Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_1201_1179_y_1179_negizderinen.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
367.1 Кб
Скачать
  1. Қр Қылмыстық Кодексінің қабылдануы және заңды күшіне енуі.

Қабылданған уақыты: 16.07.1997 Деректер базасы жаңарған уақыты: 09.09.2011

  1. Қылмыстың жіктелуі. қоғамға қауіптілік, құқыққа заңға қайшылық, кінә, жазаланушылық...

10-бап. Қылмыс санаттары     1. Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.       2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.       3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.       4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.       5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

  1. Қылмыс. 9-бап. Қылмыс ұғымы

      1. Осы Кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берiлмейдi.       2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген қайсыбiр әрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiптi емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және зиян келтiру қаупiн туғызбаған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды.

  1. Қылмыстық құқықтың пәні және әдістері.

Қылмыстық құқық пәніне қылмыстың жасалуымен байланысты туатын қоғамдық қатынастар жатады. Қылмыстық құқықтың реттеу әдісі қылмыстылықты, қылмыстың жасалуына заңдық тиым салу мен олардың жазалылығын анықтаудан тұрады.

  1. Қылмыстық құқықтың қағидалары.

--- Заңдылық, заң мен соттың алдында барлығының құқығы тең, адамгершілік, әділеттілік, жазадан құтылмайтындылық, жеке жауаптылық, кінәлі жауаптылық қағидалары...

  1. Қылмыстың құрамы.

--- Қылмыстың құрамы: қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс әрекеттерді белгілі бір қылмыстардың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың субъективтік және объективтік жақтарынан құралған белгілерін айтамыз...

  1. Объект, субъект, объективтік жағы және субъективтік жағы.

---Қылмыстың субъектісі: белгілі бір жасқа толған өз әрекетіне жауап беретін психикалық есі дұрысты айтамыз...Қылмыстың объектісі: қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз... Қылмыстың субъективтік жағы: мінез құлқының психикалық жағдайы...Қылмыстың объективтік жағы: қылмыскердің сыртқы мінез құлқын айтамыз...

  1. Жаза және оның түрлері.

--- Жаза-мемлекеттің қылмыскерге қолданылатын арнайы шарасы б.т. Ол мемлекет атынан жургізіледі. Жаза қылмыскерді жауапкершілікке тарту, қылмысты алдын алу, тәрбие үшін қажет. Жаза:негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі жаза: айыппұл салу, белгілі бір лауазымдыды атқару құқығынан айыру және т.б. Қосымша жаза: мүлікті тәркілеу, дәрежесінен, наградаларынан шенінен және т.б айыру...

  1. Қылмысқа қатысу.

 27-бап. Қылмысқа қатысу ұғымы Екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.

    28-бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi

      1. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесушi орындаушымен бiрге қылмысқа қатысушылар деп танылады.       2. Қылмысты тiкелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бiрге тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.       3. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.       4. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады.       5. Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уәде берген адам көмектесушi деп танылады.