Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_1201_1179_y_1179_negizderinen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
367.1 Кб
Скачать
  1. Құқықбұзушылықтың белгілері.

Құқықбұзушылықтың белгілері:

- əрекет немесе əрекетсіздік;

- кінə;

- құқыққа қайшылығы;

- зиянды нəтиже;

- əрекет пен зиянды нəтиженің арасындағы себепті байланыс;

- заңды жауапкершілік.

  1. Қылмыс.

Қылмыстар – бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, əлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан кел-тірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық əрекеттердің тізімі нақты анықталған жəне олар кеңейтілген түсінуге жат-пайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.

  1. Теріс қылық.

Теріс қылықтар – əлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қара-ғанда, аз дəрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің əр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, əр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, əр түрлі шаралар көзделген.

  1. Құқық бұзушылықтың құрамы.

бұл құқықбұзушылықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті жəне жеткі-лікті белгілерінің жүйесі.

  1. Құқық бұзушылықтың субъектісі.

бұл осы əрекетті немесе əрекетсіздікті жасаған құқықəрекетқабілетті жеке тұлға немесе əлеуметтік ұйым.

  1. Құқық бұзушылықтың объектісі.

– бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік жəне тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғам-дық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік жəне т.б. жатады.

  1. Құқық бұзушылықтың объективтік жағы.

бұл осы құқық-бұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) əрекет немесе əрекетсіздік; ə) құқыққа қай-шылық; б) зиянды нəтиже; в) əрекет (əрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

  1. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы.

бұл тұлғаның өз əрекетіне жəне оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінə табылады. Кінə дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы əрекетіне психологиялық қатынасы.

  1. Теріс қылық түрлері. 3

  2. Әкімшілік теріс қылық.

Əкімшілік – бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тəртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласын-дағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Əкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) жəне əкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.

  1. Тәртіптік теріс қылық.

Тəртіптік – бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асыры-латын, кəсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тəртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тəртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, əскерилер үшін – Тəртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін – арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кəсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның əкімшілігі жүзеге асырады.

  1. Азаматтық теріс қылық.

Азаматтық – бұл мүліктік жəне жеке мүліктік емес қаты-настар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндет-темелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мəліметтерді таратуды жəне т.б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мəжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мəжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар жəне басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.