Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_1201_1179_y_1179_negizderinen.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
367.1 Кб
Скачать
  1. Ажырасу. Сотта және ахат-та.

14-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату

Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес жағдайлар нәтижесінде (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.

Ерлі-зайыптылар арасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы, ата-аналар мен осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.

238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды

мемлекеттік тіркеу үшін негіздер

1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші, белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқығы бар ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіздер болып табылады.

2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі. 

3. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

4. Ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша:

1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;

2) жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;

3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда бұзылады.

  1. Отбасы кодексінің қабылдануы және заңды күшіне енуі.

Қылмыстық құқық түсінігі. Қылмыстық заң.

---       1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары

      1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.       2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

  1. Қылмыстық жаза түсінігі және түрлері.

38-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары

1. Жаза дегенiмiз соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.       2. Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.

      39-бап. Жазаның түрлерi

      1. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:       а) айыппұл салу;       б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;       в) қоғамдық жұмыстарға тарту;       г) түзеу жұмыстары;       д) әскери қызмет бойынша шектеу;       е) бас бостандығын шектеу;       ж) абақтыда ұстау;       з) алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен;       и) бас бостандығынан айыру;       к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.       2. Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:       а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;       б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.       3. Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.