Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

2) Монолог 1 Өмірбаян

Мен, Омаров Асқар Ертайұлы, бір мың тоғыз жүз сексен бірінші жылы шілде айының жиырма үшінші жұлдызында Ақтоғай ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. Бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылы Ақтоғай орта мектебін бітірдім. Мектеп бітірген соң жарты жыл әскерге дейін жүргізуші болып жұмыс істедім. 1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін әскерде болдым. Екі мың бірінші жылы

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті экономика факультетінің бірінші курсына түстім. Менің болашақ мамандығым – бухгалтерлік есеп (бухгалтерский учет). Отбасы жағдайым – бойдақпын. Менің мекен-жайым – Павлодар қаласы, Калинин көшесі, 94 - үй, 24- пәтер.

2 Өмірбаян

Мен, Артемьева Нина Петровна, мың тоғыз жүз сексен екінші жылы 15 ақпанда Павлодар қаласында тудым. Мен – орыспын. Бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылы қалалық № 22 орта мектебін бітірдім. Мектептен кейін «Арай» сауда үйінің сатушысы болып жұмысқа орналастым. Былтыр мені бөлім меңгерушісі қылып тағайындады. Білімімді жетілдіру үшін мен Павлодар мемлекеттік университеті экономика факультетінің сырттай оқу бөліміне түстім. Мен («Банк ісі» - Банковское дело, «Жергілікті мемлекеттік басқару» - Государственное местное управление, «Қаржы» - Финансы) мамандығына оқып жүрмін. Тұрмысқа (күйеуге) шыққан жоқпын. Мен Павлодар қаласындағы Калинин көшесіндегі жиырма бесінші үйдің жүз елу төртінші пәтерінде тұрып жатырмын.

Сөздік

Мекен жай – адрес, место жительства

Бөлім меңгерушсіі – заведующая отделом

Жүргізуші – водитель

Тағайындау – назначить

Бойдақ – холостой

Мамандық – специальность

Тұрып жатырмын – проживаю

Мектеп бітірген соң – после окончания школы

Сырттай – заочно

Болашақ – будущая/ее,ий/

Орналасу – здесь:устроиться

Жағдай – положение, ситуация

3) Тапсырма: Сұрақтарды пайдалана отырып, өмірбаян мәтінін құрастырыңыз.

  1. Сіздің аты-жөніңіз кім? Сіз қашан және қайда тудыңыз? Ұлтыңыз кім? Орта мектепті қайда және қашан бітірдіңіз? Мектептен кейін не істедіңіз? Университетке қашан түстіңіз? Сіздің (болашақ) мамандығыңыз қандай? Салық комитетінде кім болып істейсіз? Сіз қазір қайда тұрып жатырсыз?

3 Біздің отбасымыз (Менің отбасым)

1) Диалог

Наташа: Амансың ба, Асқар. Сен өткен сенбіде сабақта неге болмадың?

Асқар: Сәлем, Наташа. Хал-жағдайың қалай? Сабақта болмағаным рас. Үйге барып келдім.

Наташа: Үйдегілерің аман-сау ма?

Асқар: Бәрі де жақсы. Әкемнің туған күнін тойладық. Менім әкем қазір елу үште. Ол Павлодар қаласы бойынша салық комитетінде жұмыс істейді.

Наташа: Анаң да салық жүйесінде істейтін шығар?

Асқар: Жоқ, шешем – дәрігер. Ол балаларды емдейді. Ол әкемнен екі жас кіші. Ол қазір елу бірде. Өткен жылы мерейтойын өткіздік.

Наташа: Қарындасың қалай? Атын ұмытып тұрмын…

Асқар: Қарындасымның есімі – Сәуле. Ол қазір мектепте он бірінші сыныпта оқиды.

Наташа: Оқуы қалай?

Асқар: Жақсы оқиды. Мектеп бітірген соң университетке түскісі келеді. Ағам сияқты заңгер болғысы келеді. Ағамның аты Есбол. Ол жиырма тоғызда. Оның өз отбасы бар, сондықтан ол бөлек тұрады. Менің екі жиенім бар. Наташа, ал сен демалысты қалай өткіздің?

Наташа: Біз әжемізбен бірге әке-шешемнің үйінде болдық. Шай іштік, әңгімелестік, теледидар көрдік. Інім мен сіңлім қуана қарсы алды.

Асқар: Ата-анаң аман-сау ма? Олар қазір нешеде?

Наташа: Менің ата-анам әлі жас. Әкем, Николай Сергеевич, қырық екіде. Ол қазір «Қазақстан алюминий» акционерлік қоғамында инженер болып істейді. Ол осы мен оқып жүрген факультетті бітірген.

Асқар: Сонда сендерде бәрі инженер ме?

Наташа: Жоқ, шешем, Ирина Андреевна, балабақшада тәрбиеші болып істейді. Ал менің әжем бұрын нотариус болып істеген. Ол – зейнеткер.

Асқар: Інің мен сіңлің мектепте оқиды ма?

Наташа: Әрине, бауырым Миша жетінші сыныпта, ал сіңлім Марина-бесінші сыныпта. Екеуі де жақсы оқиды. Асқар, сосын сөйлессек қайтеді? Маған сабаққа бару керек.

Асқар: Жарайды, Наташа. Қайта кездескенше.

Наташа: Сау бол, Асқар.

Сөздік

барып келу – съездить

балабақша – детсад

сабақ беру – преподавать

тәрбиеші – воспитатель

емдеу – лечить

зейнеткер – пенсионер

бару керек – надо идти

мерейтой – юбилей

заңгер – юрист

әңгімелесу – беседовать

бөлек тұру – жить отдельно

атын ұмыту – забыть его имя

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]