Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
3
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
238.08 Кб
Скачать

2.2 Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі мен мәселелері

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік стратегиясының мақсаты – шикізат бағытынан біртіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға ө ту үшін жағдай жасау болып табылады. Мұндай стратегияның қабылдануына әлемдегі экономикалық даму қарқыны негіз болып отыр. Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялар сияқты институттардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп келуі дамушы елдерге инновациялық игіліктерді игеруге түрткі болды. Өйткені, әлемдегі шеткері жатқан дамушы елдер шикізат жеткізуші қызметін атқарып, ал аталмыш мемлекеттердің оны өңдеп, оларға қайта сату үрдісі болашақта шикізатқа бағытталған мемлекеттердің әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайларға тәуелді болып қалу қаупін тудыруда.

2015 ж. дейінгі Қазақстан экономикасының Индустриалды – инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес экономиканың шикізаттық емес секторындағы, әсіресе өндіру өнеркәсібіндегі жаңғырту жолында туындайтын бірінші және басты қиындық – бұл негізгі капиталдағы инвестициялардың тапшылығы.

Қазақстан экономикасындағы инвестициялық ресурстар аз әрі көп, сондықтан капитал рыногындағы жағдайды қысқаша түрде «молшылық кезіндегі тапшылық» деп сипаттауға болады. Ішкі жалпы көлемдегі қорлар кез келген елдегі инвестициялық ресурстардың негізгі көзі болып табылатындығы белгілі. Қазақстанда олардың мөлшері әзірше ІЖӨ 24 % артпайды, бұл - әлемдік рыноктың қолайлы конъюнктурасында. Оңтүстік Шығыс азия елдеріндегі экономиканың жедел өсуі үшін бөлінген қорлардың мөлшері ІЖӨ 32 – ден 47 % дейін жетеді. Егер теңгерімді экономикада қорлардың мөлшері жинақтардың мөлшеріне тең болуы керек болса, бірқалыпты жеделдетілген қарқын болғанда да, яғни 5 – 6 % болғанда, бұның экономика өсуін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екендігі өзінен - өзі түсінікті де. Елде қорлардың мөлшері ІЖӨ 33 – 35 % шегіндегі болуы керек.

Мәселенің барлығы кірістердің негізінен шикізатты экспорттау секторынан табылатындығында болып тұр, ал ол шетелдік компаниялардың қолында, сондықтан осы кірістердің көп бөлігі шетелде қалады немесе салықтарды төлегеннен кейін сол жаққа алып кетіледі, оның үстіне заңға сәйкес: олардың Үкіметпен жасаған келісім – шарттарының талаптарына сәйкес.

Бірақ шикізат секторының кірістеріне әртүрлі жеңілдіктер мен преференциялар беру арқылы, трансфертті және демпингті экспорт бағаларын қолдана отырып, ҚҚС кері қайтару есебімен роялти төлеумен, т.б. қатар салықтар салынады. Оның үстіне Қазақстан аз мөлшерде жол берілмейтін ренталы төлемдерді бюджетке алады. Мысалы, мұнай компанияларының үстеме пайдасына 24% ставкалы салық салынады, ал көптеген елдерде 80 % дейін, ал жекелеген елдерді үстеме пайданың тіпті 90% дейін мемлекеттік бюджеттің пайдасына алынады. Шынында, шикізат секторының кірістерінің бір бөлігі негізгі капиталдың инвестицияларына, бірақ негізінен тура сол шикізат секторын дамытуға түрлендіріледі.

Шикізат секторында жұмыс істейтін компаниялар шикізаттық емес сектордың дамуы үшін негізгі капитал инвестицияларына өз кірістерінің бір бөлігін болса да түрлендірмейді, себебі олар бұған мүдделі емес. Қазақстандық өндіруші сектор оларды кіріс алудың көзі ретінде қызықтырмайды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат қорына бай кейбір елдер осы сектор арқылы едәуір табысқа ие болады да, өнеркәсіптің жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Дегенмен, шикізат қоры бір кездері сарқылатындықтан да, тұрақты даму тұрғысынан алғанда шикізатты ел елеулі проблемаларға тап келеді. Бастапқыда шикізаттық мемлекеттер саналатын Латын Америкасындағы Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері инновациялық саясатты қолдану, яғни сервистік-технологиялық экономикаға өту арқылы өркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді.

