Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

12-дріс. ыты сана мен мінез-лы

.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
74.24 Кб
Скачать

12-дәріс. Құқықтық сана мен мінез-құлық. 2-сағат.

1. Құқықтық сана туралы түсінік, оның элементтері

3. Құқықтық санасының қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік факторлар

4. Құқықтық мінез-құлық түсінігі

1. Құқықтық сана — бұл белгілі бір қоғамдық сананың түрі, құқықтық білімнің сапалық деңгейі, оның қажеттігі мен іс-әрекеттің ішкі себептерінің қатысу түсінігі. Жоғары құқықтық санадағы адам, бір жағынан, өзінің қоғам мен адамдар алдындағы құқықтары мен міндеттерін саналы түрде сезінеді, екінші жағынан, өзі тұлға ретінде құндылықтарға лайықты ие, оларды еш бұзбайды. Өзінің құқығын білу және әркез оны қорғап отыру - құқықтық қоғам азаматының маңызды сипатын құрайды. Сондай-ақ өзгенің де құқығын мойындау және оны бұзбау да мәнді сипат болып табылады. Мұның барлығы құқықтық әлеуметтану үдерісінде қалыптасатын құқықты құрметтеу болып саналады.

Әрбір әлеуметтік топ пен индивид құқықты өзінше түсінеді, өз құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ өзгенің де құқықтары мен міндеттерін өзінше көреді. Мұндай құқық туралы түсініктердің жиынтығы құқықтық сананы құрайды. Құқықтық сана — бұл объективті өмір сүретін қоғамның, топтар мен индивидтердің әлеуметтік институтты, оның жүйесі мен құрылымын, құқықтық жүйенің жеке заңдары мен сипатын құрайтын тұтас құқыққа қатынасатын көрсететін өзара байланысты идеялар мен сезімдердің жиынтығы. Сонымен құқықтық сана индивидтер мен топтардың құқыққа, оның қолданылуы мен көрінісінің түрі жөніндегі білімдер мен түсініктер жиынтығы ретінде танылады.

Құқықтық сана қоғамның тарихи тәжірибесінің, сол сияқты әр түрлі индивидтер мен топтардың өзіндік әлеуметтік тәжірибелерінің ықпалымен қалыптасады. Құқықтық сананың қарапайым және теориялық деңгейден тұратын екі құрылымы бар. Қарапайым құқықтық сана көпшілік адамдарға тән құқықтық сана туралы бөлек-бөлек, көбіне теріс, әр түрлі наным-сенімге негізделген түсініктерден тұрады. Мұндай сана адамдардың күнделікті өмір сүру үдерісінде, олардың бір-бірімен қатынастарында, сот істеріне қатынасында, құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынаста қалыптасады. Қарапайым құқықтық санаға құқықтық нормаларға адамгершілік тұрғыдан қарау тән. Көптеген азаматтардың құқықтың әр түрлі қырлары туралы түсініктері әлсіз, өте төмен болып келеді. Кейбір маман емес кісілер белгілі бір құқықтық білімді эмперикалық жолмен (мысалы, белгілі бір құқықтық баптармен сотталған, болмаса жәбір көрген көруші мен не куә ретінде сот істеріне қатысу т.б.) игереді, алайда бұл құқықтың белгілі бір саласына ғана қатысты болып жатады да, заңдылықтың басқа қырлары жөнінде көмескі ғана түсініктер болады.

Құқықтық сананың теориялық деңгейі құқық және оның мәні мен пайда болуы, заңдылықтар мен құқықтық тәртіп, құқықтық мемлкет және заңдық жауапкершілік туралы ғылыми білімдерден тұрады. Бұл деңгейде құқықтық сана құқықтың табиғатына көзқарастың тұтас жүйесі ретінде танылады.

Әлеуметтанушылар құқықтық сананы жанды және жансызға бөледі. Жансыз құқықтық сана кітап беттерінде идеялар мен тұжырымдамалар түрінде өмір сүреді де, ал жанды құқықтық сана топтардың, ұйымдардың және индивидтердің қарым-қатынасын күнделікті өмірде реттеп отырады.

