Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_1201_1179_y_1179_negizderinen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
367.1 Кб
Скачать
  1. Алимент төлеу.

 

159-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау,

өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі

 1. Алимент төлеу туралы келісімді жасауға, орындауға, өзгертуге, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасауды, орындауды, өзгертуді, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады. 

 2. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге тыйым салынады. 

 3. Тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайлары елеулі түрде өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде, мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешу кезінде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы. 

  1. Бір, екі, үш және одан да көп балаларға алимент төлеу мөлшері.

Алимент(лат –ауқат, қамтамасыз ету, асырау) міндеттілігі көбіне неке бұзылғанда туады. Ол балаға тиесілі. Алимент қолма қол, пошта арқылы. Есеп аудару арқылы, т.б. жолмен төлене алады. Алимент мөлшері туралы келісім болмаса, ол соттық жолмен алынады. Заңда бекітілген жалпы мөлшері мынадай: 1) балаға алимент төлеушінің табысының ¼ мөлшері, екі балаға - 1/3, үш және одан көп болса ½ . Сот алимент мөлшерін еңбекақы немесе өзге де табыс арқылы не болмаса қатаң ақша соммасында анықтауға құқығы бар.

Келісім бойынша алимент мүлік арқылы беріле алады (пәтер, үй, жер участогі және т.б).

Ата – ана қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің төмендегідей нысандары бар:

1) асырап алу; 2) қамқорлыққа алу; 3) өгей отбасында тәрбиелеу (тәрбиелеушілерге ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады).

  1. Алимент төлеу жасы.

  1. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.

  1. Отбасы құқығының қайнар көздері.

  1. Отбасы құқығының қағидалары.

  1. Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары.

9-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары

1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет.

2. Осы Кодекстің 11-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде неке қиылмайды (ерлі-зайыпты болмайды).

10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы

1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. 

2. Мынадай дәлелді себептер болған:

1) жүкті болған;

2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.  

3. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін.

4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі.

5. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмағандардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.

11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол

берілмейтін адамдар

Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға):

1) бір жынысты адамдардың;

2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты болған) адамдардың;

3) жақын туыстардың;

4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың; 

5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.