Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_1201_1179_y_1179_negizderinen.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
367.1 Кб
Скачать
  1. Құқықтың функциялары.

Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыттары.

  1. Құқықтың негізгі функцияларының түрлері.

Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:

1) сыртқы жақ, бұған сəйкес құқықтың əлеуметтік функция-лары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынас-тарды реттейді, меншік нысанын бекітеді жəне т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттей-ді жəне т.б.), тəрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық əсер етеді жəне т.б.) функция-лар.

2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар – реттеуші жəне қорғаушы функциялар.

  1. Құқықтың реттеу функциясы.

Реттеуші функция – бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сəйкес қатынастарды дамытуға жəрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден жəне заңды мін-деттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық əсер етудің əлеу-меттік мақсатпен байланысты бағыты.

Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастыра-ды: реттеуші статистикалық жəне реттеуші динамикалық функ-циялар.

Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынас-тарға оларды белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен əсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мəнге ие.

Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынас-тарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен əсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, əкімшілік, ең-бек құқығының институттарынан көрініс табады.

  1. Құқықтың қорғау функциясы– бұл ерекше маңызды экономикалық, сая-си, ұлттық жəне жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орын-даудың тəртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

  1. Құқықтың функциясы.

  1. Қоғамның әр саласына орай құқықтың функцияларының бөлінуі.

  1. Мемлекеттегі билікке орай құқық функцияларының бөлінуі.

  1. Құқық нысандары.

  1. Құқық нысанының түрлері.

  1. Құқықтық әдет-ғұрып.

Əдет ретінде күнделікті қалып-н əрекеттердің нəтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нəтижесінде оларды сақтау əдетке айналған нормалар əдет нормалары деп аталады. Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпшіліктің əдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау əдеті). Кейбір жағдайларда санкцияланған əдет құқықтың қайнар көзі болып табылады.

  1. Прецеденттік құқық нысаны. нормативтік-соттық англо-саксондық құқықтық жүйелер жанұясы

  1. Құқықтық доктрина.

  1. Нормативтік шарттар.

  1. Нормативті-құқықтық акт түсінігі, түрлері.

--- Референдумда қабылданған не уәкілетті орган не мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған құқықтық нормаларды белгілейтін олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат...

  1. Құқықтық нормалар түсінігі.

Құқық нормасы – бұл мемлекетпен танылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережелері, олардан қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туындайды

  1. Құқықтық нормалар түрлері.

---гипотиза, диспозиция, санкция...

  1. Құқықтық норма құрамы:

  1. Гипотеза бұл тиісті норманың қандай жағдайларда əрекет ететіндігін көрсететін норманың бір бөлігі, субъектілер аясын, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды

  2. Диспозиция. бұл нақты қылмыстық іс-әрекетті анықтайтын бап бөлімі. Диспозицияның мазмұны саналуан болып келеді. Оның құрылымдық ерекшеліктеріне қарай төрт негізгі түрін ажыратады: қарапайым, суреттеуші, бланкеттік және сілтемелі. бұл құқықтар мен міндеттерді қалыптастыратын норманың бір бөлігі, жүріс-тұрыс, тəртіп ережесі

  3. Санкция қылмыстың істелгені үшін тағайындалатын жазаның түрі мен шегін анықтайтын Ерекше бөлім бабының бөлімі. Қылмыстық заң баптарында салыстырмалы анықталған, баламалы (альтернативті) және аралас санкциялар кездеседі. бұл норма бұзылған жағдайда қолданылатын мемлекеттік əсер ету шараларын белгілейтін норманың бір бөлігі

  1. Гипотезаның түрлері.

---Жалпылама гипотеза, Күрделі гипотеза, Альтернативтік гипотеза...

  1. Жалпылама диспозиция.

--- Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

  1. Айқын диспозияция.

--- Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

  1. Сілтеу диспозициясы.

--- Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды. Мысалы, ҚК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу".

  1. Жалпылама гипотеза.

--- бір ғана жағдай болғанда құқықтық норманың диспозициясы іс жүзіне асырылады немесе қолданылады...

  1. Күрделі гипотеза.

--- екі немесе бірнеше жағдайлар арқылы диспозиция қолданылады...

  1. Альтернативтік гипотеза.

  1. Абсолютті айқын санкция.

--- өзінің мәтінінде құқықтық норманы қолданудың және іс жүзіне асырылуының нақтылы жағдайлары мен шарттарын көрсетеді...

  1. Салыстырмалы айқын санкция.

--- Салыстырмалы анықталған санкцияда жазаның түрі мен шектері көрсетіледі. Мұндайда сотта жазаны жеке-даралау үшін біршама мол мүмкіндіктер болады. Оның екі түрін ажыратады: жазаның тек жоғарғы шегін ғана анықтайтын санкция және жазаның жоғарғы да, төменгі де шектерін анықтайтын санкция. Санкцияның бірінші түріне ҚК-тің 101-бабының 1-бөлімінің санкциясы мысал бола алады. Ескере кететініміз, мұндайда жазаның төменгі шегі осы жаза үшін Жалпы бөлім нормаларында анықталған мерзім немесе мөлешр болады: бас бостандығынан айыру үшін – 6 ай, бас бостандығын шектеу үшін – 1 жыл, айыппұл үшін – ҚР заңы бекіткен айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшері немесе сотталушының екі апталық жалақысының не болмаса басқа да табыстарының мөлшері.

Салыстырмалы анықталған санкциялардың екінші түріне ҚК-тің 162-, 181-, 241-баптарының санкциялары мысал бола алады.

  1. Альтернативтік санкция.

---судьяларға құқық нормада көрсетілген бірнеше жазадан субъектінің жасаған құқықтық бұзушылығының ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты таңдауға мүмкіндік береді...

  1. Құқықтық нормалардың түрлері.

---Гипотиза, диспозиция, санкция...

  1. Құқықтық нормалардың субъектісіне орай бөлінуі.

  1. Мамандандырылған құқықтық нормалар.

  1. Құқықтық норманың мазмұнына орай бөлінуі.

  1. Құқықтық норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер түрлері.

  1. Атқаратын жұмысна қарай құқықтық нормалардың бөлінуі.

  1. Құқықтық нормалардың құқық саласына орай бөлінуі.

  1. Құқықтық қатынас түсінігі, түрлері

«Құқықтық қатынас» категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады жəне адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен əсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді

Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, əр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конститу-циялық-құқықтық, əкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық жəне т.б. болып бөлінеді;

2) сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек жəне т.б) жəне іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік жəне т.б.) құқықтық қатынастар;

3) құқықтың функциялары бойынша – реттеуші жəне қорғаушы құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нор-масы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мəжбүрлеумен жəне заңды жауапкер-шілікті жүзеге асырумен байланысты болады;

4) қатысушыларының құрамына қарай–жай жəне күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);

5)субъектілерінің анықталу дəрежесіне қарай – абсолюттік жə-не қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық қатынас-тарда тек бір жақ қана – субъективтік құқықты иеленуші – анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді жəне бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;

6) жалпы жəне нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынас-тар заңды фактілердің – əрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілері-нің – нəтижесінде пайда болады.

  1. Құқықтық қатынас дегеніміз.бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық норма-ларымен реттелген қоғамдық қатынас.