Құқықтық сананы жан-жақты зерттеу үшін әр түрлі әлеуметтік топтардың құқық пен заңдарға қатынасын қарау қажет. Мұндай әр түрлі топ ең жоғарыдан (элита) ең төменгіге (әлеуметтік түбі - люмпен-пролетариат) дейінгі қоғамның иерархиялық құрылымында белгілі орын алады. Құқықтық мәселелерде тұрғындардың жоғары жігі - кәсіпкерлер, шенеуніктер, интеллигенциялардың түсінігі көбірек болады. Олар өздерінің білім деңгейлерінің жоғарылығына байланысты құқықтық білімдар болып келеді, сондай-ақ олар өздерінің қызмет бабында құқықтық нормалармен жиі кезігіп тұрады. Бұл, әсіресе мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорын басшылары мен менеджерге, атқарушы билік органдарының қызметкерлеріне қатысты. Әлеуметтік топтардың қоғамдағы атқаратын рөліне қарай олардың құқықтық санасы қалыптасады. Мысалы, кәсіпкерлер өздеріне тиісті құқық туралы түсінігі бар топты құрайды. Көптеген менеджерлер, бизнесмендер мен әкімшілер өздерінің мамандық қызметтеріне сәйкес құқықтық дайындықты өз бетінше, түрлі курстар мен институттарда және академияларда өтеді. Нарықтық экономиканың дамуына байланысты құқықтық нормаларды білу міндетіне айналған және оны күнделікті қызметінде пайдаланатын тұтас жүйе қалыптасты. Сайлау науқанына қатысушы саясаткерлер де, сондай-ақ сайлауалды штабтардың басшылары мен активистері де белгілі құқықтық дайындықтан өтеді. Құқықтық сана құқықтың әр түрлі саласындағы білімнен басқа субъектілердің құқықтық нормаларға қатысын да қамтиды.

Құқықтық сананың компоненттеріне мыналар жатады: қоғамдық қатынастарды реттеуші ретіндегі құқық туралы білім, өзіңнің жеке құқығың мен міндеттерің жөніндегі түсінік, құқықтық құбылыстар мен құқыққа тұтастай қатынас, өзіңнің құқықтық ережелерге, қолданыстағы заңнамалар мен құқықтық белсенділіктің мүмкіндігіне баға беру.

2. Индивидтердің құқықтық санасы олардың мінез-құлқында көрініс табады. Құқықтық мінез-құлық түсінігі құқық философиясына да, әлеуметтануға да, психологияға да жататын аралық түсінік болып табылады. Өйткені оны қоғамда өмір сүретін құқықтық нормаларға қатысты тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқы деп түсінеді. Сонымен бұл түсінік нормативті мінез-құлықпен тығыз байланысты, бірақ онымен бірдей емес, өйткені құқық саласына қатысы жоқ (мысалы, адамгершілік, эстетикалық, діни) нормативті мінез-құлық та бар. Екінші жағынан, құқықтық және нормативті мінез-құлық салалары өзара қиылысады, себебі мінез-құлық қоғамдағы қолданыстағы құқықтық нормаларға сәйкес реттеледі.

Құқықтық мінез-құлықтың құрылымының күрделілігі оның анықтамасын жасағанда теориялық жағынан қиындықтар келтіреді. Осы кезге дейін мамандар бірыңғай ұстанымға келген жоқ. Қазіргі құқық әлеуметтануына арналған оқулықтардың (Современная социология права. М. 1995. С. 164-105. Юридическая социология М . 2000. С. 156-157) авторлары Кудрявцев ВН. Казимирчук В.П.пікірлеріне қарағанда, құқықтық мінез-құлық – бұл индивидуальдық және ұжымдық субъектілердің құқықтық нормаларда қарастырылған және заңдық салдары бар өздерінің санасы мен еркіне бағынышты әлеуметтік мәні бар мінез-құлқы. Бұл анықтама өзіне бар құқықтық мінез-құлыққа тиісті сипаттамаларды жинай отырып, басқа әлеуметтік мінез-құлықтан құқықтық мінез-құлықты ерекшелейді.

