Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

2) Білу керек

Номинация родства: Форма вежливого обращения

1. Әке – шеше, ата-ана – родители

2. Ана, шеше – мать шешей

3. Әке – отец әкей

4. Жиен – племянник

5. Ата – дедушка

6. Әже – бабушка әжетай

7. Қарындас – сестренка (мужчине)

8. Аға – брат ағай

9. Әпке – старшая сестра

10. Сіңлі – сестренка (женщине)

11. Бауыр – братишка

12 Іні – братишка інішек, інім

13. Тәте – тетя

14. Немере – внук

15. Жезде – зять жездеке

16. Жеңге - сноха жеңгетай, жеңеше

3) Менің отбасым

Менің есімім – Сергей. Менің отбасым үлкен емес. Онда небары бес адам бар. Олар: әкем, шешем, әпкем, ағам және мен. Менің інім, қарындасым жоқ. Әжем мен атам бар. Олар басқа қалада тұрады. Олар – зейнеткерлер. Ағам мен әкем зауытта жұмыс істейді. Ағамның аты – Игорь. Игорь жиырма жетіде. Ол бухгалтер-экономист. Осы жазда ол үйленеді. Әпкем университетте оқиды. Оның аты Лена. Ол - үшінші курста. Ол жиырма бірде. Анам шағын кәсіпорында жұмыс істейді. Ол кассир/есепші/. Мен бірінші курста оқимын. Болашақта менің салыққа байланысты жұмысқа барғым келеді.

4 Менің күн тәртібім

1) Диалог

Асқар: Сәлем, Наташа! Сені бүгін көрген жоқпын. Ауырып қалғаннан амансың ба?

Наташа: Жоқ, аман-саумын. Бірақ кеше Маринамен дискотекада болдық. Кеш келдік. Оған қоса, үйге келген соң сағат бірге дейін теледидар көрдік. Сондықтан таңертең қалып келдім. Жаңа ғана келдім.

Наташа: Асқар, сен берілген тапсырмаларды орындадың ба?

Асқар: Иә, қазір саған да түсіндіремін.

Наташа: Асқар, шын айтсам, мен саған таң қаламын. Сен қай уақытта бәрін істеп үлгересің?

Асқар : Күн тәртібіңді дұрыс жолға қойсаң, сен де үлгересің.

Наташа : Күн тәртібімді? Оның оқуға кандай қатынасы бар? Сонда сенің күн тәртібің қандай?

Асқар: Мен таңертең ерте, сағат жетіде, тұрамын. Дене шыңықтыру жаттығұларын жасағаннан кейін, жуынамын, тісімді тазалаймын, қырынамын, таранамын. Содан кейін тамақ ішемін. Жеті жарымда үйден аялдамаға шығамын. Жұмыс тоғызда басталады да, сағат алтыға қарай аяқталады. Түскі тамақты асханада үзіліс кезінде ішемін. Кейде жұмыстан кейін кітапханаға барамын. Кітапханадан кейін бокс секциясының жаттығуларына барамын. Сағат тоғызда тамақ ішемін. Сағат онда теледидардан соңғы жаңалықтарды көремін, содан кейін он жарымға қарай ұйықтаймын, өйткені ертеңінде ерте тұру керек қой.

Наташа: Сонда сен музыка тыңдамайсың ба? Телефонмен сөйлеспейсің бе? Ғажап екен…

Асқар (күліп): Сөйлесемін де, тыңдаймын да, бірақ оларға демалыс күні берілген. Ал демалыс күні туралы мен саған келесі рет айтып берейін.

Сөздік

Көрген жоқпын – не видел

Қалып қалу, кешігіп қалу – опоздать

Түсінікті – понятно

Жаңа ғана – только что

Басталады – начинается

Таң қаламын – удивляюсь

Үзіліс – перерыв

Үлгеру – успевать

Дайындалу – готовиться

Жаттығу – тренировка

Қатынас/ы/ – отношение

Тыңдау – слушать

Ұйықтау – спать

Соңғы жаңалық – последние новости

Дұрыс жолға қойсаң – если правильно расположишь, распорядишься

Айтып берейін – давай расскажу

Өйткені – потому что

Қайталау – повторить

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]