Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
3
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
238.08 Кб
Скачать

Қорытынды

Аймақ экономикасын басқару мәселелерін қарастыру нәтижесінде төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

Егер үкімет макроэкономикалық саясатты жүргізуде аймақтық ерекшеліктерге баса назар аудармаса, жүргізілетін аймақтық экономикалық саясаты айтарлықтай табысты болмайды.

Аймақтар экономикасын басқарудың маңызды міндеттерінің бірі жеке аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін аймақтардың экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке аймақтардың дамуының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру үлкен мәнге ие болмақ.

Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық міндеттер – бұл экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру, жекелеген аймақтарды дағдарыстық жағдайдан шығару, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, экономиканы тұрақтандыру, аймақаралық көлік жүйесін дамыту, экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу.

Аймақтардағы бақару жүйесін өзін-өзі басқарушы өндірістік бірліктерді құру жолымен өндірісті дамыту арқылы жетілдіру қажет. Бұл мәселені шешу үшін бюджетаралық қатынастар жетілдірілуі тиіс.

Аймақтар арасындағы теңсіздіктің өсуі мен экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелердің тереңдеуіне байланысты аймақтардың біразы және республикалық бағыныстағы қалаларға ғана экономикалық өсу мен даму мүмкіндігіне ие. Олардың көбі инвестицияны талап етеді. Сондықтан мемлекет өзінің барлық қуатын проблемалы аймақтарға көмек көрсетуге бағыттап, барлық аймақтардың даму мәселелерін шешіп, және бір уақытта әрбір аймақ үшін артықшылықты, әрі тиімді болатын жеке бағдарламаларды әзірлеуі қажет.

Қорыта келгенде, аймақтардың экономикасын басқаруды жетілдіру үшін:

1. Орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру керек.

2. Аймақтарға көмек көрсетудің негізгі қағидалары келесілер болуы тиіс: жалпы республикалық еңбек бөлінісіндегі аймақтардың перспективала-ры мен орнын анықтау, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасайтын шаруашылық құрылымын құруға орталықтанған қаржылық құрылымдарды бағыттау.

3. Мемлекеттік басқару органдарынан жергілікті орандарға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды беру кезінде оларды қаржыландыру көлемі азаймауы тиіс.

4. Бюджетті әзірлеу барлық облыстар мен аймақтардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуы керек.

Ең негізгі бағыт – орталық пен аймақ арасындағы қаржылық-экономикалық өзара қатынас жасаудық оңтайлы моделін табу.

Демек, қалыптасып отырған келеңсіз үрдістердің шешімін табуына тиімді аймақтық саясатты жүзеге асыру септігін тигізеді. Осы ретте аймақтық дамуды теңестіру саясаты аймақтардың өздерінің экономикалық дамуына стимул жасау, бәсекеге төтеп бере алатын салалардағы өндіріс орындарын құру мен дамыту бойынша аймақаралық жобаларды жүзег асыру, аймақтар мен аудандарды бар әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді пайдалану, бюджетаралық қатынастарды жетілдіре түсу және аймақтардың бюджетін қалыптастыру мен шығындау мақсатында жергілікті билік органдарының кең экономикалық бостандықтарын қалыптастыру жолымен жүзеге асырылуы тиіс.

Соседние файлы в папке 77728