- •Жоспары
- •1 Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың рөлі
- •1.1 Экономиканы реттеудегі аймақтық саясат ерекшеліктері мен маңызы
- •1.2 Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәсе-лелері
- •2 Қазақстан аймақтарының дамуындағы негізгі үрдістер
- •2.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы
- •Қазақстан аймақтарының негізгі сипаттамалары
- •2003 Жылғы Жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымы, пайызбен
- •2.2 Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі мен мәселелері
- •3 Аймақтық мәселелер және оларды шешу жолдары
- •3.1 Аймақтың қаржы ресурстарын қалыптастыру және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру
- •3.2 Аймақтық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспары
Кіріспе.............................................................................................................3
Негізгі бөлім:
1 Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың рөлі.............4
1.1 Экономиканы реттеудегі аймақтық саясат ерекшеліктері мен маңызы ....4
1.2 Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәселелері.....7
2 Қазақстан аймақтарының дамуындағы негізгі үрдістер...........................11
2.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы.........................................................11
2.2 Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі мен мәселелері
.........................................................................................................................15
3 Аймақтық мәселелер және оларды шешу жолдары.................................…..18
3.1 Аймақтың қаржы ресурстарын қалыптастыру және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру.................................................................................18
3.2 Аймақтық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары..............................21
Қорытынды.....................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................26
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тиімді аймақтық саясат мемлекеттің кешенді дамуы үшін өзекті мағынаға ие, өйткені аймақтардың даму деңгейі тұтас алғанда ел дамуының деңгейін анықтайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастыру ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Сол себепті, аймақ ерекшеліктеріне байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару ерекше роль атқарады. Барлық мемлекет үшін толық шешімін таппаған басты мәселелердің бірі. Себебі, барлық мемлекеттер қолдану үшін тиімді болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы моделін жасақтауы тиіс. Тиімді мемлекеттік басқару үлгісін қалыптастыру өз еліміздің ерекшеліктерін және өзге мемлекеттердің даму тәжірбиелерін талдап, тиімді жақтарын алуды керек етеді.
Қазіргі таңда негізгі шаруашылық қызметтердің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты, бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміздің аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырлуда.
Аймақтың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – аймақтардың тұрақты экономимкалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономимкасының өркендеуіне жол ашу, мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Курстық жұмысымның мақсаты – аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің әдіс-тәсілдерін, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін, аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктерін бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелерін қарастыру болып табылады.
