Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_1201_1179_y_1179_negizderinen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
367.1 Кб
Скачать
  1. Құқықтық қатынастың белгілері.

а) бұл əлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты бай-ланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ə) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдай-ларға қатысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қа-тысушыларының еркі қажет;

г) бұл мемлекетпен қорғалатын жəне қамтамасыз етілетін қа-тынастар.

  1. Абсолюттік құқықтық қатынас.

Абсолюттік құқықтарға: меншік құқығы, барлық жеке мүліктік емес құқықтар жатады. Бұл — сайлау құқығы, баспана құқығы, азаматтық, құқығы, қорғану құқығы, авторлық құқық, ой-пікір және ар-ождан бостандығы құқығы және т.б.

  1. Салыстырмалы құқықтық қатынас.

Басқа міндетті адам немесе адамға қатысы бойынша, заңды немесе жеке тұлғанын құқығы. Салыстырмалы (міндеттемелік) құкық, негізі жоқ мүлікті сатып алу мен сақтаудан, мүлік пен денсаулыққа залал келтіруден, шарттардан, құқықтық ақтілерден, нақты адамдар арасында міндеттемелік құкықтық қатынастар пайда болатын басқа заңдық фақтілерден туындайды. Міндеттемені орындау белгілі бір (талап етілетін) әрекетті жасауы тиіс не болмаса керісінше, басқа адамның пайдасы үшін оны жасаудан бас тартуы қажет борышкерге жұктеледі: сатушы затты сатып алушынын меншігіне беруі тиіс, мердігер — тапсырысшы үшін жұмысты атқаруы қажет, залал келтіруші — жәбірленушіге зиянды өндіріп беруі керек.

  1. Жалпы және нақты құқықтық қатынас.

  1. Реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынас.

  1. Құқықтық қатынастар құқықтың жүйе-саласына орай қалай бөлінеді.

  1. Құқық қабілеттілік. Әрекет қабілеттілік. Деликтқабілеттілік.

Құқыққабілеттік – бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Əрекетқабілеттік – бұл тұлғаның өз əрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Əрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық – 18 жастан басталады; жартылай – 14 пен 18 жас аралығында болады.

Əрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілген-дей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана жəне конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорға-нысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын-да қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін

Деликтқабілеттілік — тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.

  1. Заңды тұлға түсінігі.бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мəртебе тұлғаның іс жүзіндегі (əлеуметтік) мəртебесін, оның қоғамдағы нақты жағ-дайын бекітеді.

  1. Құқықтық қатынастың объектілері.

бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағыт-талған жəне осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория. Материалдық игіліктер; - Материалдық емес игіліктер; - Рухани шығармашылық өнімдері; - Құқықтық қатынасқа қатысушылардың іс əрекетінің нəтижесі; - Құнды қағаздар мен құжаттар