Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
3
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
238.08 Кб
Скачать

2 Қазақстан аймақтарының дамуындағы негізгі үрдістер

2.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы

Соңғы жылдардағы еліміздің барлық аймақтарындағы экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы, сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге қолдау көрсетудің және аймақтық деңгейдегі жүргізіліп отырған кешенді шаралары септігін тигізді. Және осы қалыптасқан үрдіс 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы күшейе түсті. Бұған мына мәліметтер дәлел бола алады: өнеркәсіптік өндіру көлемінің республика бойынша орташа деңгейі 108% құрады және бұл 11 аймақта одан да жоғары болды, мәселен бұл көрсеткіш ел облыстары Қызылордада (118,7%), Ақтөбеде (118,6%), Ақмолада (117,2%), Алматыда (115,9%), Жамбылда (114,2%), Павлодарда (113,5%), Қостанайда (113,5%), Батыс Қазақстанда (110,1%), Оңтүстік Қазақстанда (109,8%), және Астанада (111,5%), мен Алматы (115,3%) қалаларында құрады.

Ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, 2003 жылғы бағалау бойынша тұтастай республикада ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің көлемі ағымдағы бағамен 606,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылғы тиісті кезеңдегіден 1,4%-ға артық.

2003 жылы жалпы аймақтық өнім халықтың жан басына шаққанда 266,9 мың теңгені құрады, оның ең үлкен көлемі Атырау (1099,4 мың теңге), Маңғыстау (566,5 мың теңге) облыстарында және Алматы (625,7 мың теңге) мен Астана (510,6 мың теңге) қалаларында байқалады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2002 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға артқан. Инвестицияның өсуі республиканың 13 аймағында байқалып отыр. Осы келтірілген деректер аймақтар экономикасын дамытуға қатысты іске асырылған шаралардың бірқатар оң нәтижеге жеткізгендігіне дәлел болады. Дегенмен, шешімі табылмаған, жақын мерзімде шешілуі қажет мәселелер әлі де болса жеткілікті. Республикамыздың кең байтақ аумағы мен оның әрбір аймағының өзіндік ерекшеліктері, олардың экономикалық әлеуеті, республикалық еңбек бөлінісіндегі орны, әлеуметтік-эконоимкалық даму деңгейі нарықтық қатынастарға өткелі бері жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінің әркелкі болуын тудырды. Қазіргі кезңедегі Қазақстан аймақтарының әкімшілік-аумақтық құрылымы мен негізгі сипаттамаларын келесі кесте (2-кесте) деректерімен бейнелеуге болады.

Осы кесте мәліметтерінен байқалып отырғанындай, республика аймақтары негізгі көрсеткіштері (аумағы, халқы, олардың орналасу тығыздығы, барлық халық санындағы облыс халқының үлесі және т.б.) бойынша да бір бірінен а йтарлықтай ерекшеленеді. Сондай-ақ, әрбір аймақтың өзінің маманданған саласы бар.

Жалпы аймақтық өнімнің өнімнің салалық құрылымына талдау жасау аймақтар боыйнша мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді.

Жоғарыдағыдағы кестеде көрсетілгендей, аграрлық сектор Солтүстік Қазақстан (36,2%), Ақмола (31,3%), Алматы (24,6%), Қостанай (22,5%), Жамбыл (20,8%) және Оңтүстік Қазақстан (17,1%) облыстарының экономикасында елеулі роль атқарады. Өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған аймақтар қатарына Маңғыстау (64,5%), Қарағанды (53,3%), Қызылорда (48,1%), Павлодар (47,4%), Атырау (44,8%), Ақтөбе (41,9%), және Шығыс Қазақстан (40,5%) облыстарын кіргізуге болады. Құрылыс жұмыстарының көлемі Астана қаласында (16,7%), Батыс Қазақстан (16,3%), Атырау (14,2%), Қызылорда (12,7%), Жамбыл (8,9%) және Ақтөбе (8,2%) облыстарында республикалық деңгейден асып түскенін кесте деректері көрсетіп отыр.

Соседние файлы в папке 77728