Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_1201_1179_y_1179_negizderinen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
367.1 Кб
Скачать
  • Мемлекеттің пайда болуы туралы теологиялық теорияның түсінігі және өкілдері.

    --- Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы патриархалдық теорияның түсінігі және өкілдері.

    ---Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы патроманальдық теорияның түсінігі және өкілдері.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы күштеу теориясының түсінігі және өкілдері.

    --- Күштеу теориясы – мемлекеттік пайда болуының негізі күштеу, ереже бойынша, бір халықтың екіншісін жаулап алуымен – деп түсіндіреді. Жеңімпаз жаулап алған халықты билеу үшін, күштеп, зорлық – зомбылық жасап өзіне бағындыру үшін мемлекет құрады. Күштеу теориясы ХІХғ. Пайда болды, оның өкілі Л.Гумплович,К.Каутский , Е.Дюринг.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы шарттық теорияның түсінігі және өкілдері.

    --- Шартты теория – ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мем-лекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостан-дықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы психологиялық теорияның түсінігі және өкілдері.

    --- Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының сезімдерінің көрінісі: бағынуға мұқтаждық, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның  элитасынан байланыстылығын түсінумен, іс- әрекетті  нақты варианттарының  әділеттілігін мойындау – деп түсіндіреді. Наиболее яркими представителями Психологиялық  теорияның аса көрнекті өкілдері Л.Петражицкий және  Г.Тард болып табылады.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы органикалық теорияның түсінігі және өкілдері.

    --- Органикалық теория.   Өкілдері  Г.Спенсер, Вормс, X. Прейс – бұл тірі организмнің мүшелері арасындағы тұрақты  байланыстарға ұқсас бөлімдері арасындағы тұрақты байланысы бар организм, яғни мемлекет – биологиялық эволюцияның  бір түрі болып табылатын әлеуметтік эволюцияның жемісі деп санайды. Мемлекет биологиялық организмнің бір түрі  бола отырып, миы (басқарушылары) және оның шешімдерін орындайтын құралдары (бағынушылары) болады..

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы инцестік теорияның түсінігі және өкілдері.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы марксистік (материалистік) теорияның түсінігі және өкілдері.

    --- Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді. Материалистік теория – мемлекеттің пада болуын  әлеуметтік – экономикалық факторлармен, яғни  жеке меншіктің пайда болуымен  және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері — К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин – мемлекетті бір таптың екіншісіне үстемдігін  сақтау және қолдау мақсатында, сондай –ақ қоғамның біртұтас организм ретінде  өмір сүріп және қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында пайда болды деп санайды.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы ирригациялық теорияның түсінігі және өкілдері.

    ---  Мемлекеттің пайда болуының ирригациялық теориясы – олардың алғашқы деспотиялық нысандарының пайда болуын шығыс аграрлық  облыстардағы ірі суландырғыш құрылыстарын салу қажеттілігімен байланыстырады. Бұл теория қазіргі неміс ғалымы К-А. Виттфогелдің еңбектерінде көрініс тапты.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы диффузиялық теорияның түсінігі және өкілдері.

    Ирригациялық теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қа-наушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақ-тардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Вит-тфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы нәсілдік теорияның түсінігі және өкілдері.

    1. Мемлекеттің типологиясы түсінігі және түрлері. Мемлекетте яғни қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзінде асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдерінде орай олардың өздеріне тән типтері бойынша қалыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты.

    2. Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі.

    мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіріледі: 1. Формациялық; 2. Өркениеттік

    К.Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунисттік идеология құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемелекеттер типологиясын тек догматикалық қағида ұғымдармен түсіндіріледі.

    1. Мемлекеттерді өркениеттік, цивилизациялық критериймен бөлу.

    1. Формациялық мағынада мемлекеттің тарихи типтері.

    Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық тән құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүлдесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм- ленинизмнің саяяси- құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық- экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда- мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. Формациялық мағынада мемлекетің тарихи типтері схема жүзінде былайша көрініс береді:

    Алғашқы қауымдық құрылыс; Құл иленуші экономикалық формация; Феодалдық экономикалық формация; Буржуазиялық экономикалық формация; Социалистік экономикалық формация

    Мемлекеттің формациялық типтерінің қоғамдық- экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайы. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама- қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық- экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттік типін қалыптастырады.

    1. Мемлекет нысаны түсінігі.

    --- Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан  және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның  құрылымдық ұйымы.

    1. Басқару нысаны түсінігі, түрлері.

    --- Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын  басқару нысаны. Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және  қандай – да бір монархтың  билігін шектейтін  басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі  монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда  монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны.  Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.

    1. Мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі, түрлері.

    --- Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының  мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер  өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді. Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл  біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және  бір каналды  салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.

    Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет.Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.

    1. Саяси режим түсінігі, түрлері.

    --- Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер жиыртыгы. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты саяси режимнің екі түрін ажыратуға болады:- демократиялық және антидемократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады.

    1. Мемлекеттің нысаны дегеніміз.

    --- Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан  және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның  құрылымдық ұйымы.

