Өндірістік емес сала қаржысы

Сурет 1. ҚР қаржы жүйесінің құрылымы

Қаржы қатынастарының алғашқы бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Мемлекеттің қаржысы — қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің каржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджет — экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын каржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар — қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықша нысаны.

Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыруды кепілдендіреді; олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік органдары иек артатын қаржы резерві рөлін орындайды.

Мемлекеттік кредит - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жургізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім — қоғамның қаржы ресустарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы саласы болып табылады.

Халықтың (үй шаруашлығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес салаларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.