Құқықтық мінез-құлық — мінез-құлықтың қарама-қайшы заңды және заңсыз екі түрін қамтитын өте кең ұғым. Заңды мінез-құлыққа қоғамдағы қолданыста жүрген құқықтық мінез-құлыққа тән мінез-құлықты айтамыз. Ал заңсыз мінез-құлық керісінше, ол белгілі құқықтық нормаларға қайшы мінез-құлықтар болып табылады.

Заңды мінез-құлыққа тән құқықтық мінез-құлық үш түрге бөлінеді. Бірінші, объективті-заңды мінез-құлық. Бұл азаматтың құқықтық нормаларды сақтауды іштей терең, яғни оны қажеттілік және саналы деп шынайы түсінуімен байланысты. Ал ситуациялы-заңды мінез-құлық туралы субъект құқықтық нормаларды айтады, бірақ сеніммен істемейді, нақты жағдайға қарап істейді (мысалы, әлеуметтік бақылау күшейтілген, заңсыз мінез-құлық міндетті түрде жазаланатын жағдай, болмаса құқықтық мінез-құлық тиімдірек болғанда). Заң тыңдаушылық мінез-құлық деп азаматтың мүдделері құқықтық норма мазмұнымен сәйкес келмесе де оны сақтауын айтады.

Өз кезегінде заңсыз мінез-құлық ситуациялы-кездейсоқтық болып бөлінеді. Мұндай жағдайда заңды бұзу әдейі жасалынбай, ол әр түрлі себептермен болады, сондай-ақ ол әдейі және саналы түрде жасалады. Заңды мінез-құлықтың ерекше негізгі белгісі оның құқықтық нормалармен байланысты болуы, құқықтық реттеуге келмейтін мінез-құлық заңды деп есептелмейді. Заңды мінез-құлық ұрықсат етілген нормалармен қарастырылса, ал заңсыз мінез-құлық тыйым салынған нормаларға қатысты. Екі заңды мінез-құлықты біріктіретін жалпы белгілерге мыналарды жатқызуға болады. Бірінші, кез келген заңды мінез-құлықтың әлеуметтік мәнінің болуы. Заңды деп индивидтің экономикалық, саяси немесе азаматтық сияқты әлеуметтік мәні бар мінез-құлқын айтамыз. Мінез-құлықтың әлеуметтік мәні қоғамның әлеуметтік, саяси, идеологиялық қатынастарына, субъектінің мәртебесіне және оның мүдделерінің жүзеге асуына әсер ететін мінез-құлықта жатыр. Мінез-құлықтың әлеуметтік мәні мінез-құлықтың психологиялық себептерінің маңызды рөл атқаруына қарамай әрекет етуші субъект беріп отырған субъективті-психологиялық мәнге сәйкес келе бермеуі мүмкін. Сонымен қатар заңды деп жауапкершілігі жоғары ересек адамның саналы түрдегі мінез-құлқын айтады. Заңды мінез-құлықтың үшінші белгісі заңдық құжаттармен - заңдармен, заңдық актілермен, қаулылармен және бұйрықтармен реттелуімен байланысты. Заңдық реттеуге қатысты принцип бойынша құқықтық мінез-құлық – заңды және заңсыз мінез-құлық болып екі негізгі типке бөлінеді. Бұл белгі төртіншімен тығыз байланысты: азаматтардың заңды мінез-құлқын құқық қорғау органдары арқылы мемлекет тікелей бақылауға алып отырады. Мемлекеттің бақылауында болу және оны жүзеге асыратын арнайы тетіктерінің болуы заңды мінез-құлықтың кепілдігі және заңға қайшы мінез-құлық үшін заңдық жауапкершіліктің құқықтық негізін жасайды. Бақылауды жүзеге асырудың жүйесіне қарай заңды мінез-құлық азаматтың жеке ісі бола алмайды: мемлекет оның тіршілік әрекеті саласына араласады. Осымен байланысты заңды мінез-құлық әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа кепілдіктермен қамтамасыз етіледі, ал субъект үшін құқыққа қарсы іс-әрекет үшін қолайсыз зардаптар – теріс құқықтық санкциялар қарастырылады. Заңды мінез-құлықтың объективті және субъективті қырлары болады. Субъективті қырларға – субъектінің өзінің іс-әрекеті мен оның себептерін сезіну дәрежесі мен сипаты жатады. Объективті қырларды субъектінің іс-әрекетінің құқықтық нормаларға сәйкестігі құрайды. Заңды және заңсыз мінез-құлық құқықтық өзара іс-әрекетте және құқықтық қатынаста жүзеге асады. Бірақ олардың арасында принципті айырмашылықтар бар. Алдымен олардың әлеуметтік мәні қайшылықты. Егер заңды мінез-құлық әлеуметтік тәртіпті нығайтуға, қоғамның бірлігі мен интеграциясына ықпал етсе, заңсыздық өзінің табиғаты жағынан бұзуға ыңғайлы және бүкіл қоғамдық қатынас жүйесінің берекесін кетіреді. Бұдан басқа заңды және заңсыз мінез-құлық өздерінің құқықтық сипаттарымен де айырылады. Заңды мінез-құлық шешуші нормалар мен нормативтеріне қарай заңды делінсе, заңсыз мінез-құлық заңдық жағынан тыйым салынған және міндеттемелерді бұзғаны үшін тыйым салатын нормалар қарастырылған. Осыған байланысты бұл қарама қайшы заңды мінез-құлықтарды мемлекеттік реттеу мен бақылаудың мазмұндары да айрылады. Егер заңды мінез-құлық мадақталып жатса, заңсыздық - тиісті жазаланады.