    1. Мемлекеттің нысанының элементтері. басқару нысаны, саяси режим, құрылым нысаны

    2. Мемлекеттің басқару нысаны, түсінігі белгілері және түрлері. Мемл биліктің жоғ.органының құрылуымен ұжымадасуы. 2 түрі бар: монархия; республика

    3. Монархия, белгілері және оның түрлері.

    --- Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді.

    1. Президенттік Республика.

    --- Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады.

    1. Парламенттік Республика.

    --- Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с. Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін.

    1. Мемлекеттің құрылымдық нысаны, түсінігі, белгілері және түрлері.

    --- Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының  мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер  өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.

    Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл  біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және  бір каналды  салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.

    Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет.Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.

    Империялар –бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі  әр түрлі болатын  күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік – құқықтық мәртебесі  болмағандығы болып табылады.

    Конфедерациялардын империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық – құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.

    Федерация –бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда  жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық – мемлекеттік қағида бойынша  орнауы мүмкін.

    Достастық – бұл  ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері – бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

    Мемлекеттердің қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық  байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады

    1. Унитарлық мемлекет.

    --- Унитарлық – құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с.

    1. Федерация.

    --- Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с.

    1. Конфедерация.

    --- Конфедерация – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған.

    1. Унитарлық мемлекеттер.

    --- Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с.

    1. Федерациялық мемлекеттер.

    ---  АҚШ, Германия, Канада, т.с.с.

    1. Конфедерациялық мемлекеттер.

    --- Швейцарияда, Солтүстік Америка Штаты

    1. Абсолюттік монархия.

    --- Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.

    1. Дуалистік монархия.Билік теңдей екіге бөлінген

    2. Парламенттік монархия.

    Барлық билік парламент қолында үкімет алдында жауап б-і.Президент барлық мәселелерді келісіп шешеді.

    1. Аралас басқару формасы.

    1. Демократия.алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.

    Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.

    Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтын қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).

    Тікелей демократия- халықтын жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.

    Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

    1. Антидемократия. Демократияға қарсы го енди))

    2. Тоталитарлық режим.

    ---  Тоталитарлық: -күш қолданатын, үстемдік   жасайтын және жазалайтын органдарының жағдайы мен қызметі;     фашистік әскери- диктатуралық нәсілшілдік   жеке адамға табыну.

    1. Авторитарлық режим.

    Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым- дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті автори- тарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағ- дайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық- талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.

    1. Фашистік режим.

    --- Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимы бірінші орынға шығады. Бибітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын бейнелейді...

    1. Мемлекеттің функциясы.

    --- Мемлекеттің функциясы: қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекет атқаратын жұмыстары немесе бағытын айтамыз...

    1. Мемлекеттің ішкі функциясы.

    --- Қоғамның ішкі өмірін басқарады...

    1. Мемлекеттің сыртқы функциясы.

    --- Мемлекет халықаралық аренадағы негізгі қызметінің бағытын айтамыз...

    1. Экономикалық функция.

    --- Экономикалық функция ол кіріс пен шығыс бақылайды, өндіріс дамиды. Инвестицияға шақырады. экономика саласында — бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б.

    1. Әлеуметтік функция.

    --- Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.

    1. Қаржы реттеу функциясы.

    --- бюджеттің кірісі мен нысанына байланысты болады.

    1. Мәдениет бағытындағы функция.

    --- Мәдениет деңгейін көтереді.

    1. Экологиялық функция. Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы.

    қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет.

    1. Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы.

    ---Адам мен адамның құқықтарын қорғау және тәртіп дұрыстау.

    1. Ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы.

    1. Отанды қорғау функциясы.

    Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді.

    Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру функциясы.

    1. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту функциясы.Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.

    Келісімдік функция — мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.

    1. Мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру.

    1. Дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру функциясы.

    1. Құқықтық мемлекет дегеніміз. — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.

    2. Құқықтық мемлекеттің қағидалары.

    Яғни мемл. тек заң шеңберінде әрекет етеді, заңда не нақты жазылған болса сонымен жүреді.

    1. Халықаралық құқықтың түсінігі.

    --- Халықаралық құқық — бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.

    1. Халықаралық құқықтың пәні мен әдістері.

    --- Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады: а) мемлекеттер арасындағы қатынастар; б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.

    1. Халықаралық құқықтың бөлінуі.

    1. Халықаралық құқықтың субъектілері.

    --- Халықаралық құқықтың субъектісі дегеніміз – халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы құқықтар мен міндеттер бойынша халықаралық құқықтық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қатысушылар.

    Халықаралық құқықтың субъектілері төмендегідей түрлерге бөлінеді:

    - негізгі субъектілерғе мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, азаматтар (бірақ, бұл даулы мәселе) жатады;

    - туынды субъектілерғе мемлекетке ұқсас құрылымдар, еркін қалалар, халықаралық ұйымдар жатады.

    1. Халықаралық құқықтың объектілері.

    1. Халықаралық құқықтық қатынастар.

    ---Халықаралық қатынаста тұрақты және уақытша субъектілері болуы мүмкін.

    1. Халықаралық құқықтың қағидалары.

    1. Халықаралық құқықтың ұлттық құқықпен арақатынасы.

    1. Халықарылқ жеке және жария құқығы.