Жалпы алғанда, жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыраты әлемдік экономикадағы басым үрдістерді төмендегідей тұрғыда жіктеуге болады:

  • дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистік-технологиялық экономикаға өту;

  • ғаламдану;

  • экономиканы ырықтандыру;

  • ғаламдық бәсекенің артуы және аймақтық ықпалдасу.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде экономикасы дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистік технологиялық экономикаға өтті. Бұл елдерде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) үлкен бөлігі қызмет көрсету секторында қалыптасты. Мұндай қызметтердің айқын байқалатын ғылыми және иновациялық негізі бар.

Елдің Индустриялық-иновациялық даму бағдарламасында дүниежүзілік экономиканың ғаламдану аясында Қазақстан экономикасының дамуында орын алған бірқатар проблемалар көрсетілген, олардың негізгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады: Қазақстан экономикасының біржақты шикізат бағыттылығы; әлемдік экономикаға ықпалдасуының әлсіздігі; ел ішіндегі салааралық және аймақаралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы; ішкі нарықта тауарлармен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы; кәсіпорындардың жалпы технкалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы; ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми зерттеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі және т.б. Сонымен қатар бағдарламада экономиканың үрдістерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру проблемаларда қарастырылған.

Бұл стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайды дайындау. Алға қойған міндеттердің кейбірін атап өтсек; олар, өңдеуші өнеркәсіпте жылдық орташа өсу қарқынын 8-8,4 пайыз көлемінде қамтамасыз ету; еңбек өнімділігін 2015ж. 2000 ж-мен салыстырғанда кемінде 3 есеге өсіру және ІЖӨ -нің энергиялық қамтымдылығын екі есеге азайту.

Стратегияны жүзеге асыру үшін инвестиция түріндегі шығынның көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде, мемлекеттік шығын жылына 260 млн. АҚШ доллары мөлшерінде болады деп болжамдалуда.

Индустриялық стратегияның негізгі міндеттерінің бірі – аймақтық және халықаралық ауқымдағы еліміздің бәсекелестік артықшылығын анықтау болып табылады. Үкімет трансұлттық компаниялармен, шетелдік және ірі Қазақстандық компаниялармен бірлескен инвестициялық жобларды жүзег асыру жөніндегі ынтымақтастықтың белсенділігін арттыруда. Ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдегі жетекші компаниялар «Майкрософт», «Хьюлетт-Паккард», «Сименс», «Циско» және басқалармен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұдан басқа машина жасау мен металлургияда ірі жобаларды жүзеге асыру жөнінде шарлар қабылдануда. Мәселен, «Қазақстан-КАМАЗ» автомобиль консорциумы құрылды, оның баты мақсаты - өз елімізде автомобиль және трактор жасауды дамыту.

Таяу жылдары ұлттық көлемдегі үш технопарк құру қарастырылып отыр: ақпараттық технологиялар паркі, биотехнологиялық парк, мұнай-химиялық парк. Ұлттық деңгейдегі технопаркерге қарағанда аймақтық технопарктерді жасаудың мақсаты – республиканың жеке аймақтарының экономикасын инновациялық тұрғыдан дамыту болып табылады. Қазірігі кезде үш аймақта: Қарағанды, Орал және Алматыда технопарктер ұйымдастыру жөнінде белсенді жұмсытар істелуде.

Қазақстанда шығарылатын көмрісутегі шикізаты мен табиғи газдың түгелдей дерлік көлемінің өңделместен экспортқа шығарылуы өнеркәсіптің мұнай-химия саласын даму жағынан артта қалдырып келеді. Болашақта осы шикізат қуаттарын өңдейтін өнеркәсіп саласы өркендеп, оның дамуына сырттан инвестицяи тарту үшін қолайлы жағдай туғызылмақ. Осыған байланысты 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай-химия саласында іске қосылған жаңа өндірістік нысандар бес жылға дейін корпоративтік табыс салығынан босатылды.

Сонымен Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес еліміздің бірқатар аймақтарында біраз нақты істер мен шаралар жүзеге асырылып жатыр. Алдағы кезеңде негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа бағытталған дамытуға және құруға бағытталады.

Соседние файлы в папке 77728