Заңды және заңсыз мінез-құлық қоғамдық өмірдің барлық саласында көрініс табады. Адамдардың жеке қарым-қатынасы да түрлі қайшылықтарға толы, кейде олар қарама-қарсылыққа айналып жатады. Тәжірибе көрсеткеніндей, осы салада құқық бұзушылық, оның ішінде қылмыстар өте көп. Заңдылықты ынталандыра, заңсыздыққа тиісті шара қолдана отырып, қоғам мемлекет және оның құқық қорғау органдары арқылы әлеуметтік орнықтылықты, тәртіпті және жалпы мойындалған құндылықтар мен өзара іс-қимыл ережелерін қорғайды.

3. Құқықтық мінез-құлық түсінігімен құқықтық мәдениет түсінігі тығыз байланысты. Құқықтық тәрбие - бұл адамдардың саяси және құқықтық санасын, құндылықты–нормативті ұстанымды, сондай-ақ құқықтық мінез-құлықтың қалыптасуын жүзеге асыратын өзіндік әлеуметтік институт. Құқықтық мінез-құлықты мазмұнды талдау құқықтың іс-әрекет саласы мен оның адамдардың мінез-құлқы мен санадағы көрінісіне қатысты жүзеге асқан және идеалды элементтерінің жүйесі ретінде түсінуді ұсынады. Құқықтық мінез-құлықтың құрылымы нақты-әлеуметтанулық аспектіде тиісінше келесідей элементтерді қосады: нормалардың жүйесі ретіндегі мемлекеттің еркін заңдық түрде танытатын құқықты; қатысушылары өзара құқық пен міндеттері бар құқықтық қатынастарды қоғамдық қатынастардың жүйесі ретінде; құқықтық бақылауды жүзеге асыратын мемлкеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жүйесі ретінде құқықтық ұйымдарды; құқықтық мінез-құлық, іс-әрекет.

Сонымен реальды субъектінің құқықтық мінез-құлық нормалары мен құндылықтардың, құқықтың әлеуметтік тиімділіктің қол жеткен құқықтық мәдениеттің құрылымдық элементі болып саналады. Өйткені құқықтық мәдениет қоғамда нормативті бағдарлық рөл атқарады. Ол жеке дара құқықтық сананың қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, және индивидті әлеуметтік ұйымның бірыңғай жүйесіне қатыстыра отырып, әлеуметтік ортаға белсенді кірігіп кетеді. Құқықтық мәдениет қоғамдағы бар білімдер мен түсініктер негізінде әлеуметтік субъектілердің қызметін реттейтін мінез-құлықты, нормаларды, құндылықтарды, оң құқықққа қатысты стереотиптер мен ережелерді қалыптастырады. Құқықтық мәдениет пен құқықтық мінез-құлық арасындағы өзара байланыс олардың функционалдық бағытымен қарым-қатынастың, өзара әрекеттің, әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іргелі жүйесі болып табылады. Кез келген құқықтық мінез-құлық пен кез келген құқықтық мәдениет өздерінің сипаты жағынан қосвалентті: саяси және құқықтық үдерістердің субъектісінің сапасы мен мінез-құлқында байқалатын олардың оң және теріс белгілері бар. Құқықтық мәдениет адамның құқықтық мінез-құлқын қарапайым деңгейде тікелей және жанама түрде белгілейді, айқындайды. Құқықтық мәдениет азаматтар немесе қоғамдық субъектілер тобының құқықтық санасында, сондай-ақ заңды немесе заңсыз мінез-құлықтарында көрінеді. Ал құқықтық нормалардан ауытқу әр уақытта саналы іс-әрекеттің салдары бола бермеуі мүмкін, ол көбіне құқықтық хабарсыздықтан, әлеуметтік аңғалдықтан және қабілетсіздіктен де болып жатады.

Өзінің құқықтық мінез-құлқында индивид көбіне өз мүдделерін, бағдарлары мен ұстанымдарын басшылыққа алып жатады. Әр түрлі қажеттіліктердің, ұмтылыстар мен мүдделердің үйлесуі құқықтық мінез-құлық себептері негізінде жатыр.

Ғалымдар құқықтық мінез-құлықтың бірнеше себептерін ұсынады. Бұл - құқықтық нормалардың талаптарының дұрыстығы мен әділеттілігіне іштей сенім; индивидтің заңдылықты сақтауға өзіндік қажеттілігінің болуы; заңдылықты сақтауға әлеуметтік қажеттілікті сезіну; заңдылық талаптарына саналы бағыну; өзінің құқықтарын сезіну, білу; топтық мүдделерді сақтауды жете сезіну; заңдық жауапкершілктен қорқу; салт-дәстүрлерді сақтау; мемлекет пен оның талаптарына орындауға енжар ұмтылыс. Құқық нормаларын терең сеніммен жасалған іс-әрекеттер құқықтық мінез-құлықтың жоғары түрі деуге болады. Сонымен қатар адамдар өздерінің мінез-құлқында көбіне топтық пікірлерге сүйенеді. Бірақ құқықтық мінез-құлық дағдыға айналуы үшін оған индивид басынан мүдделі болуы керек. Сонда ғана құқық нормалары дағдыға айналып, іс-қимылдың көзі бола алады.

Құқықтық мінез-құлық индивидтің өз құқығын білуді, оны шеше алатын қабілетінің, өзінің құқықтық талаптарын қоя алатындай болуын талап етеді. Барлық айтылған сапалар қоғамда тәрбиеленеді, әлеуметтік өзара іс-әрекетте қалыптасады, жетілдіріледі. Оның дамуы қоғамдық қатынастардың сипатына, индивидтердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетіне ғана байланысты емес, өзі өмір сүріп бүкіл қоғамға байланысты. Тоталитарлық қоғамда нидустриалдық қоғамға дейінгідей индивидтердің бастамашылығы мен жеке жауапкершілігін аз кеңсітік қалады. Барлығын билеушінің дәстүрі мен беделі, орасан күшті құқық қорғау құрылымдары алдындағы үрей реттейді.

Қоғамдағы өзін-өзі басқару негіздері дамыған сайын заңды мінез-құлыққа күшті іштей қажеттіліктің қалыптасуы соғырлым тиімді және шапшаң болады. Сондықтан құқық бүкіл қоғамдық қатынастардың әмбебап және абсолютті реттеушісі болуы үшін құқықтық мемлекетті құру азаматтық қоғамның қалыптасуымен тығыз байланысты.

Бақылау сұрақтары

  1. Құқықтық сана туралы не білесің?

  2. Құқықтық сананың элементтері қандай?

3. Құқықтық санасының қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік факторларды аташы?

4. Құқықтық мінез-құлықты түсіндірші?

6